YouVersion Logo
Search Icon

Жохан 20

20
Мәсіх қайта тірілді!
1Жексенбі күні#20:1 Немесе: Аптаның бірінші күні. әлі қараңғы болған кезде мағдалалық Мәриям (жартастан үңгіп жасалған) қабірге келді. Сонда ол қабірдің аузын бекіткен дәу қақпақ тастың орнынан алынып тасталғанын көрді.#20:1 19:41; 11:38; Мат 27:60. 2Содан Мәриям Шимон Петірге және Исаның жақсы көрген шәкіртіне#20:2 Яғни Шимон Петір мен Жоханға (19:26). жүгіріп барып, оларға: «Біреулер Мырзамызды қабірден алып кетіпті! Оны қай жерге қойғанын білмейміз!»#20:2 Мағдалалық Мәрияммен бірге басқа әйелдер де қабірге барып, оның бос қалғанын көрген еді (Лұқ 24:1). — деді.
3Петір мен әлгі шәкірт дереу қаладан шығып, қабірге қарай беттеді. 4Екеуі бірге жүгіре жөнелді, бірақ сол шәкірт Петірден жылдамырақ жүгіріп, үңгірдегі қабірге алдымен жетті. 5Ол еңкейіп қарап, бәтес орауыштың#20:5 Яки: асыл кенеп кебіннің (19:40). жатқанын көрді, бірақ қабірдің ішіне кірмеді. 6Сол сәтте оның соңын ала Шимон Петір де келіп, қабірге кірді. 7Ол да бәтес орауыш пен Исаның беті бүркелген сүлгінің жатқанын көрді. Сүлгі бәтес орауышпен бірге емес, бүктелген күйі бөлек жатыр екен. 8Сонда бірінші болып келген әлгі шәкірт#20:8 Жохан елші (20:2). те қабірге кірді. Ол да соны көріп, Исаның тірілгеніне сенді. 9Сол кезде олар Исаның Киелі жазбаларға сай өлімнен қайта тірілуге тиіс екендігін#20:9 Иш 53:9,11; Жыр 15:8-11; Елш 2:24-32. әлі де түсінбейтін.
10Содан кейін екі шәкірт өздері тұрып жатқан үйге қайта оралды.
Қайта тірілген Мәсіхтің мағдалалық Мәриямға көрінуі
11Ал Мәриям үңгірдің алдында жылап тұрды. Жылап тұрған ол қабірдің ішіне еңкейіп қарағанда, 12ақ киімді екі періштенің отырғанын көрді. Біреуі Исаның мәйіті қойылған жердің бас жағында, екіншісі аяқ жағында отыр екен. 13Періштелер Мәриямға:
— Қарындас, неге жылап тұрсың? — деп тіл қатты. Ол:
— Біреулер Мырзамды алып кетіпті! Оны қай жерге қойғанын білмеймін, — деді.
14Мәриям осыны айтқаннан кейін артына бұрылып, Исаның тұрғанын көрді, бірақ Оны танымады. 15Иса:
— Қарындас, неге жылап тұрсың? Кімді іздеп жүрсің? — деп сұрады. Мәриям Оны бағбан екен деп ойлап:
— Мырза, Оны әкеткен Сіз болсаңыз, қайда қойғаныңызды айтыңызшы. Мен Оны сол жерден алып кетейін, — деді. 16Сонда Иса оған:
— Мәриям! — деп үн қатты. Мәриям Исаға бұрылып:
— Раббуни! — деді. Бұл сөз «Ұстаз!» деп аударылады. 17Иса оған:
— Маған жармаспа,#20:17 Яки: Маған қолыңды тигізбе (20:27; Мат 28:7,9; Лұқ 10:4). себебі Мен әлі де Әкеме көтерілген жоқпын. Одан да бауырластарыма#20:17 Жыр 21:2;3 Мат 12:50; 28:10; Рим 8:29. барып, оларға Менің Әкеме, яғни сендердің де Әкелеріңе, өз Құдайыма, яғни сендердің де Құдайларыңа, көтеріліп кететінімді айт! — деп тапсырды.
18Мағдалалық Мәриям шәкірттерге барып, өзінің Иемізді көргенін және Оның осы айтқандарын жеткізді.
Мәсіхтің шәкірттеріне келіп, Ұлы аманатты тапсыруы
19Сол жексенбі күнінің кешінде Исаның шәкірттері жиналып, яһуди басшыларынан қорыққаннан#20:19 16:2; 19:38. есіктерді бекітіп алған еді. Кенеттен кіріп келген Иса орталарына тұра қалып: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын!»#20:19 Яки: «Ассалаумағалайкүм!» (21,26-аяттарда да солай; 14:27; Рут 2:4) — деп батасын берді. 20Осыны айтқаннан кейін Иса оларға екі қолы мен бүйірін көрсетті.#20:20 Иса қолдары мен бүйіріндегі тыртықтарын көрсетіп, Өзінің шегеленіп өліп, қайта тірілген Мәсіх екендігін дәлелдеді (19:23-24; 20:25-27; Лұқ 24:39-40). Шәкірттері Иелері Мәсіхті көріп қатты қуанды.
21Иса оларға тағы да: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді. — Әкемнің Өзімді осы дүниеге жібергені сияқты, Мен де сендерді адамдарға жіберемін».#20:21 17:18.22Осылай дегеннен кейін Иса шәкірттерінің бетіне демін үрлеп: «Киелі Рухты қабыл алыңдар! 23Кімнің күнәларын кешсеңдер, солар кешіріледі, ал кімнің күнәларын кешпесеңдер, солар кешірілмейді»,#20:23 Егер сенушілер Құдайдың Киелі Рухының жетелеуіне толықтай мойынсұнса, шешімдері Оның еркіне сай болады (14:17; 16:13; Мат 16:19; 18:18). — деді.
Күмәнданған Томаның Мәсіхті көріп, Оның тірілгеніне сенуі
24Исаның он екі шәкіртінің бірі, Сыңарлас деп те аталған Тома, Иса оларға келген кезде араларында жоқ еді. 25Басқа шәкірттер оған:
— Біз Иемізді көрдік, — дегенде, Тома:
— Мен Оның қолдарынан шегелердің орнын көрмесем, саусағыммен шегелердің орнын сипап, бүйіріндегі тыртығын қолыммен ұстамасам, Оның тірілгеніне еш сенбеймін, — деп жауап берді.
26Бір аптадан кейін Исаның шәкірттері тағы сол үйге жиналды, олармен бірге Тома да болды. Есік бекітілген еді, бірақ Иса кіріп келіп, орталарына тұра қалды да:
— Сендерге амандық пен тыныштық болсын! — деді. 27Содан кейін Томаға: — Менің қолыма саусақтарыңды тигізіп қара, алақаныңды бүйіріме қой және сенімсіз болмай, сенетін бол! — деді. 28Тома Оған:
— Ием менің, Құдайым менің! — деп мойынсұнды. 29Иса:
— Тома, сен Мені көргендіктен Маған сеніп тұрсың. Ал Мені көрмесе де сенетіндер бақытты!#20:29 Яки: сенетіндерді Құдай жарылқайды (Мат 5:3; 13:16; 16:17). — деп жауап берді.
30Иса шәкірттерінің көз алдында осы кітапта жазылмаған басқа да көптеген кереметтер істеді. 31Ал жазылғандары Исаның Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың рухани Ұлы#20:31 1:14,18,49; 11:27. екендігіне сендер сенсін, әрі сенімдерің арқылы Онымен тығыз байланыста тұрып,#20:31 Яки: Оның есімінің құдіретімен (17:11). шынайы өмірге ие болсын деген мақсатпен жазылған.

Currently Selected:

Жохан 20: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in