YouVersion Logo
Search Icon

Лұқа 2

2
Құтқарушы Исаның дүниеге келуі
1Сол күндері Рим патшасы Август#2:1 Цезарь Август Октавиан б.з.б. 31 жылдан б.з. 14 жылына дейін Рим империясының императоры (патшасы) болған. жер жүзінің барлық тұрғындарына салық төлеу үшін тізімге тіркелуге жарлық шығарды. 2Бұл Сирия өлкесін Кирини басқарған замандағы алғашқы халық санағы болатын. 3Сонда әркім тізімге тіркелу үшін өзінің атамекеніне#2:3 Немесе: өз қаласына (2:4). барды.
4Жүсіп те Ғалилеядағы Назарет қаласынан#2:4 1:26-27; 2:39. жолға шығып, Дәуіт патшаның туған қаласына, Яһудея аймағындағы Бетлехемге,#2:4 Пат1 16:1,11-13; 17:12; 20:6. тізімге тіркелуге барды. Себебі Жүсіп Дәуіттің әулеті мен руынан шыққан еді. 5Аяғы ауыр әйелі#2:5 Яки: қалыңдығы. (Сол замандағы дәстүр бойынша Жүсіпке айттырылған Мәриям оның әйелі деп саналды. Бірақ олар әлі де үйлену тойларын өткізбеген, бір-бірімен жақындаспаған болатын: Мат 1:25.) Мәриям оған еріп жүрді. 6Олар Бетлехемде болғанда Мәриямның босанатын уақыты жетіп, 7тұңғыш Ұлын тапты. Оны құндақтап, қорадағы шөп салатын ақырға жатқызды. Себебі қонақүйде оларға орын болмады.
Малшыларға жеткізілген Ізгі хабар
8Сол өңірде малшылар жүретін. Олар далада түнеп, малдарын күзетіп жатты. 9Кенеттен қастарына Жаратқан Иенің періштесі келіп, төңіректеріне Иеміздің нұрлы салтанаты#2:9 9:29; Мыс 40:34-35; Леу 9:23; Шеж2 7:1-3; Езк 1:28. сәулесін төгіп жіберді. Малшылар зәрелері ұша қорықты. 10Ал періште оларға тіл қатып: «Қорықпаңдар! Мен сендерге үлкен қуаныш жариялаймын, ол қуаныш барлық халыққа да ортақ: 11бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол — Иеміз Мәсіх!#2:11 Мәсіх: май жағу рәсімінен өткен, Құдай ежелде жіберуге уәде еткен Құтқарушы және Патша (2:26; 9:20; Жох 20:31; Түсіндірмені де қараңыз). 12Мұның сендер үшін белгісі мынау: сендер ақырда#2:12 Яки: (малға шөп салатын) оттықта (2:7). құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер», — деді.
13Кенеттен періштенің қасына көктегі періштелердің үлкен бір тобы қосылып, Құдайды былай деп дәріптеді:
14«Заңғар көкте Құдай мадақталсын!
Жер жүзінде Өзі риза болған
Адамдарға тыныштық болсын!»#2:14 Немесе: «Заңғар биіктікте Құдайға құрмет, жер үстінде амандық пен тыныштық, адамдарға ізгілік!» (19:38; Жыр 148:1; Иш 9:6-7)
15Бұдан кейін періштелер көкке көтеріліп, малшылардың қасынан алыстап кетті. Ал малшылар өзара сөйлесіп: «Кәне, Бетлехемге барайық! Сол жерде не болғанын, Жаратқан Иенің бізге білдіргенін көрейік», — деді.
16Олар тездетіп барып, Мәриям мен Жүсіпті және ақырда жатқан Нәрестені тапты. 17Оны көрген соң, малшылар осы Сәби туралы алған хабарды сол жердегілерге айтып берді. 18Мұны естігендердің бәрі малшылардың әңгімесіне қайран қалысты. 19Ал Мәриям осы сөздердің барлығын көңіліне түйіп, есіне сақтады. 20Малшылардың көріп-естігендері түгелдей періштенің айтқанындай болған соң, олар Құдайды даңқтап, дәріптеп-мадақтап, қайтып кетті.
21Сегіз күн өткеннен кейін Нәрестені сүндеттейтін мезгіл жеткенде, Оның атын Иса деп қойды. Шешесі құрсақ көтермес бұрын періште оған осы есімді айтқан еді.#2:21 1:21.
Қарт пайғамбарлар Шимон мен Аннаның Құтқарушыны тануы
22Мұса пайғамбар арқылы берілген Таурат заңына#2:22 Таурат заңы: Жаратқан Ие ежелде Мұса пайғамбар арқылы Исраил халқына тапсырған өсиеттер мен ережелердің жинағы (Мыс 20:1-17; 21:1; Заң 1:3,5; 4:1-2). сәйкес тазару кезеңі#2:22 Ұл бала туғаннан кейінгі қырық күн. Осы кезең біткенде Иерусалимдегі ғибадатханада арнайы рәсім атқарылатын (Леу 12:2-4,6-7). біткенде, әке-шешесі Исаны Жаратқан Иенің алдына апару рәсімін орындау үшін Иерусалимге алып келді. 23Себебі Жаратқан Ие тапсырған Таурат заңында мынадай ереже жазылған: «Құрсақтан шыққан әрбір тұңғыш ұл бала Жаратқан Иеге бағышталсын!»#2:23 Мыс 13:2,12-13. 24Әке-шешесі Таурат заңында тағы айтылғандай, «екі орман кептерін немесе екі жас көгершінді»#2:24 Леу 12:6-8. құрбан етпекші де болды.
25Сол кезде Иерусалимде Шимон есімді кісі тұратын. Ол Исраил елінің көрген азабынан құтқарылуын аңсап күтіп келген#2:25 Яки: Құдайдың Исраилді жұбатып жаудың билігінен азат етуін күтіп келген (1:68; 2:38). әділ, Құдайды қастерлейтін жан еді. Киелі Рух оған қонған болатын.#2:25 1:35; Мыс 31:3; Бил 3:10; Пат1 10:6,10; 16:13; Пат2 23:2. 26«Жаратқан Ие жіберген Құтқарушы Мәсіхті көрмей тұрып өлмейсің», — деп Киелі Рух Шимонға алдын ала айтқан еді.
27Енді Шимон Киелі Рухтың жетелеуімен ғибадатханаға барды. Таурат заңына сәйкес рәсімдерді атқару үшін әке-шешесі Сәбиі Исаны ғибадатханаға әкелгенде, 28Шимон Оны қолына алып, Құдайды былай деп мадақтады:
29«Уа, Әлемнің Әміршісі, сонымен Сен енді,
Өзің алдын ала айтқандай, мендей пендеңді
Тыныштықпен о дүниеге аттандырасың.#2:29 Демек, Сен алдын ала уәде еткендей өз пендең — Мені жақсылықпен қызметімнен босатасың.
30-32Сен бар ұлттар алдында дайындаған құтқаруың#2:30-32 Немесе: Сен күллі ұлттар үшін жіберген Құтқарушың (Иш 49:6; 51:5-6; 52:10).
Саған бағынбаған ұлттардың көзін ашатын,
Әрі халқың Исраилдің даңқын шығаратын
«Нұрыңды» мен қазір өз көзіммен көріп тұрмын!»#2:30-32 1:79; Иш 49:6.
33Жүсіп те, Нәрестенің шешесі Мәриям да Иса туралы айтылғандарға қайран қалды. 34Шимон оларға батасын беріп, Мәриямға былай деді: «Осы Бала Исраилдегі көп адамдардың сүрініп, құлауына,#2:34 Иш 8:14-15; Ош 14:9; Мат 21:42-44. ал басқалардың жоғарылауына#2:34 Елш 2:36-41; 6:7; 9:17-20. себепші болады. Ол Құдайдың еркін білдіріп, көбі Оған қарсы шығады. 35Сонда жүрек түкпірлеріндегі ой-ниеттері білініп қалады. Ал, Мәриям, сенің жаның жүрегіңді қылышпен тілгілегендей қатты ауыратын болады».#2:35 Жох 19:25,34.
36Осы жерде Ашир руынан шыққан Фануел қызы Анна пайғамбар да бар еді. Ол кезінде күйеуге шығып, онымен жеті жыл отасқан, ал енді жасы ұлғайған қарт адам болатын. 37Сексен төрт жастағы жесір әйел ораза тұтып, күні-түні Құдайға сиынып қызмет етіп, ғибадатханадан шықпайтын. 38Бұл кісі де сол сәтте-ақ келіп, Жаратқан Иені мадақтады. Содан ол Иерусалим қаласының құтқарылуын#2:38 Яғни Иерусалим қаласының құны төленіп (Құдайға мойынсұнбайтындардың үстемдігінен) азат етілуін (1:68; 2:25; 24:21; Иш 40:1-2,9; 52:8-10). аңсап күтіп жүргендердің барлығына осы Нәресте туралы хабарды жеткізді.
39Мәриям мен Жүсіп Жаратқан Ие бұйырған Таурат заңына сай қажетті рәсімдердің бәрін орындап болғаннан кейін Ғалилеядағы өз қалалары Назаретке қайтып барды.#2:39 2:4. 40Бала өсіп, күш жинап, даналыққа кенеле берді. Құдайдың мейір-шапағаты Оның үстінде болды.#2:40 Яки: Құдай Оған риза еді.
Он екі жасар Исаның ғибадатханада дін мұғалімдерімен пікірлесуі
41Әке-шешесі жыл сайын Құтқарылу мейрамын#2:41 22:1,7; Мыс 12:1-16; Түсіндірмені де қараңыз. мерекелеу үшін Иерусалимге баратын. 42Иса он екі жасқа толғанда, олар ережеге сай мейрамды тойлауға тағы да Иерусалимге келді. 43Мейрам күндері бітіп, әке-шешесі қайтып кетті, ал жасөспірім Иса Иерусалимде қалып қойды. Жүсіп пен Мәриям мұны білмей, 44Исаны басқа жолаушылармен бірге келе жатыр деп ойлады. Бір күндік жол жүргеннен кейін Оны туысқандары мен таныстарының арасынан іздей бастады. 45Таппаған соң олар Иерусалимге қайта оралды. 46Үш күн өткенде ғана Исаны ғибадатханада ұстаздардың ортасынан айтқандарын тыңдап, сұрақтар қойып отырған жерінен тапты. 47Тыңдап отырғандардың бәрі Исаның ұғымталдығына және берген жауаптарына қайран қалысты.
48Әке-шешесі Оны көргенде аң-таң болды. Шешесі:
— Балам, бұл не қылғаның? Әкең екеуіміз қатты алаңдап, Сені іздеп келдік! — деді. 49Иса:
— Мені неге іздедіңіздер? Менің Әкемнің ісімен шұғылдануым қажет,#2:49 Яки: (Рухани) Әкемнің (1:35) киелі үйінде болуым қажет. әлде мұны білмедіңіздер ме? — деп жауап берді. 50Бірақ әке-шешесі Оның айтқан сөздерін түсінбеді.
51Иса Назарет қаласына бірге оралып, оларға мойынсұнып жүрді. Осы сөздердің бәрін#2:51 Яки: (Басынан өткізген) осындай жайттардың бәрін. шешесі көңіліне түйіп алды. 52Ал Исаның ойы#2:52 Яки: даналығы. да, бойы да, Құдай мен адамдарға ұнамдылығы да арта түсті.

Currently Selected:

Лұқа 2: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in