Лұқа 3
3
Мәсіхке жол дайындаған Жақия пайғамбардың жүргізген уағызы
1Рим патшасы Тіберидің билік құруының он бесінші жылы#3:1 Шамамен б.з. 25-26 ж. Яһудея аймағын Понти Пилат билеп, Ирод (Антипас) — Ғалилея аймағының әкімі, оның бауыры Філіп — Итурея мен Трахонит аймақтарының әкімі, Лүсани — Абілине аймағының әкімі,#3:1 Ирод Антипас және (Ирод) Філіп: Ирод І патшаның (Мат 2:3,16) ұлдары. Итурея, Трахонит, Абілине: қазіргі Ливан мен Сирия елдеріндегі ежелгі аймақтар. 2ал Ханас пен Қаяфа — басты діни қызметкерлер болып тұрды. Сол кезде Құдай айдалада Зәкәрия ұлы Жақияға сөзін арнап (оны пайғамбарлық міндетіне кірістірді). 3Содан Жақия Иордан өзенінің бойындағы барлық өңірді аралап былай деп уағыз айтты: «Күнәларыңа өкініп теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер, әрі шомылдыру рәсімінен өтіңдер! Сонда Құдай күнәларыңды кешіреді».#3:3 Сенуші осы рәсімнен өткенде өзінің теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түскенін, күнәларының кешірілгендігін және ар-ұжданының тазарғандығын бекітеді (Мат 3:2-3; Мар 1:3-5; Түсіндірмені де қараңыз). 4Бұл — Ишая пайғамбардың жазбасында сақталған мына тәрізді сөздеріне сай болды:
Жар салған дауыс шығады айдалада:
Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар,
Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!
5Жолдағы сай-салалар толтырылсын,
Әрі тау-төбелер аласартылсын,
Бұралаң жерлері#3:5 Яки: Қисық жерлері. (Мұнда бұралаң, қисық не бұдыр жолдар — әділетсіздікті, ал тегіс те түзу жолдар — әділ іс-әрекеттерді білдіреді: Иш 2:7-8; 40:3-4; 42:16.) де түзетілсін,
Бұдыр жолдар да түгелдей тегістелсін!
6Сонда бар адамзат көре алады
Құдай Ие жіберген құтқаруды!#3:6 Яки: Құдайдың бейшараларды құтқарып алатынын (Иш 40:3-5; 62:10-12; Мат 3:3).
7Көп халық шомылдыру рәсімінен өту үшін Жақияға келді. Бірақ ол соларға ескертіп былай деді:
— Ей, улы жыланның тұқымдары!#3:7 Яки: улы жыландай алдамшылар! (Әзәзіл шайтан «жылан» және «улы жылан» деп те аталады: Жар 3:1; Аян 12:9; 20:2; Мат 12:34; 23:33; Жох 8:44). Келешектегі қаһарлы жазадан құтылуды сендерге кім үйретті? 8Егер шынымен теріс жолдарыңнан қайтып, Құдай жолына түссеңдер, соған лайықты іс істеңдер! «Біздің түп атамыз — Ыбырайым» деп мақтанбаңдар! Сендерге шын айтамын: Құдай Ыбырайымға мына тастардан да ұрпақ жасап бере алады. 9Қазірдің өзінде-ақ ағаш түбінде балта дайын тұр! Жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады!#3:9 13:9; Жох 15:2,16.
10Халық Жақиядан:
— Енді біздің не істеуіміз керек? — деп сұрады. 11Жақия оларға:
— Кімнің екі көйлегі болса, біреуін киімі жоққа берсін, кімнің азығы болса, ол да солай істесін! — деп жауап берді.
12Тіпті (әділетсіз) салық жинаушылар#3:12 Рим патшалығы салған ауыр алым-салықты жинаушылар адамдарға көрсеткен жәбірлеріне бола халыққа жек көрінішті еді (3:13; 5:27-30; Түсіндірмені де қараңыз). да өздерін шомылдыру рәсімінен өткізуге келді. Салықшылар:
— Ұстаз, біздің не істеуіміз керек? — деп сұрағанда, 13Жақия оларға:
— Белгіленген мөлшерден артық еш нәрсе талап етпеңдер! — деп тапсырды. 14Бірқатар жасақшылар да:
— Ал біздің не істеуіміз керек? — деген сұрақ қойды. Жақия оларға:
— Ешкімге зорлық жасамаңдар, жала жауып тонамаңдар! Өз жалақыларыңа қанағаттаныңдар! — деп бұйырды.
15Халық Құтқарушы Патша Мәсіхтің келуін күтіп, барлығы Жақия туралы іштей: «Бәлкім, осының өзі Мәсіх шығар?» — деп ойлады. 16Жақия бәріне былай деп жауап берді:
— Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен ғана өткіземін. Ал менен құдіретті Біреу келе жатыр. Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын.#3:16 Немесе: Оның аяқкиімінің бауын шешуге де тұрмаймын. Ол сендерді Құдайдың Киелі Рухына және отқа#3:16 (Елш 2:2-4) Немесе: Киелі Рухқа я болмаса тозақ отына (3:7,9,17). шомылдырады. 17Ол бидайды желпушіге ұқсайды: күрегі қолында, қырманын тазартып, «бидайын» жинап, қамбасына құяды, бірақ «қауызын» тозақтың сөнбес отына жағады!#3:17 Мұндағы «бидай» — Құдайдың тура жолына түсіп, Оның еркіне сай өмір сүретіндерді, ал «қауыз» — Құдайға бағынбағандарды бейнелейді (Мат 3:12; 13:30; 25:34,41; 28:19-20).
18Жақия пайғамбар халыққа тағы басқа да насихат айтып, Ізгі хабарды жариялап жүрді.
19Жақия аймақ әкімі Ирод Антипастың#3:19 (3:1) Ғалилея мен Перея аймақтарының әкімі, қатыгез Ирод І патшаның ұлы (Мат 2:3,16). өз бауырының әйелі Иродияны тартып алғанын#3:19 Мат 14:3-4; Леу 18:16. және басқа да көптеген жаман қылықтарын әшкерелеп сөккен еді. 20Сондықтан Ирод бұрынғы зұлымдықтары аз болғандай бұған қоса Жақия пайғамбарды түрмеге жаптырды!
Құдайдың шомылдыру рәсімінен өткен Мәсіхке ризалығын білдіруі
21Содан бұрынырақ қалың жұрт шомылдыру рәсімінен өтіп жатқан кезде Иса да сол рәсімнен өткен еді. Сонда Иса мінажат еткенде#3:21 Яки: Иса дұға еткенде (5:16; 9:18; 9:28-29; Түсіндірмені де қараңыз). көк ашылып, 22көгершін бейнесіндегі Киелі Рух Оның үстіне қонды. Көктен: «Сен Менің сүйікті рухани Ұлымсың,#3:22 Немесе: сүйікті Ұлымсың (1:32,35; Мар 1:1,11; Жыр 2:12). Саған толық ризамын!» — деген дауыс шықты.
Жүсіптің ата-тегінің шежіресі
23Иса Өзінің қызметін бастаған кезде жасы шамамен отызда еді. Жұрттың ойынша Ол Жүсіптің ұлы болатын.#3:23 Иса пәк қыз Мәриямнан Құдайдың Киелі Рухының кереметімен дүниеге келді. Ал Жүсіп Құдайдың еркімен Исаның өгей әкесі болды (1:35; Мат 1:18-25). Ал Жүсіптің шыққан ата-тегі мынау: Жүсіп Елиден, 24Ели Маттаттан, Маттат Леуіден, Леуі Мәлкіден, Мәлкі Жанайдан, Жанай Жүсіптен, 25Жүсіп Мататиядан, Мататия Амостан, Амос Нахумнан, Нахум Есліден, Еслі Нағайдан, 26Нағай Мақаттан, Мақат Мататиядан, Мататия Семейден, Семей Жүсіптен, Жүсіп Яһудадан, 27Яһуда Жохананнан, Жоханан Ресадан, Реса Зоробабелден,#3:27 Езр 2:2; 3:2; Хақ 1:1; Мат 1:12. Зоробабел Салатиелден, Салатиел Неріден, 28Нері Мәлкіден, Мәлкі Аддидан, Адди Қосамнан, Қосам Елмодамнан, Елмодам Ерден, 29Ер Ешуадан, Ешуа Елиезерден, Елиезер Жорымнан, Жорым Мататтан, Матат Леуіден, 30Леуі Шимеоннан, Шимеон Яһудадан, Яһуда Жүсіптен, Жүсіп Жонамнан, Жонам Елиәкімнен, 31Елиәкім Мелеадан, Мелеа Менаннан, Менан Мататадан, Матата Натаннан, Натан Дәуіттен, 32Дәуіт Есейден, Есей Ғабиттен, Ғабит Боғоздан, Боғоз Салмоннан, Салмон Нағасоннан, 33Нағасон Әминадаптан, Әминадап (Админнан, Админ Арнидан, Арни) Рамнан, Рам Хесроннан, Хесрон Парестен, Парес Яһудадан, 34Яһуда Жақыптан, Жақып Ысқақтан, Ысқақ Ыбырайымнан, Ыбырайым Тарахтан, Тарах Нахордан, 35Нахор Серуктен, Серук Рәгуден, Рәгу Пелектен, Пелек Еберден, Ебер Шелахтан, 36Шелах#3:36 Бұл есім Сала деп те айтылады. Қайнаннан, Қайнан Арпақсаттан, Арпақсат Шамнан, Шам Нұхтан, Нұх Ләмехтен, 37Ләмех Мәтусалдан, Мәтусал Енохтан, Енох Иәреттен, Иәрет Мақалалелден, Мақалалел Қайнаннан, 38Қайнан Еностан, Енос Сеттен, Сет Адам атадан тарады, ал Адам атаны Құдай жаратқан.#3:38 Жар 1:26-27; 2:7; 5:1-2.
Currently Selected:
Лұқа 3: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: