YouVersion Logo
Search Icon

Марқа 16

16
Мәсіх қайта тірілді!
1Сенбі күні өткеннен кейін#16:1 Яғни діни демалыс күні — сенбіде күн батқаннан кейін. мағдалалық Мәриям, Жақыптың шешесі Мәриям және Салома Исаның сүйегіне май жағу салтын орындай алу үшін иісмайлар сатып алды. 2Олар жексенбі күні#16:2 Немесе: аптаның бірінші күні. ертемен, күн шыға қабірге бара жатқанда: 3«Бізге қабір аузындағы қақпақ тасты кім домалатып ашып берер екен?» — десті.
4Олар келіп қараса, тастың домалатылып, былай қойылғанын көрді. Ал тас тым үлкен болатын. 5Ішке кірген әйелдер оң жақта отырған ақ киімді бір жас жігітті көріп, абыржып қорқып кетті. 6Бірақ періште#16:6 Мат 28:5. оларға қарап былай деді:
— Қорықпаңдар! Айқышқа шегеленіп өлген назареттік Исаны іздеп жүрсіңдер ғой. Ол мұнда жоқ, қайта тіріліп кетті! Оның қойылған орнын қараңдар! 7Енді барып, Оның шәкірттеріне және Петірге мынаны жеткізіңдер: Иеміз сендерден бұрын Ғалилеяға барады. Сендерге Өзі айтқандай, сол жерден Оны көресіңдер.
8Әйелдер бойларын қорқыныш билеп, қатты дірілдеп қабірден шықты да, қаша жөнелді. Зәрелері ұшқан олар сол сәтте басқа ешкімге ештеңе айтпады.
Мәсіхтің елшілеріне Ұлы аманатын тапсырып, көкке көтеріліп кетуі
9Иса жексенбі күні таң сәріде қайта тірілгеннен кейін ең алдымен мағдалалық Мәриямға көрінді. Бір кезде Иса оның бойынан жеті жынды қуып шығарған болатын.#16:9 15:40,47; Жох 20:14-18; Лұқ 8:2. 10Мәриям Исаға еріп жүрген, ал қазір Оны жоқтап аза тұтқан шәкірттеріне барып, оларға бұл хабарды жеткізді. 11Алайда олар Мәриямның: «Иса тірі! Мен Оны көрдім!» дегенін естігенде нанбады.#16:11 16:14; Жох 20:14-18.
12Бұдан кейін Иса шәкірттерінің екеуіне бір ауылға кетіп бара жатқан кездерінде жолшыбай басқа бір кейіпте көрінді.#16:12 Лұқ 24:13-31. 13Олар қайта оралып келіп, қалған шәкірттеріне айтып берді, алайда солар бұл екеуіне де сенбеді.
14Ақыр соңында, кешкі асқа отырған кездерінде, Иса он бір елшісінің өздеріне де көрінді.#16:14 Лұқ 24:36-43. Оларға қайта тірілген Өзін көргендерге нанбай, қиқарлық танытқандары үшін наразылық білдірді.
15Иса оларға тағы былай деді: «Бүкіл жер бетіндегі күллі адамдарға#16:15 (Мат 28:19; Лұқ 24:47; Жох 20:21; Елш 1:8) Яки: бүкіл жаратылысқа. барып, Ізгі хабарды жариялаңдар! 16Кім сеніп, шомылдыру рәсімінен өтсе,#16:16 Немесе: Кім сеніп, арнайы тазару рәсімінен өтсе (1:4; Рим 6:3-4; Елш 16:30-33; Түсіндірмедегі «Шомылдыру рәсімін» де қараңыз). сол құтқарылады. Ал кім сенбесе, сотталады.#16:16 Жох 3:16,18; 5:24,29; 12:48. 17Сенушілер Құдайдың құдіретін көрсететін мынадай кереметтерді істемек: олар Менің атыммен жындарды қуып шығарып, жаңа тілдерде сөйлейді. 18Егер де қолдарымен улы жылан ұстап#16:18 Лұқ 10:19; Елш 28:1-6. не у ішіп қойса, содан ешқандай зақым көрмейді. Ауру адамдардың үстіне қолдарын қойса, олар сауығып кетеді».
19Сонымен Иеміз Иса олармен сөйлесіп болған соң көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағына жайғасты.#16:19 14:62; Жыр 109:1; Лұқ 24:50-52; Елш 1:9; 2:32-35; 7:56; Аян 1:13-18. 20Ал шәкірттері барлық жерлерге барып, Ізгі хабарды жариялап жүрді. Иеміз оларға жар болып,#16:20 Яки: олармен бірге әрекет етіп (Елш 1:8; 2:2-4,7-12,16-21,40-41; 3:6-13; 8:1,4-8,34-40; 17:1-6,16-20,29-34; 18:5-11). Өзінің құдіретін көрсететін кереметтері арқылы уағыздалған хабарды растап бекітті. (Аумин)

Currently Selected:

Марқа 16: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in