YouVersion Logo
Search Icon

Жохан 11

11
1Бір кезде Елазар есімді адам науқастанып қалды. Ол Мәриям мен Марта тұратын Бетания ауылында еді.
2Елазар кезінде Иемізді мира (иіс) майымен майлап, Оның аяғын өзінің шашымен сүртіп құрғатқан Мәриямның туған ағасы болатын.
3Оның әпкесі мен сіңлісі: -Ием, Сен жақсы көретін адам ауырып қалды, оның хал -жағдайын келіп көрші, -деп Оған хабар жіберді.
4Мұны естіген Иса: -Бұл ауру өлімге апаратын ауру емес, алайда бұл Құдайды даңққа бөлеп, осы арқылы Құдайдың Ұлы мадақталатын болады, - деді.
5Иса Мартаны да, оның сіңлісін де, Елезарды да жақсы көретін.
6Иса оның ауырып қалғанын естісе де, Өзі болған сол жерде тағы да екі күнге қалып қойды.
7Тек содан кейін шәкірттеріне: -Қайтадан Яһудея жеріне барайық, жүріңдер! - деді.
8Сонда шәкірттері Оған: -Ұстаз, (Равви) сол яһудейлер жақында ғана Сені таспан атқыламақ болып, Сені іздеп еді ғой, енді сол жаққа тағы да барайын деп тұрсың ба? -деді.
9Иса оларға: -Күндізгі уақытта он екі сағат бар емес пе? Егер де кімде-кім күндіз жүретін болса, сол сүрінбейді, өйткені осы әлемдегі жарықты ол көре алады, -деп жауап берді.
10Кімде-кім түнде жүретін болса, сол сүрінеді, өйткені түнде жарық болмайды, - деді.
11Осылай деген соң Иса: -Біздің досымыз Елазар ұйықтап жатыр, Мен оны ояту үшін сол жаққа барамын, -деді оларға.
12-Ием, егер де ол ұйықтап жатса, ол сауығып кетеді, -деді шәкірттері Оған.
13Алайда Иса оларға оның өлгені жайында айтқан болатын. Шәкірттері Ол әдеттегі ұйқы жайында айтып тұр деп ойлады.
14Сол кезде Иса оларға: -Елезар өліп қалды, -деп ашығын айтты.
15Мен сендерде сенімнің пайда болғанына қуанып тұрмын, Мен әлі ол жерде болмадым, енді сол жаққа барайық, жүріңдер - деді.
16Сонда егіздің сыңары аталып кеткен Тома: -Біз де Онымен бірге барып, бірге өлейік, жүріңдер -деді ол сол арадағы өзі сияқты шәкірттерге.
17Иса сол жерге келген кезде, Елазардың қабірде жатқанына төрт күн болғанын білді.
18Бетания Иерусалимге шамамен он бес стадий (екі жарым-үш шақырым) жақын орналасқан болатын.
19Сол себепті көптеген яһудейлер келіп, бауырынан айырылған Марта мен Мәриямға жұбату сөздерін айтып жатты.
20Марта Исаның келе жатқанын ести сала, Оны қарсы алу үшін, алдынан шықты, Мәриям үйде отырып қалды.
21Марта Исаға: -Ием, егер де Сен осы жерде болсаң, менің бауырым өлмес еді!
22Алайда Сен қазір Құдайдан не сұрасаң, соны Құдай Саған беретінін білемін, - деді.
23-Сенің бауырың өлімнен қайта тіріледі, -деп Иса оған жауап берді.
24-Қайта тірілу ақырғы күні болады, оның өлімнен қайта тірілетіні де сол кезде болатынын білемін, -деді Марта.
25Иса оған: -Өлімнен қайта тірілтетін де, өмір де -Мен. Ал Маған сенген адам өліп қалса да, өмір сүре береді.
26Кімде-кім Маған сеніп өмір сүретін болса, сол мәңгі өлмейтін болады. Осыған сенесің бе? - деді.
27Сол кезде: -Иә, Ием! -деді Марта, -осы әлемге келген Құдайдың Ұлы Мәсіх -Сенсің! Мен соған сенемін! -деді Оған.
28Осылай деген соң, Марта сіңлісі Мәриямды жеке шақырып алып: -Ұстаз осында, Ол сені шақырып жатыр, -деді.
29Сонда Мәриям орнынан тез тұрып, Исаға барды (Исаның алдынан шықты).
30Бірақ Иса әлі ауылға келмеген еді, Ол әлі де Өзін Марта қарсы алған сол жерде болатын.
31Мәриямның қасында үйде қалып, оған жұбату айтқан яһудейлер Мәриямның орнынан жылдам тұрып, шығып бара жатқанын көргенде, ол енді қабірдің басына барып жылап, жоқтайтын шығар деп ойлады.
32Мәриям Иса тұрған жерге келді де, Оны көріп, Оның аяғына жығылып: -Ием, егер де Сен осы жерде болсаң, менің бауырым өлмес еді, - деді.
33Иса оның жылағанын және онымен бірге еріп келген яһудейлердің де жылап тұрғанын көргенде, Оның Өзі де толқып, рухында қайғырып тұрып:
34-Оны қай жерге қойдыңдар? -деді. -Ием, барсаң, Өзің көресің, - деді Оған.
35Сонда Исаның көзіне жас толды.
36Яһудейлер: -Ол оны қалай жақсы көрген, қараңдаршы, -десті.
37Сол кезде кейбіреулері: -Егер соқырдың көзін ашқан Осы болса, онда Ол неге мынаның өліп қалуына жол берді? - десті.
38Иса қайғырған күйі қабір басына келді. Қабір бір үңгірде болғандықтан, беті таспен жабылған еді.
39-Тасты алып тастаңдар! -деді Иса. Сонда қайтыс болған адамның әпкесі Марта: -Ием, ол иістеніп барады, оның жатқанына, міне, төрт күн болды, - деді.
40Иса оған былай деді: -Егер де маған сенсең, Құдайдың даңқын көретін боласың, - деп саған айтпап па едім?
41Олар тасты алып тастады. Иса көзін көкке қадап тұрып: -Әке, Сен Мені естіп тұрсың, сол үшін Мен Саған алғысымды білдіремін.
42Сенің Мені әрқашан естіп тұратыныңды Мен білемін. Дегенмен, Мені жан-жағымнан қоршап тұрған мына халықты Сенің Мені жібергеніңе сендіру үшін осылай айтып тұрмын, - деді.
43Иса осылай деген соң: -Елазар, шық бері! -деп бар дауыспен айқайлап жіберді.
44Сол кезде аяқ-қолы кебінмен матап байланған, бетаузы оралған өлген адам сыртқа шықты. Иса оларға: -Оның үстіндегілерін шешіп, оған жүре алатын мүмкіндік беріңдер, - деді.
45Мәриямға көңіл айтуға келген яһудейлердің көбі Оның осы істерін көрген кезде, Оған сенгендерін білдірді.
46Бірақ олардың кейбіреулері фарисейлерге барып, Исаның істеген осы істері туралы айтып берді.
47Осыдан кейін бірінші бас қызметкер мен фарисейлер синедерионды (кеңесшілер алқасын) жинап алып: -Мына Адам көптеген кереметтер жасап жүр, соған не істесек болады?
48Егер де біз Оны осылай қалдыратын болсақ, бәрі тек Соған ғана сенетін болады. Сонда римдіктер келіп, осы тұрған жерімізді де, халқымызды да бізден алып қояды, -деді.
49Олардың арасында сол жылы бірінші аға бас қызметкер болған Қаяфа атты бір адам болды. Сол оларға былай деді: -Сендер еш нәрсе де білмейді екенсіңдер.
50Өздеріңе ненің пайда әкелетінін де ұғып тұрған жоқсыңдар. Негізінде, бүкіл халықты құртып жібергеннен гөрі, олардың орнына бір Адамның өлгені дұрыс болады, -деді.
51Ол мұны өз атынан айтқан жоқ, себебі ол сол жылы бірінші аға бас қызметкер болып тұрса да, бұл Исаның халық үшін өлуге дайындалып жүргені жайында айтылған пайғамбарлық сөз болатын.
52Алайда бұл жердегі басты мақсат тек бір халықты ғана емес, керісінше, жан-жаққа шашырап кеткен Құдайдың балаларының басын қосып, біріктіріп жинау болатын.
53Сол күннен бастап, олар Оны өлтірмек болып шешім қабылдады.
54Сол себепті Иса енді яһудейлердің арасында ашық жүрмейтін болды. Осыдан кейін Ол сол аймаққа және шөл далаға жақынырақ орналасқан Ефрайм атты қалаға барып, шәкірттерімен бірге сол жерде қалып қойды.
55Осы кезде яһудейлердің Құтқарылу (пасха) мейрамының болатын мерзімі жақындап қалған болатын. Сол Құтқарылу майрамы қарсаңында тазалану рәсімінен алдын ала өту үшін, көптеген халық Иерусалимге қарай өрлеп бара жатты.
56Ғибадатханадағы яһудейлер Исаны іздеп, бір -біріне: -Сендер қалай ойлайсыңдар? Ол мейрамға келер ме екен? -десті.
57Оны ұстап алғысы келген бас қызметкерлер мен фарисейлер: «Егер де кімде-кім Оның қайда жүргенін білсе, хабар берсін!» - деп бұйрық беріп қойды.

Currently Selected:

Жохан 11: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in