YouVersion Logo
Search Icon

Жохан 15

15
1Мен -шынайы жүзім бұтасымын, Менің Әкем -жүзім өсіруші.
2Ол Менде өсіп, бірақ өзі жеміс бермейтін әрбір сабақты кесіп тастайды. Ал жеміс әкелетін әрбір сабақты Ол тазартып отырады, сонда ол мол жеміс беретін болады.
3Енді сендер Мен өздеріңе айтқан сөз арқылы таза болдыңдар.
4Сондықтан Менде болыңдар, Мен сендерде боламын. Жүзім бұтасының сабағы өздігінен жеміс бере алмайтыны секілді сендер Менде болмасаңдар, жеміс әкеле алмайсыңдар.
5Мен -жүзім бұтасымын, сендер сабақтарым боласыңдар. Кім Менімен қалса, Мен де сонымен қаламын, сонда ол көп жеміс әкеледі. Сендер Менсіз еш нәрсе жасай алмайсыңдар.
6Менде қалмайтын әркім жарамсыз сабақ сияқты сыртқа лақтырылып тасталады, ол қураған соң, жинап алып, өртеп жібереді.
7Егер де сендер Менде қалсаңдар, онда Менің сөздерім де сендерде қалады. Сонда өздеріңе не қаласаңдар, сол орындалатын болады.
8Сонымен, егер сендер Менің шәкіртім болсаңдар ғана мол өнім әкеле аласыңдар, осы арқылы Менің Әкем даңққа бөленіп, *Оның аты мадақталатын болады.
9Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Менің сүйіспеншілігімде қалыңдар.
10Егер сендер Менің өсиеттерімді сақтайтын болсаңдар, онда Менің сүйіспеншілігімде қаласыңдар. Сондайақ Мен де Әкемнің өсиеттерін сақтап, Мен де Оның сүйіспеншілігенде қалдым.
11Мен мұны Менің қуанышымның сендерде болғанын және сол қуанышқа сендердің де толығымен кенелгендеріңді қалағандықтан айтып тұрмын.
12Менің сендерге беретін өсиетім бар, ол мынау: Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер!
13Дәл осындай үлкен сүйіспеншілік өзі жақсы көретіндері үшін өз өмірін қиятыннан басқада әлі ешқашан ешкімде болған емес.
14Егер де сендер Менің өздеріңе берген өсиеттерімді орындайтын болсаңдар, сендер Менің достарым боласыңдар.
15Енді Мен сендерді құлсыңдар деп айтпаймын, өйткені құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Мен сендерді достарым деп атадым, өйткені Мен Әкемнен не естісем, соның бәрін сендерге жеткіздім.
16Мені таңдаған сендер емес, қайта, Мен сендерді таңдадым, сендер жеміс берсін әрі сол жемістерің тұрақты болсын деген мақсатпен таңдап алдым. Енді сендер Менің атымнан Әкеден не сұрасаңдар Ол сендерге соны беретін болады.
17Менің сендерге беретін өсиетім мынау: бір-біріңді сүйіңдер!
18Егер де осы әлем сендерді жеккөрсе, оның сендерден бұрын мына Мені жеккөретінін біліңдер.
19Егер де сендер осы әлемнен болсаңдар, онда осы әлем сендерді жақсы көруші еді, алайда сендер осы әлемнен емессіңдер. Ал Мен сендерді осы әлемнен таңдап алдым, сондықтан да осы әлем сендерді жеккөреді.
20«Құл өз қожайынынан жоғары болмайды», -деп Менің бір кезде айтқан сөзім естеріңде болсын. Егер де Мені қудаласа, олар сендерді де қудалайтын болады. Егер де олар Менің сөзімді ұстанса, онда олар сендердікін де ұстанатын болады.
21Алайда осының бәрін олар сендерге тек Менің атыма бола істейді, себебі олар Мені жібергенді білмейді. Алайда сендерге (қарсыластарың) осының бәрін тек Менің атыма бола істейді, себебі олар Мені Жібергенді білмейді.
22Егер де Мен осы әлемге келмесем әрі оларға осы туралы жариялап айтпасам, оларда күнә болмас еді, бұдан былай олар біз күнәсізбіз деп еш сылтау айта алмайды.
23Кім Мені жеккөрсе, сол Менің Әкемді де жеккөреді.
24Егер де Мен бұған дейін ешкім жасамағанды істемесем, онда олардың күнәсі болмас еді. Бірақ олар сол істерді көрді, соның өзінде олар Мені де, Әкемді де жеккөруде.
25«Олар Мені ешқандай себепсіз жеккөрді», -деп олардың Заңдарында жазылған сөз осылай орындалуы тиіс.
26Мен сендерге Әкеден сұрап, жіберетін Қамқоршы келген кезде, Ол Мен туралы куәлік береді және Әкеден шыққан Ол сендерге келеді.
27Мына сендер басынан бері Менімен бірге болғандықтан, енді сендер де Менің істеріме куәлік бересіңдер.

Currently Selected:

Жохан 15: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in