YouVersion Logo
Search Icon

Жохан 9

9
1Бірде Иса кетіп бара жатып, дүниеге зағип болып туылған бір адамды көреді.
2Сонда Исаның шәкіттері: -Равви, (Ұстаз) оның осылай соқыр болып туғанына кім кінәлі? Оның өзі ме әлде ата -анасы ма? - деп сұрады.
3Иса: -Оның өзі де, оның ата -анасы да еш күнә жасаған жоқ, алайда осы арқылы мына әлемге Құдайдың ісі паш етілетін болады.
4Мені Жібергеннің істерін күндіз, яғни, жарықта жасап алу-біздің мақсатымыз. Түн болған кезде ешкім ештеңе де істей алмайды.
5Мен осы әлемде болсам, сонда ғана Мен осы әлемге жарық бола аламын, - деді.
6Осылай деген соң, Ол жерге түкірді де, түкірігінен балшық жасап, балшықты оның көзіне жақты. Оған:
7-Енді Силоғам хауызына барып, жуып кел! -деді. (Силоғам «Жіберілген» деп аударылады). Әлгі соқыр адам барды да, көзіндегі балшықты жуып, содан көзі көретін болып қайтып келді.
8Оның көршілері және көзі көрмегендіктен қайыр сұрап жүретінін бұрыннан білетіндер: -Мынау қайыр тілеп отыратын еді ғой, соның өзі емес пе? - десті.
9Енді біреулері: -Бұл-соның өзі, -десе, ал кейбіреулері: -Бұл ол емес, тек соған ұқсас біреу, -десті. Сонда сауыққан адамның өзі: - Мен - соның өзімін, - деді.
10-Сенің көзің қалайша ашылып, көріп кетті? -деді олар.
11-Иса есімді Адам балшық жасап, менің көзіме жақты да: «Силоғам хауызына бар да, жу!» -деді. Мен сонда барып жудым, содан кейін көзім көретін болды, -деп жауап берді ол. Олар:
12-Оның Өзі қайда? -деді оған. -Білмеймін, -деп жауап берді ол.
13Содан кейін олар бұған дейін зағип болған әлгі адамды фарисейлерге алып барды.
14Себебі Иса балшық жасап, сенбі күні оның көзін ашқан болатын.
15Сонда фарисейлер оның көзінің қалай көріп кеткені жайында тағы да сұрай бастады. Әлгі адам оларға: -Ол балшық жасап, менің көзіме жақты, сосын мен барып жудым, содан кейін көріп кеттім, - деді.
16Алайда фарисейлердің арасынан кейбіреулері: -Бұл адам Құдайдан емес, өйткені ол сенбі күнінің тәртібін орындаған жоқ, -десе, басқалары: -Күнәкар адам осындай кереметтерді қалай жасай алады? -десті. Бұдан соң олар бір-бірімен айтысып кетті.
17Олар тағы да әлгі зағип болған адамға: -Ол сенің көзіңді ашып берді, сен енді көресің, Ол туралы өзің не айтасың? -деді. Сонда ол: -Ол -Пайғамбар! -деп жауап берді оларға.
18Сонымен, яһудейлер оның бұрын зағип болғанына да, оның көзінің енді көретініне де сенбеді. Сондықтан олар біраз уақыт өткен соң, басында зағип болып туған, кейін көзі ашылған әлгі адамның ата-анасын шақырып алып, олардан:
19-Сендердің туғанда соқыр болып туылған деген ұлдарың осы емес пе? Енді бұл қалай көретін болып кетті? -деп сұрады.
20-Бұл -біздің ұлымыз, -деді оның ата-анасы, -ол туғанда зағип болып туылған, біз соны ғана білеміз.
21Қазір енді оның қалай көріп кеткені жайында біз еш нәрсе білмейміз. Біз оның көзін кімнің ашып бергенін де білмейміз. Оны өзінен сұраңдар, өйткені ол кәмелеттік жасқа толған, сондықтан өзі айтып берсін, - деді.
22Оның ата-анасының осылай айтуының себебі бар, өйткені олар яһудейлерден қорқатын. Себебі яһудейлер алдын ала: «Егер де кімде-кім Оны Мәсіх деп мойындайтын болса, біз сол адамды сиангогадан шығарып жібереміз», -деп өзара келісіп алған болатын.
23Сол себептен де оның әке шешесі: «Ол кәмелеттік жасқа келді, оның өзінен сұраңдар», - деді.
24Осыдан кейін олар әлгі бұрын зағип болған адамды екінші рет шақыртып алып, оған: -Мадақты Құдайға беретін бол! Біз Ол адамның күнәкар екенін білеміз, -деді.
25Әлгі адам: -Ол күнәкар ма, жоқ па, мен ол жағын білмеймін. Менің білетінім: мен бір кезде соқыр едім, енді, міне, қазір көретін болдым! - деп жауап берді.
26Сонда олар тағы да сұрап қоймады: -Ол саған не істеді? Ол сенің көзіңді қалай ашты?
27-Мен сендерге бәрін айтып бердім, ал сендер мені тыңдап тұрған жоқсыңдар. Сол жайында тағы да тыңдағыларың келіп тұр ма? Әлде сендер де Соның шәкірті болайын деп жүрсіңдер ме? - деп сұрақ қойды ол.
28Олар оны жәбірлеп: -Мына сен -Оның шәкіртісің! Біз -Мұсаның шәкірттеріміз!
29Құдайдың тек Мұсамен ғана сөйлескенін біз білеміз, ал Мына Адамның қай жақтан келгенін біз білмейміз, -деді.
30-Оның қайдан келгенін мына сендердің білмейтіндерің таңқаларлық жағдай екен! -деді әлгі адам оларға. -Ол менің соқыр көзімді ашты.
31Күнәкар адамдарға Құдайдың құлақ түрмейтінін білеміз, ал кімде-кім Құдайды қастерлеп, Оның еркін орындайтын болса ғана Құдай оған құлақ түреді.
32Осы уақытқа дейін тарихта туғаннан соқыр болған адамның көзін біреу ашты дегенді ешкім естіген жоқ.
33Егер де Ол Құдайдан болмаса, Ол ешнәрсе де істей алмайтын еді! - деді.
34-Сен туған кезден бастап, бүкіл тұла бойың тұнған күнәкар болып туылған адамсың, -деді оған яhудейлер, -сонда да бізді үйретейін дедің бе? -деп оны сыртқа қуып шықты.
35Алайда Иса яһудейлердің сол зағип болған адамды қуып шыққанын естіп, оны тауып алды да: -Сен Адам Ұлына сенесің бе? - деді.
36-Ием, мен Оған сенетіндей сонда Ол Кім? -деп ол сұрады.
37-Сен Оны көрдің ғой, -деді Иса оған, -мына сенімен сөйлесіп тұрған - Соның Өзі, - деді.
38Сонда ол: -Сенемін, Ием! -деді де, Оған иіліп, тағзым етті.
39Сол кезде Иса: -Мен осы әлемді соттауға келдім, сондағы мақсатым: көре алмағандар көрсін, ал көретіндер соқыр болсын деп келдім, - деді.
40Оның қасында тұрған фарисейлердің кейбіреулері осы сөзді естіп қалды да, Оған: -Не? Біз де соқырмыз ба? -деді.
41Иса оларға: -Егер соқыр болсаңдар, күнәнің бар екенін көрмейтін едіңдер. «Көріп тұрмыз», -деп айтқандарыңа бола, күнә алынбайды, сендерде қалады, - деді.

Currently Selected:

Жохан 9: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in