YouVersion Logo
Search Icon

Лұқа 3

3
1Әмірші ретінде Тіберидің билік жүргізгеніне он бес жыл болған кезде Яһудея аймағын Понти Пилат, Ғалилея аймағын Ирод, Итурея мен Трахонит аймағын оның бауыры Філіп, ал Абілине аймағын Лүсіни басқарып тұрды.
2Ал Ханна мен Қаяфа осы кезде бірінші бас қызметкердің міндетін атқарып жүрді. Сонда Құдай елсіз далада Зәкәрияұлы Жақияға жариялау үшін, Өзінің сөзін берді.
3Осыдан кейін Жақия Иордан өзенінің бойын мекендеген бүкіл елді аралап, күнәларының кешірілуі үшін тәубеге келіп, суға батырылып шомылудан өту туралы уағыздап жүрді.
4Ал осы жайында Ишаяның кітабында былай деп жазылған: «Елсіз далада жар салған дауыс шығады: -Жаратқан Иеге жол дайындаңдар, Оның жолдары түзу болсын!
5Кез-келген аңғарлар толып, тау мен төбелер аласарып, қисық жерлер түзеліп, тегіс емес жолдар жазыққа айналатын болсын!
6Сонда Құдайдың құтқаруын әрбір пенде көреді».
7Суға шомылдырудан өтіп жатқан халыққа Жақия: -Улы жыланның тұқымдары, болатын жазаның қаһарынан құтылып кететін жолды сендерге кім көрсетті?
8Сондықтан осы тәубе еткендеріңе сай жеміс беріңдер. Біздің Ыбырайым атты бабамыз бар дегенді өзара айта бермеңдер. Сендерге айтарым мынау: Құдай Ыбырайымға мына тастардан да балалар жасап бере алады.
9Міне, ағаштардың тамырының түбінде балта жатыр, жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталатын болады, - деді.
10Сонда халық Жақиядан: -Енді біздің не істеуіміз керек? - деп сұрады.
11Жақия оларға: -Кімнің екі көйлегі бар болса, оны көйлегі жоқ адамға берсін, ал кімнің ішер асы болса, ол да солай істесін, - деді.
12Сол жерге суға батырылып шомылдырудан өту үшін салықшылар да келген болатын. Сонда олар да Жақиядан: -Ұстаз, біз не істейміз? - деп сұрады.
13Сонда Жақия оларға: -Сендердің қойған талаптарың өздеріңе белгілеп берілген мөлшерден жоғары болмасын, -деді.
14Сарбаздар да Жақиядан: -Ал біздің не істеуіміз қажет? -деп сұрады. Жақия оларға: -Ешкімге зорлық жасап, жала жабушы болмаңдар, өз еңбекақыларыңды ғана қанағат тұтыңдар, - деді.
15Негізінде, халықтың көпшілігі елеңдеп, Мәсіхтің келуін күтіп жүргендіктен, Жақия туралы олардың барлығының жүректерінде: «Бұл Мәсіх емес пе екен?» -деген ой болды.
16Сонда Жақия олардың бәріне былай деп жауап берді: -Мен сендерді тек суға батырып шомылдырамын, себебі менен де құдіреті жоғары ұлы күштің Иесі келіп тұр, ал мен болсам, Оның аяқ киімінің бауын шешіп беруге де лайықсызбын. Міне, Сол сендерді Киелі Рухпен және отпен шомылдыратын болады.
17Ол Өзінің қолындағы күрегімен Өз қырманын Өзі тазалап, астықты Өзінің қоймасына жинап алады да, сыртқы қауызын сөнбейтін отқа өртеп жібереді, - деді.
18Сонымен, Жақия бұдан да басқа нәрселерді айтып, оларға жігер беріп, халыққа Ізгі хабарды таратты.
19Сол аймақтың төрттен бірін басқаратын Ирод інісі Філіптің әйелі Иродияны өзіне әйел етіп алғандықтан және бұдан басқа да жасаған барлық жамандықтарына бола Жақия Иродты әшкерелеген еді.
20Ирод өзінің осы жасаған жаман іс-әрекеттері аз болғандай, енді Жақияны да зынданға жаптырып тастайды.
21Бүкіл халық батырылып су шомылдыруынан өтіп жатқан кезде, Иса да осыдан өтеді. Осыдан кейін Ол мінәжат етіп тұрғанда, көк ашылып,
22көгершіннің денесіндей бейнемен Киелі Рух келіп, Оның үстіне қонды. Сонда көктен: -Сен-Менің сүйікті Ұлымсың! Мен Саған ризамын! - деген дауыс шықты.
23Сонымен, Иса өзінің қызметін шамамен отыз жасында бастады. Ол Елидің тегінен шыққан Жүсіптің баласы болатын,
24ал Ели Маттаттан, Маттат Леуіден, Леуі Мәлкіден, Мәлкі Жанайданнан, Жанайдан Жүсіптен,
25Жүсіп Мататиядан, Мататия Амостан, Амос Нахумнан, Нахум Есліденнен, Есліден Нағайданнан,
26Нағайдан Мақаттан, Мақат Мататидан, Матати Семейден, Семей Жүсіптен, Жүсіп Яһудадан,
27Яһуда Жохананнан, Жоханан Ресадан, Ресадан Зоробабелден, Зоробабел Салатиелден, Салатиел Неріден,
28Нері Мәлкіден, Мәлкі Аддидан, Аддидан Қосамнан, Қосам Елмодамнан, Елмодам Ерденнен,
29Ерден Ешуадан, Ешуа Елизерден, Елизер Жорамнан, Жорам Мататтан, Матат Леуіден,
30Леуі Шимеоннан, Шимеон Яһудадан, Яһуда Жүсіптен, Жүсіп Жонамнан, Жонам Елиәкімнен,
31Елиәкім Мелеаттан, Мелеат Менаннан, Менанн Мататтан, Матат Натаннан, Натан Дәуіттен,
32Дәуіт Есейден, Есей Ғабиттен, Ғабит Боғоздан, Боғоз Салмоннан, Салмон Нағасоннан,
33Нағасон Әминадаптан, Әминадап Админнен, Админ Арнидан, Арни Хесроннан, Хесрон Парестен, Парес Яһудадан,
34Яһуда Жақыптан, Жақып Ысқақтан, Ысқан Ыбырайымнан, Ыбырайым Тарахтан, Тарах Нахордан,
35Нахор Серуктен, Серук Рәгуден, Рәгу Пелектен, Пелек Еберден, Ебер Шелахтан,
36Шелах Қайнаннан, Қайнан Арпақсаттан, Арпақсат Шамнан, Шам Нұқтан, Нұқ Ләмехтен,
37Ләмех Мәтсуалдан, Мәтсуал Енохтан, Енох Иәреттен, Иәрет Мақалалелден, Мақалалел Қайнаннан,
38Қайнан Еностан, Енос Сеттен, Сет Адам атадан, ал Адам атаны Құдай жаратты.

Currently Selected:

Лұқа 3: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in