YouVersion Logo
Search Icon

Матай 17

17
1Алты күн өткен соң, Иса Петірді, Жақып пен оның бауыры Жоханды өзімен бірге бір биік таудың басына алып шықты.
2Сол кезде Оның бейнесі олардың көз алдында өзгеріп сала берді, жүзі күндей жарқырап, киімдері нұрланып, аппақ болып кетті.
3Міне, оларға Мұса мен Ілияс көрінді де, Исамен сөйлесе бастады.
4Петір Исаға: -Ием, біздің осында болғанымыз қандай жақсы болды! Егер қаласаң, осында үш шатыр құрайын, біреуін -Саған, біреуін -Мұсаға, ал біреуін Ілиясқа, -деді.
5Ол әлі де солай сөйлеп тұрған кезде, бір ақ бұлт келіп, оларды жапты, сонда бұлт ішінен: -Бұл -Мені ризашылыққа бөлеген сүйікті Ұлым! Оны тыңдаңдар! -деген дауыс шықты.
6Мұны естіген шәкірттері қатты қорыққандықтан, етпеттерінен жерге құлай кетті.
7Сонда Иса оларға келіп, қолын тигізді де: -Тұрыңдар, қорықпаңдар, - деді.
8Олар орындарынан тұрып, көздерін ашқанда, Исадан басқа ешкімді көрмеді.
9Таудан түсіп бара жатқан кезде Иса оларға: -Осыкөргендеріңді Адамның Ұлы өлімнен қайта тірілетін уақыт келгенше, ешкімге айтпаңдар, - деп бұйырды.
10Сонда шәкірттері Одан: -Таурат заңын зерттеушілер неге алдымен Ілияс келуге тиіс деп жүр? - деп сұрады.
11-Иә, Ілияс алдын ала келіп, барлығын қалпына келтіру керек болған, - деп жауап берді Иса.
12Сендерге айтарым: -Ілияс әлдеқашан келіп қойған, бірақ олар Оны танымай, өздері не қаласа, Оған соны істеді. Адамның Ұлы да тура солай олардың қолынан азап шегуге дайын, - деді.
13Шәкірттері Исаның суға батырып шомылдырушы Жақия туралы айтқанын сонда ғана түсінді.
14Олар жиналып тұрған халыққа келген кезде, бір адам Оған келіп иіліп, тізесін бүгіп:
15-Ием, менің ұлыма рақымыңды түсіре гөр! Ол ұстама ауруынан қатты азап шегіп, жиі отқа да, суға да құлайды.
16Сенің шәкірттеріңе ұлымды алып келіп едім, олар оны сауықтыра алмады, - деді.
17-О, сенбейтін, азғын ұрпақ! Қашанға дейін сендермен бірге болмақпын? Қашанға дейін сендерге шыдамақпын? Маған оны алып келіңдер, - деді Иса.
18Иса жынға тыйым салғанда, жын одан шығып кетті, бала сол сәтте-ақ сауықты.
19Сонда шәкірттері Исаға оңашада келіп: -Біз не үшін жынды қуып шығара алмадық? - деп сұрады.
20Иса оларға былай деп жауап берді: -Сенімдерің аз болғандықтан және сендерге шындықты айтайын: егер де қышаның дәніндей сенімдерің болса, мына тауға:«Осы жерден ана жерге көш!» -десең, ол көшеді әрі сендерге мүмкін емес еш нәрсе де болмайды.
21-22Олар Ғалилеяда бірге жиналған кезде, Иса былай деді: -Адамның Ұлын ұстап, адамдардың қолына тапсырады.
23Олар Оны өлтіреді, үшінші күні Ол қайта тіріледі, -деді. Осы сөзден кейін шәкірттері қатты уайымға салынды.
24Олар Қапарнаумға келгенде, ғибадатхана үшін салық жинайтындар Петірге келіп: -Сендердің Ұстаздарың салық төлей ме? - деді.
25-Иә, -деді ол. Петір үйге кірген кезде, Иса оның алдынан шығып: -Шимон, сен қалай ойлайсың? Жердегі патшалар алым-салықты кімнен жинайды? Өз ұлдарынан ба, әлде бөтендерден бе? - деді.
26-Бөтендерден, -деп жауап берді Петір. Сонда Иса: -Демек, ұлдары салықтан босатылған.
27Оларды ренжітіп алмау үшін, теңізге барып қармақ сал. Алғашқы түскен балықтың аузынан төрт драхмаға татитын (статир) тиын табасың. Соны алып, Мен үшін және өзің үшін салықшыларға бер, - деді.

Currently Selected:

Матай 17: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in