YouVersion Logo
Search Icon

Матай 20

20
1Көктегі Патшалық өзінің жүзім бағына жұмысшылар жалдау үшін таңертең ерте үйден шыққан адамға ұқсайды.
2Ол жұмысшылармен күніне бір динарий төлеуге келіседі де, оларды жүзім бағына жібереді.
3Одан кейін ол сағат үштерде тағы да сыртқа шыққанда, сауда алаңында тұрған басқа жұмыссыз жүргендерді көріп:
4«Сендер де Менің жүзім бағыма барыңдар, еңбектеріңді әділ төлеймін», - дейді оларға.
5Олар да жүзім бағына кетеді. Жүзім бағының иесі сағат алты мен тоғыз шамаларында сыртқа шығып, тағы да солай істейді.
6Сағат он бір шамаларында да сыртқа шығып, басқа да жұмыссыз тұрғандарды тауып алып, оларға: «Неге күні бойы жұмыссыз тұрсыңдар?» - дейді.
7Олар: «Бізді ешкім жалдаған жоқ», -деп жауап береді. «Онда сендер де менің жүзім бағыма барыңдар», - дейді.
8Кеш батқан кезде жүзім бағының иесі өзінің іс жүргізушісіне: «Жұмысшыларды шақырып, олардың соңғыларынан бастап, алғашқы келгендеріне дейін, еңбекақыларын бер», - дейді.
9Сонда сағат он бірлер шамасында келгендер бір динариден алады.
10Ал бірінші болып келгендер одан көбірек аламыз деген ойда болды, бірақ олар да бір динариден артық алмады.
11Олар солай еңбекақыларын алып алған соң, үй иесіне күңкілдей бастады:
12«Ең соңында келген мыналар бір сағат жұмыс істеді, күннің ауыртпалығы мен оның ыстығына төзген бізді олармен теңестіріп қойдың», - деді.
13Ол жұмысшылардың біреуіне: «Достым, мен сені ренжіткен жоқпын! Менімен бір динарийге келіспеп пе едің?
14Өз еңбекақыңды ал да, бара бер! Саған төлегенді соңғы келгендерге де бергім келіп тұр.
15Менің өз мүлкімді қалауыма сай жұмасауыма болмай ма? Немесе Менің жасаған жақсылығым сенің қызғанышыңды оятты ма?»
16Сонымен, соңғылары осылай алғашқы, ал алғашқы болғандар соңғылары болады, - деді.
17Иерусалимге өрлеп бара жатқан жолда Иса он екі шәкіртін бөлек алып шығып, оларға мынаны айтты:
18-Міне, Иерусалимге өрлеп барамыз, онда бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілеріне Адамның Ұлын ұстап береді. Олар Оны соттап, өлімге кесіп,
19қорлап, ұрып-соғып, айқышқа керіп шегелеу үшін, өзге ұлттың өкілдеріне тапсырады. Үшінші күні Ол қайта тірілетін болады, - деді.
20Сол кезде Зебедейдің ұлдарының анасы Одан бір нәрсе сұрау үшін, ұлдарымен бірге келіп, құрметпен басын иіп, тағзым етті.
21Сонда Иса одан: -Не қалайсың? -деп сұрады. -Сенің Патшалығыңда менің мына екі ұлымның бірі оң жағыңа, бірі сол жағыңа отырады деп айтшы, - деді ол.
22-Не сұрап тұрғандарыңды білмейсіңдер, -деді Иса. Маған ішуге дайындалған тостағаннан іше аласыңдар ма? -деп сұрады. Олар: - Ішеміз, - деді.
23-Әрине, Менің тостағанымнан ішесіңдер, ал Менің оң жағыма немесе сол жағыма Мен белгілегендер емес, керісінше, Менің Әкем дайындағандар отырады, - деді.
24Мұны естіп тұрған қалған он шәкірті, әлгі ағайынды екеуіне ашуланды.
25Иса оларды шақырып алып: -Жер бетіндегі өзге ұлттың басшылары халыққа үстемдік етеді, күштілері өз биліктерін жүргізеді.
26Сендер солай істемеңдер. Керісінше, кім билік жүргізгісі келсе, сол сендерге қызметші сияқты,
27ал кім бірінші боламын десе, сол сендерге құл іспетті қызмет етсін.
28Адамның Ұлы да Өзіне қызмет еткізу үшін емес, Өзі басқаларға қызмет етіп, адамзатты құтқару үшін, құн төлеп, Өз өмірін беруге келді, - деді.
29Олар Иерихоннан шыққанда, көптеген халық Оның соңынан ілесті.
30Жол бойында екі зағип адам отырған еді, олар Исаның өтіп бата жатқанын естіп: -Ием, Дәуіттің Ұлы, бізге рақым ете гөр! - деп айқай салды.
31Адамдар оларға: -Айғайламаңдар! -деп тыйым салды. Олар бәрібір: -Ием, Дәуіттің Ұлы, бізге рақым ете гөр! -деп одан бетер айғайлады.
32Сол кезде Иса тоқтап, оларды шақырып алып:-Менің сендерге не істегенімді қалайсыңдар? - деді.
33-Ием, көзіміздің ашылғанын қалаймыз! - деді олар.
34Оларға жаны ашыған Иса көздеріне қолын тигізді, сол сәтте олардың көздері ашылып, көретін болды. Олар да Исаның соңынан ерді.

Currently Selected:

Матай 20: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in