YouVersion Logo
Search Icon

Матай 21

21
1Олар Иерусалимге жақындап, Зәйтүн тауында орналасқан Бетфаге жеріне келгенде, Иса екі шәкіртіне тапсырма берді:
2-Қарсы алдарыңда тұрған ауылға барыңдар, солжерде байлаулы тұрған есекті және оның тайқарын көресіңдер, оларды шешіп, Маған алып келіңдер.
3Егер де біреу сендерден бір нәрсе сұрап жатса: -Иемізге қажет, - деп айтыңдар, олар сол сәтте-ақ жібере салады.
4Осылайша, пайғамбар айтқан мына сөз орындалады:
5«Сионның қызына айтыңдар, міне, сенің кішіпейіл Патшаң тайқарын ерткен есекке мініп, саған келе жатыр».
6Шәкірттері бәрін дәл Исаның тапсырғанындай істеді.
7Олар есекті тайқарымен бірге алып келді де, үстіне сырт киімдерін жапты, Иса олардың киімдері жабылған есекке мінді.
8Жиналған халықтың көпшілігі киімдерін жолға төседі, ал басқалары ағаштың көктеген бұтақтарын кесіп алып, жолға төседі.
9Исаның алдынан, артынан еріп келе жатқан халық дауыстап: -Дәуіттің Ұлына Осанна! Иеміздің атымен Жарылқанған келе жатыр! Заңғар Көкке Осанна! -деп айқайлады.
10Иса Иерусалимге келіп кіргенде, бүкіл қала толқып: -Бұл Кім Өзі ? - десті.
11Сонда барша халық: -Бұл -Ғалилеядағы Назареттен шыққан Иса пайғамбар! - деді.
12Иса ғибадатханаға кірді, ол жердегі бүкіл сатушылар мен сатып алушыларды ғибадатханадан қуып шықты. Ақша айырбастаушылардың үстелдерін және кептерді сатушылардың орындықтарын аударып тастап, оларға:
13-Киелі жазбада: «Менің үйім мінажат ететін үй болады», -деп жазылған. Ал сендер оны қарақшыларордасына айналдырғансыңдар, - деді.
14Иса ғибадатханада болған кезде, зағиптар мен ақсақтар Оның қасына келді, Ол бәрін сауықтырды.
15Оның жасаған кереметтерін көрген және ғибадатханада балалардың: -Дәуіттің Ұлына Осанна! -деп айтқанын естіген яһудей дінінің бас қызметкерлері мен Таурат заңын зерттеушілер бұған ашуланды.
16Сонда олар Исаға былай деді: -Мыналардың не деп айтқанын естіп тұрсың ба? -Иә, -деді Иса. «Сәбилер мен емшектегі нәрестелер ауыздарымен Сені мадақтайтын болады», - деп жазылғанын ешқашан оқымадыңдар ма?
17Иса оларды қалдырды да, қаладан шығып, Бетанияға барды, сонда түнеді.
18Таңертең ерте қалаға қайтып келе жатып, қарны ашқанын сезеді.
19Жол бойында тұрған жалғыз інжір ағашын көріп, жақындап барды, тек жапырағынан басқа еш нәрсе таппаған соң: «Енді бұдан былай ешқашан сенің жемісің болмасын!» -деді. Әлгі інжір ағашы сол сәтте солып қалды.
20Мұны көрген шәкірттері: -Мына інжір ағашы қалайша бірден солып қалды? - деп таңғалысты.
21Иса оларға былай деп жауап береді: -Сендерге шындықты айтайын: егер де еш күмәнданбай сенетін болсаңдар, тек інжір ағашына ғана емес, мына тауға да: «Көтеріліп, теңізге тастал!» десеңдер, сол орындалады.
22және сеніммен мінажат етіп, не сұрасаңдар, соны аласыңдар, - деді.
23Бірде Иса ғибадатханада тәлім беріп тұрғанда,бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдар келіп Оған: -Осыны қандай билікпен істеп жүрсің? Осы билікті Саған кім берді? - деп сұрады.
24Иса оларға: -Мен де сендерден бір нәрсе сұрайын, егер де соған жауап берсеңдер, Мен де сендерге осыларды қандай билікпен істеп жүргенімді айтамын.
25-Жақияның батырып суға шомылдыруы қайдан келді? Көктен бе, әлде адамдардан ба? -деді. Олар өзара талқылай бастады: -Егер: «Көктен», -деп айтсақ, онда: «Оған неге сенбедіңдер?» - деп айтады.
26Ал егер де: «Адамдардан», -деп айтайық десек, мына халықтан қорқып тұрмыз, өйткені олар Жақияны пайғамбар деп санайды.
27Сондықтан олар Исаға: -Білмейміз, -деп жауап берді. Сонда Иса да оларға: -Онда Мен де сендерге осыны қандай билікпен істеп жүргенімді айтпаймын, - деді.
28-Сендер мынаған не айтар едіңдер? Бір адамның екі баласы болыпты. Біреуіне келіп: -Балам, бүгін жүзім бағына барып жұмыс істеп келші, - дейді.
29Басында ол: «Бармаймын», -дейді де, кейінірек ойланып, жүзім бағына барады.
30Әкесі екінші ұлына да келіп, осыны айтады. Ол: «Иә, мырза, барамын», - дегенмен, бармайды.
31Осы екеуінің қайсысы әкесінің еркін орындады? -деп сұрады. Олар: -Біріншісі, -деп жауап берді. Сол кезде Иса оларға: -Сендерге шындықты айтамын: Құдай Патшалығына сендерден бұрын салық жинаушылар мен жезөкшелер кіретін болады.
32Өйткені Жақия сендерге әділетті жолмен келді, сендер оған сенбедіңдер, ал салықшылар менжезөкшелер сенді. Сендер оны көріп тұрсаңдар да, тәубеге келмедіңдер, сенбедіңдер.
33Тағы да бір астарлы әңгімені тыңдаңдар. Бір жер иесі жүзім отырғызып, оны айналдыра қоршайды, шырынды сүзетін шұңқыр қазып, мұнара тұрғызады. Бәрін жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі алыс бір елге кетіп қалады.
34Жеміс беретін мезгіл таяғанда, өз үлесін алу үшін, жүзімшілерге өз қызметшілерін жібереді.
35Алайда жүзімшілер оның қызметшілерін ұстап алып, бірін ұрып, бірін өлтіріп, басқаларын таспен атқылайды.
36Жер иесі алдыңғыдан да көбірек басқа қызметшілерін жібереді, жүзімшілер оларға да соны істейді.
37Ақырында: «Менің ұлымнан ұялатын шығар», -деп, оларға өз ұлын жібереді.
38Жер иесінің ұлын көрген жүзімшілер: «Бұл мұрагер ғой! Жүріңдер, оны өлтіріп, мұрасына ие болайық!» -деп шешім қабылдайды.
39Оны ұстап алып, жүзімдіктің сыртына алып шығады да, өлтіріп тастайды.
40-Сонымен, жүзім бағының иесі келгенде, сол жүзімшілерге не істейді? - деп сұрады.
41- Зұлымдарды жауыз әрекеттеріне бола көздерін жояды да, жүзім бағын жемісін уақытымен беретін басқа жүзімшілерге жалға береді, - деп жауап берді олар.
42Сонда Иса былай деді: -Сенде р жазбадан:«Құрылысшылар жарамсыз деп санаған Тас енді басты Іргетасқа айналды. Бұл -Құдайдың ісі! Осыны көрудің өзі ғажап!» -деп жазылғанын ешқашаноқымап па едіңдер?
43Сондықтан да Құдай Патшалығы сендерден тартып алынады да, жеміс беретін басқа халықтарға берілетінін осы мысалдар арқылы айтып жатырмын.
44Кім Сол Тасқа құласа, күл-талқаны шығады, ал Сол Тас кімге құласа, соны басып қалады, - деді.
45Осы астарлы әңгімені тыңдап тұрған бірінші бас қызметкерлер мен фарисейлер Исаның өздері жайында айтып тұрғанын түсінді,
46Сол себепті олар Оны ұстап алғысы келді, бірақ Оны пайғамбар деп есептейтін халықтан қорықты.

Currently Selected:

Матай 21: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in