YouVersion Logo
Search Icon

Матай 22

22
1Иса тағы да астарлы әңгімелерді қолданып, былай деді:
2-Көктегі Патшалық өз ұлына салтанатты түрде үйлену тойын өткізуге дайындалған бір патшаның іс-әрекетіне ұқсас.
3Ол қызметшілерін тойға шақырылғандарды шақыру үшін жібереді, бірақ олардың келгісі келмейді.
4Сонда ол тағы да басқа қызметшілерін жұмсап: «Шақырылғандарға салтанатты тойдың асы дайын, өгіздер мен бордақыланған малдар сойылып, бәрі дайын тұр, тек салтанатты тойға келсін деп айтыңдар», - дейді.
5Шақырылғандар болса, бұған еш мән бермей, бірі өзінің жеке меншік жеріне, бірі өзінің саудасына кетіп қалады.
6Басқалары, тіпті, патшаның жіберген қызметшілерін ұстап алып, қорлап, өлтіріп тастайды.
7Бұған қатты ашуланған патша өз әскерін жіберіп, әлгі кісі өлтірушілердің көзін жойып, олардың қалаларын өртеп жібереді.
8Содан кейін өз қызметшілеріне: «Салтанатты үйлену тойы дайын болғанмен, оған шақырылғандар соған лайықты болмай шықты.
9Енді жол торабына барып, кімді кездестірсеңдер солардың бәрін салтанатты үйлену тойына шақырыңдар», -дейді.
10Қызметшілер жолға шығып, кездескен адамдардың зұлымын да, мейірімдісін де жинағанда, салтанатты той болатын орын дастарқан басына жайғасқан қонақтарға лық толды.
11Жайғасқан қонақтарды көруге кірген патша салтанатты үйлену тойына лайықсыз киім киген бір адамды байқап қалып:
12«Достым, -деді патша, -салтанатты үйлену тойына лайықты киім кимей, мұнда қалай кірдің?» -дейді. Ол ештеңе дей алмады.
13Сонда патша қызметшілеріне: «Оның аяқ-қолын байлап, сырттағы қара түнекке лақтырыңдар, сол жерде зар еңіреп жылап, бармағын тістейтін болады».
14Шақырылғандар көп, бірақ таңдалғандар аз, -деді Иса.
15Осыдан кейін фарисейлер Исаны қалай да сөзінен ұстау жайында ақылдасты.
16Олар өз шәкірттерін билеуші Иродтың жақтастарымен бірге Исаға жібереді. -Ұстаз, Сен -әділеттісің және Құдай жолын шындықпен үйретесің. Біреуге жағымпаздануды білмейсің әрі ешкімді алаламайсың.
17Енді бізге мынаны айтшы: -Рим патшасына салық төлеуге бола ма, жоқ па? Сен қалай ойлайсың? - деді.
18Олардың арам ойларын біле қойған Иса: -Әй, екіжүзділер! Сендер Мені сөзімнен ұстағыларың келіп тұр ма?
19Маған салық төлейтін тиынды көрсетіңдерші, -деді. Олар Оған бір динарий алып келді.
20Иса олардан: -Мұнда кім бейнеленген және кімнің аты жазылған? - деп сұрады.
21-Патшанікі, -деп жауап берді олар. -Онда патшаға тиесіліні патшаға, ал Құдайға тиесіліні Құдайға беріңдер, -деді Иса.
22Бұл жауап оларды ойландырып тастады, дереу Исаны тастап, кетіп қалды.
23Өлгендермен ешқашан қайта тірілу болмайтынын айтып жүрген саддукейлер сол күні Исаға келеді.
24-Ұстаз, егер де біреу артына ұрпақ қалдырмай қайтыс болып кетсе, ұрпағын жалғастыру үшін оның әйеліне бауыры үйленуін Мұса айтып кеткен екен, - деді олар.
25Бірде ағайынды жеті жігіт болыпты, біріншісі үйленіп, ұрпақ көрмей жатып қайтыс болып кетті, ол әйелін бауырына қалдырды.
26Осылай екіншісімен де, үшіншісімен де, барлық жеті ағайындылармен де тура солай болды.
27Бәрінің соңында әлгі әйел де қайтыс болады.
28Сонымен, қайта тірілген кезде, сол әйел осы жетеуінің қайсысына әйел болады? Өйткені бәрі оның күйеуі болды ғой, - деді.
29Иса оларға былай деп жауап берді: -Не Киеліжазбаны, не Құдайдың күшін білмегендіктен, адасып жүрсіңдер.
30Себебі адамдар қайта тірілген кезде не үйленбейді, не күйеуге де шықпайды, тек көктегі періштелер сияқты болады.
31Сендер өлгендердің қайта тірілуіне байланысты Құдайдың былай деп айтқанын оқымадыңдар ма?
32«Мен-Ыбырайымның Құдайымын, Ысқақтың Құдайымын, Жақыптың Құдайымын», -деген. Ол -өлілердің емес, тірілердің Құдайы.
33Мұны тыңдап тұрған халық Оның тәліміне қайран қалды.
34Саддукейлердің аузын ашырмағанын естіген фарисейлер енді бірігіп келіп, Оның қасына жиналды.
35Бір Заң мұғалімі Оны тағы сынамақ болып:
36-Ұстаз, Заңның қай өсиеті ең маңызды? -деп сұрады.
37Иса оған: -«Құдай Иеңді шын жүрегіңмен, бүкіл жан -дүниеңмен және бар ақыл -ойыңмен сүй!» -деп жауап берді.
38- Бұл-ең бірінші және ең маңызды өсиет.
39Екіншісі де осыған ұқсас: «Өзіңді қалай сүйсең, жақыныңды да солай сүй!»
40Бүкіл Таурат заңы мен пайғамбарлар ілімі осы екі өсиетке негізделіп тұр, - деді.
41Иса сол жиналған фарисейлерден:
42-Мәсіх туралы не ойлайсыңдар? Ол кімнің Ұлы? -деп сұрады. Олар: - Дәуіттің Ұлы, - деді.
43Сонда Иса оларға: Ендеше, Рухқа кенелген Дәуітнеге Оны «Ием» деп атаған?
44«Жаратқан Ием Менің Иеме: -Сенің жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше, оң жағымда отыр», -деп не себептен айтқан?
45Егер де Дәуіт Оны «Ием» деп атаса, қалайша оған ұлы ғана болады? - деді.
46Оған ешкім бір сөз айтып, жауап бере алмады, сол күннен бастап, сұрақ қоюға да батылдары бармады.

Currently Selected:

Матай 22: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in