1
Жохан 4:24
Киелі кітап
Құдайдың Өзі — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенеліп, шындықпен сиынуға тиіс.
比較
Жохан 4:24で検索
2
Жохан 4:23
Нағыз сиынушылардың Құдайдың Рухына кенеліп, Әкеге шындап мойынсұнып сиынатын уақыты болады, ол тіпті жетіп те қалды: Әке Өзіне осылай мойынсұнып сиынушыларды қалайды.
Жохан 4:23で検索
3
Жохан 4:14
Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады.
Жохан 4:14で検索
4
Жохан 4:10
Иса: — Егер Құдайдың өзіңе не сыйлағысы келгенін және су сұраған Адамның кім екенін білсең, сен Оның Өзінен су сұрар едің. Сонда Ол саған «өмір суын» берер еді, — деп жауап қатты.
Жохан 4:10で検索
5
Жохан 4:34
Иса оларға астарлап былай деді: — Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған «нәр» болады.
Жохан 4:34で検索
6
Жохан 4:11
— Мырза, құдықтан су алатын Сіздің ыдысыңыз жоқ, ал құдық терең ғой. Онда сол өмір суын қайдан аласыз?
Жохан 4:11で検索
7
Жохан 4:25-26
Сонда әйел: — Мәсіх деген Құтқарушы Патшамыздың келетінін білемін. Ол келгенде бізге бәрін ашық айтып береді, — деді. Иса: — Сенімен сөйлесіп тұрған Мен Соның Өзімін, — деп әйелге жауап берді.
Жохан 4:25-26で検索
8
Жохан 4:29
«Жүріңдер, менің құпия іс-әрекеттерімнің бәрін дәл айтып берген Кісіні көріңдер! Ол Құдай жіберген Мәсіх емес пе екен?» — деді.
Жохан 4:29で検索
ホーム
聖書
読書プラン
ビデオ