Жаратылыстың баст. 5
5
Адам атадан Нұх пайғамбарға дейінгі ұрпақтар
1Мынау Адам атаның ұрпақтарының тарихы:
Құдай адамды жаратқанда, оны Өзіне (рухани жағынан) ұқсас етіп жаратқан болатын. 2Құдай адамдарды бірін еркек, бірін әйел қылып жаратып,#5:2 1:26-27; 2:7,20-24. сол күні батасын беріп, оларға «адам»#5:2 «Адам» деген сөз қазақ тіліндегідей, түпнұсқа тілінде де «кісі» дегенді білдірумен қатар, есімді де білдіреді. деген ат қойды.
3Адам ата жүз отыз жасқа келгенде өзіне ұқсас бір ұлды болып, оған Сет деп ат қойды. 4Сет туғаннан кейін, Адам ата сегіз жүз жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды. 5Адам ата барлығы тоғыз жүз отыз жыл өмір сүріп, қайтыс болды.
6Сет жүз бес жасқа келгенде ұлы Енос туды. 7Бұдан кейін Сет сегіз жүз жеті жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарға әке болды. 8Сет барлығы тоғыз жүз он екі жыл өмір сүріп, дүниеден қайтты.
9Енос тоқсан жасқа келгенде Қайнанды дүниеге келтірді. 10Қайнан дүниеге келгеннен кейін Енос сегіз жүз он бес жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қызды болды. 11Енос барлығы тоғыз жүз бес жыл өмір сүріп, дүниеден қайтты.
12Қайнан жетпіс жасқа келгенде Мақалалел туды. 13Бұдан соң Қайнан сегіз жүз қырық жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді. 14Қайнан барлығы тоғыз жүз он жыл өмір сүріп, қайтыс болды.
15Мақалалел алпыс бес жасқа келгенде Иәрет туды. 16Иәрет туғаннан кейін Мақалалел сегіз жүз отыз жыл өмір сүріп, басқа ұл-қыздарға әке болды. 17Мақалалел барлығы сегіз жүз тоқсан бес жыл өмір сүрген соң қайтыс болды.
18Иәрет жүз алпыс екі жасқа келгенде Енохты#5:18 Енох Ыдырыс деп те аталады. дүниеге келтірді. 19Бұдан соң Иәрет сегіз жүз жыл жасап, басқа да ұл-қызды болды. 20Иәрет барлығы тоғыз жүз алпыс екі жыл өмір сүріп, дүниеден қайтты.
21Енох алпыс беске келгенде Мәтусал туды. 22Мәтусал дүниеге келген соң, Енох үш жүз жыл бойы Құдаймен тығыз байланыста жүріп,#5:22 6:9. басқа да ұл-қыздарға әке болды. 23Ол барлығы үш жүз алпыс бес жыл өмір сүрді. 24Енох Құдаймен тығыз байланыста жүрді. Кейін ол жер бетінен ғайып болды, себебі Құдай оны Өзіне алып кеткен еді.
25Мәтусал жүз сексен жеті жасқа келгенде Ләмех туды. 26Ләмех туған соң, Мәтусал жеті жүз сексен екі жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қызды болды. 27Мәтусал барлығы тоғыз жүз алпыс тоғыз жыл өмір сүріп, дүниеден өтті.
28Ләмех жүз сексен екі жасқа келгенде ұлды болды. 29Оған Нұх#5:29 Нұх: Нуһ, Нұқ және Ной деп те жазылады. Бұл есім түпнұсқадағы «жұбаныш» сөзіне ұқсас дыбысталады. деп ат қойып: «Ол Жаратқан Иенің қарғысына іліккен жерде бейнетпен жұмыс істеп жүрген бізге#5:29 3:17-19. жұбатушы болады», — деді. 30Нұх туғаннан кейін, Ләмех бес жүз тоқсан бес жыл өмір сүріп, басқа да ұл-қыздарды дүниеге келтірді. 31Ләмех барлығы жеті жүз жетпіс жеті жыл өмір сүріп, қайтыс болды.
32Нұх бес жүз жасқа келген соң, Шам, Хам және Япші#5:32 Шам есімі Сим, ал Япші есімі Иафет деп те жазылады. деген ұлдарды дүниеге келтірді.
Currently Selected:
Жаратылыстың баст. 5: КК 2010
Tya elembo
Share
Copy
Olingi kobomba makomi na yo wapi otye elembo na baapareyi na yo nyonso? Kota to mpe Komisa nkombo
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: