Бұл — Ишая пайғамбардың жазбасында сақталған мына тәрізді сөздеріне сай болды:
Жар салған дауыс шығады айдалада:
Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар,
Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!
Жолдағы сай-салалар толтырылсын,
Әрі тау-төбелер аласартылсын,
Бұралаң жерлері де түзетілсін,
Бұдыр жолдар да түгелдей тегістелсін!
Сонда бар адамзат көре алады
Құдай Ие жіберген құтқаруды!