Жаратылыстың баст. 10

10
Шам, Хам, Япшіден тараған ұлттар
1Мынау Нұхтың ұлдары Шам, Хам және Япшінің үрім-бұтақтарының шежіресі: олардың ұлдары топан судан кейін дүниеге келді.
Япшінің үрім-бұтағы
2Япшінің ұрпақтары мыналар:#10:2 Осы тараудағы ұрпақ (яки: ұл) деген сөз түпнұсқа тілінде үрім-бұтақ, халық деген мағыналарды да білдіре алады. Гомер, Магог, Мадай, Яуан, Тұбал, Мешех, Тирас. 3Гомердің ұрпақтары: Ашкеназ, Рифат, Тоғарма. 4Яуанның ұрпақтары: Елиша, Тарсис, Киттим, Доданим.#10:4 Осы есім Роданим деп те дыбысталады. 5Бұлардан аралдар мен жағалауы бар жерлерде тұратын түрлі-түрлі халықтар тарады. Олар бір-бірінен өз тіл ерекшеліктері, рулары және ұлттарына қарай бөлінген еді.
Хамның үрім-бұтағы
6Хамның ұрпақтары: Құш, Мысыр,#10:6 Яки: Нубия, Мысраим (Египет). Пұт, Қанахан. 7Құштың ұрпақтары: Себа, Хауила, Сабтах, Рахама, Саптеха. Рахаманың ұрпақтары: Сәба,#10:7 Осы есім Шева, Шава не Сава деп те дыбысталатын. Дедан.
8Құш — Нымродтың әкесі.#10:8 Осы тараудағы әке деген сөз түпнұсқа тілінде түп ата не негізін салушы деген мағыналарды да білдіре алады. Нымрод жер бетіндегі күшті әміршіге айналып, 9Жаратқан Иенің көзіне түскен мықты аңшы да болды. «Мынау Жаратқан Иенің көзіне түскен Нымрод сияқты мықты аңшы екен» деген сөз содан қалған. 10Нымродтың патшалығы Шинар жеріндегі Бабыл, Ерех, Аккад, Қална деген қалалардан басталатын еді. 11Нымрод осы жерден Ассурға барып, Ниневи, Рехобот-Ир, Қалах деген қалаларды 12және Ниневи мен Қалахтың арасында орналасқан Ресен қаласын да тұрғызды. Ресен үлкен қала болатын. 13Мысырдан луд, анам, лехап, нафтух, 14патрус, қаслух, қаптор атты халықтар тарады. Осылардан філістірлер шықты.
15Қанаханның тұңғыш ұлы Сидон еді. Содан кейін Қанаханның ұрпақтарынан хеттік, 16ебустік, аморлық, гергестік, 17хевтік, арқалық, синдік, 18аруадтық, семарлық, хаматтық атты халықтар да шықты.
Кейін қанахандықтардың рулары әрі қарай тарап кетті. 19Олар орналасқан аймақ Сидоннан басталып Герар арқылы Газаға дейін, сонан соң Содом, Ғомора, Адма, Себоимды орап өтіп, Лашаға дейін созылып жататын.
20Бұлар руларына, тіл ерекшеліктеріне, тұрған жерлеріне, халықтар болып бөлінуіне қарай орналасқан Хамнан тараған ұрпақтар еді.
Шамның үрім-бұтағы
21Япшінің ағасы Шамнан да ұлдар туған. Шам Еберден тараған барлық ұрпақтардың түп атасы еді.
22Шамның ұлдары: Елам, Ассур, Арпақсат, Луд, Арама.
23Араманың ұлдары: Ус,#10:23 Осы есім Уц не Ұз деп те дыбысталады (36:28; Әйүп 1:1; Ерм 25:20). Хұл, Гетер, Маш. 24Арпақсаттан Шелах, Шелахтан Ебер туды. 25Еберден екі ұл туды: тұңғышының есімі Пелек (яғни «Бөліну») болды, өйткені оның заманында жер беті бөлінді. Ал кенжесінің есімі Жоқтан еді. 26Жоқтаннан Алмодат, Шалеф, Хасармаует, Жерах, 27Хадорам, Узал, Диқла, 28Обал, Әбімаил, Сәба, 29Опыр, Хауила, Жобаб туды. Бұлардың бәрі — Жоқтанның ұлдары.
30Олардың тұрған жерлері Мешадан бастап Сефар арқылы шығыста орналасқан таулы аймаққа дейін жететін.
31Бұлар руларына, тіл ерекшеліктеріне, тұрған жерлеріне, халықтар болып бөлінуіне қарай орналасқан Шамның ұрпақтары еді.
32Шығу тегіне, халықтар болып бөлінуіне қарай орналасқан Нұхтың ұлдарының ұрпақтары — осылар. Олардан топан судан кейін пайда болған халықтар жер бетіне тарап кетті.

Одоогоор Сонгогдсон:

Жаратылыстың баст. 10: КК 2010

Тодруулга

Хуваалцах

Хувилах

None

Тодруулсан зүйлсээ бүх төхөөрөмждөө хадгалмаар байна уу? Бүртгүүлэх эсвэл нэвтэрнэ үү