Жаратылыстың баст. 12
12
Құдайдың Ыбырамды таңдап алып, сол арқылы барлық халықтарды жарылқауы
1Жаратқан Ие Ыбырамға#12:1 11:26-ге берілген түсініктемені қ. сөзін арнап былай деп бұйырған еді:
«Сен еліңді, туған-туысқандарыңды және әкеңнің үйін тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш!
2Мен сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын,
Сені жарылқаймын әрі атыңды шығарамын.
Сен арқылы ақ батам басқаларға да жететін болады.
3Саған ақ батасын бергендерді Мен жарылқаймын,
Ал кім сені жамандап қарғаса, соны Мен қарғаймын.
Сен арқылы жер бетіндегі бар ұлттар#12:3 Яки: барлық әулеттер. жарылқанады».
4Сондықтан Ыбырам Жаратқан Иенің айтуымен жолға шықты. Оған Лут#12:4 11:27-28; 12:5; 13:5-13. ілесті. Хараннан көшіп кеткен кезде Ыбырам жетпіс бес жаста еді. 5Осылайша Ыбырам әйелі Сарайды және туған інісінің ұлы Лутты ертіп, бар жиған-тергендері мен Харанда өздері иемденген қызметшілерін де алып, сапарға шығып, Қанахан еліне барды.
6Ыбырам сол жерді кезіп, Сихем қаласының маңайындағы алып емен ағашы өсіп тұрған Море деген жерге дейін жетті. Ол кезде бұл елді қанахандықтар мекендеуші еді. 7Ал Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп: «Мен сенің ұрпақтарыңа осы жерді сыйлаймын», — деп уәде етті. Ыбырам сол жерде өзіне аян берген Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызды.
8Содан соң ол Бетелдің шығыс жағындағы тауға қарай бет алып, батыс жақтағы Бетел мен шығыс жақтағы Ай деген екі жердің ортасына шатырын тікті. Сол жерде де Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызып, Оған сиынып ғибадат етті.#12:8 Немесе: Жаратқан Иенің атын атап Оған дауыстап сиынып мінажат (дұға) етті (4:26). 9Сонан соң Ыбырам сапарын оңтүстіктегі Негев даласына қарай жалғастырды.
Ыбырам мен Сарайдың Мысырға көшіп баруы
10Бірақ Қанахан елін ашаршылық жайлап, Ыбырам біраз тұра тұру мақсатымен Мысырға көшіп барды. Себебі аштық үдеп тұрған еді. 11Мысырға таяп қалғанда, Ыбырам әйелі Сарайға былай деді:
— Сенің керемет сұлу әйел екеніңді жақсы білемін. 12Мысырлықтар сені көргенде: «Мынау — оның әйелі» деп, саған бола мені өлтіріп, ал сені тірі қалдырып, иемденіп жүрер. 13Маған да, саған да жақсы болсын, өз игілігің үшін де мені аман қалсын десең, өзіңді «Ыбырамның қарындасымын» деп айтарсың.#12:13 Сол заманғы патшалар жеке адамдардың құқықтарын менсінбей, өздері қалаған қыздар мен әйелдерге ие болатын. Сарай шынымен Ыбырамның қарындасы да еді (20:12; Пат1 8:10-17).
14Солай болды да: Ыбырам Мысырға келген соң мысырлықтар Сарайдың өте сұлу әйел екенін байқады. 15Мысыр патшасы перғауынның#12:15 Перғауын (яки: фараон): ежелгі Мысыр патшаларының атағы. лауазымды қызметкерлері де әйелді көріп, перғауынға оның көркін мақтап жеткізді. Сонда перғауын оны өз сарайына алдыртты. 16Әйел үшін Ыбырамға жақсылық жасап, оған молынан қой, сиыр, есек пен түйені, құлдар мен күңдерді сыйлады.
17Бірақ Жаратқан Ие Ыбырамның әйелі Сарайға бола перғауынға және оның үй ішіне жаман індет жіберді. 18Сонда перғауын Ыбырамды өзіне шақырып алып, оған: «Сен маған не істедің? Неге оның өз әйелің екенін айтпадың? 19Не үшін оны қарындасым дедің? Сол себептен де оны әйелдікке алмақшы болдым. Әйелің өзіңе, ал да кет», — деді. 20Перғауын адамдарына Ыбырам жайында бұйрық беріп, олар оны әйелімен және барлық иелігімен бірге жолға шығарып салды.
Одоогоор Сонгогдсон:
Жаратылыстың баст. 12: КК 2010
Тодруулга
Хуваалцах
Хувилах
Тодруулсан зүйлсээ бүх төхөөрөмждөө хадгалмаар байна уу? Бүртгүүлэх эсвэл нэвтэрнэ үү
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: