Жохан 1
1
Мәсіх Иса — Құдайдың адамзатқа арнап өз ойын білдірген «Сөзі»
1Әуел баста Сөз болатын,#1:1 Яғни жаратылыстан бұрын да «Құдай Сөзі» деп аталған Ол бар болатын (8:58; 17:5; Евр 1:1-2; Жох1 1:2; Аян 19:11-13). Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. 2Сөз әуелден-ақ Құдайда болатын. 3Құдай бәрін Сөз арқылы жаратқан, жаратылған ештеңе де Онсыз пайда болмаған. 4Сөз өмірдің бастауы болған. Сол өмір адамзат үшін Нұр#1:4 Яки: Жарық (3:19; 8:12). еді. 5Нұр түнекте жарқырайды, ал түнек Нұрды жеңе алған емес.#1:5 Немесе: түсінген емес. (Осы астарлы сөзде түнек — Құдайдан безген күнәкар дүниені әрі осы дүниені билеуші әзәзіл шайтанды білдіреді: 3:19-20; Лұқ 22:53; Елш 26:18.)
6Құдай жіберген Жақия#1:6 Яғни Жақия пайғамбар (1:15,19,23; Лұқ 3:2-6). есімді адам болды. 7Жақия Нұрдың куәсі болып, барлық адамдарды өзінің куәлігі арқылы Нұрға сендіру үшін келді. 8Жақияның өзі Нұр емес еді, ол Нұр туралы хабарлау үшін келген болатын.
9Әр адамға сәулесін түсіретін шынайы Нұр бұл дүниеге келе жатты.#1:9 Немесе: Дүниеге келген әрбір адамға сәулесін түсірген Ол нағыз Нұр еді (8:12). 10Ол бұл дүниеде бар еді, бірақ әлемді жаратқан Сол болса да, адамдар Оны таныған жоқ. 11Өзі таңдап алған халқына#1:11 Немесе: Өзінің иелігіне (Өзі жаратқан дүниеге: 1:3). келгенімен, олар Оны қабылдамады. 12Бірақ Оны қабылдап, Оған сенім артқандардың бәрін Ол Құдайдың рухани балалары#1:12 1:13; 3:5; 11:52; Жох1 3:1-2,10; Рим 8:16-17,21. болуға құқықты етті. 13Бұлар табиғи жолмен, пенденің қалауы бойынша бұл дүниеге келгендіктен емес, Құдай оларға шынайы өмір бергендіктен ғана Оның рухани балалары болды.#1:13 (3:5) Немесе: Олар қаннан, тәннің қалауынан және ер адамның еркімен емес, Құдайдан туған.
14Сөз адамға айналып, арамызда өмір сүрді.#1:14 Яки: Сөз адам болып арамызда тұрды (Жох1 1:1-2; 4:2; Ғал 4:4; Флп 2:7-8; Тім1 3:16; Евр 2:14). Сонда біз Әкенің жалғыз рухани Ұлының#1:14 Бұл атақ табиғи туу арқылы пайда болған тәндік туыстықты білдірмейді. Қайта, ол Мәсіх пен Құдай арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді (1:3; Иш 7:14; 9:6-7; Лұқ 1:30-35; 2:9-11; Қол 1:16; Түсіндірмедегі «Құдай Сөзін» және «Құдайдың рухани Ұлын» да қараңыз). асқан ұлылығын көрдік: Ол рақымдылық пен шындыққа толы еді. 15Жақия пайғамбар Ол туралы дауыстап куәлік етіп:
— Менен кейін Келе Жатқанның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын#1:15 1:1-2,6-8,27,30; Мат 3:11. деген Кісім Осы, — деді.
16Оның шексіз рақымынан бәріміз молынан жарылқанып келеміз. 17Құдай ата-бабаларымызға Таурат заңын Мұса пайғамбар арқылы берді,#1:17 7:19; Заң 32:45-46. ал рақым мен шындық бізге Иса Мәсіх арқылы жетті.#1:17 (1:14) Мәсіх: Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша (1:41; 4:25). 18Құдайды ешкім ешқашан көзімен көрген емес.#1:18 Мыс 33:20; Қол 1:15; Тім1 1:17. Әкесімен тығыз байланыстағы жалғыз рухани Ұлы бізге Оны жақыннан танытты.#1:18 Немесе: Әкесінің жанында болатын (яки Әкесіне өте жақын) Құдай бізге Әкесі туралы хабар әкелді (1:14; 12:44-45; 14:9-10; Қол 1:15).
Жақия пайғамбардың Мәсіх пен өзі туралы айтқандары
19Жақия былай деп куәлік берген еді: яһудилердің басшылары#1:19 Яки: яһудилер. (Олардың басшылары Иерусалим қаласындағы Жоғарғы кеңесте жиналатын басты діни қызметкерлер, дін мұғалімдері және рубасылар болатын: Лұқ 22:66.) діни қызметкерлер мен леуілік көмекшілерді#1:19 Діни қызметкер, леуілік көмекші: Түсіндірмені қараңыз. Иерусалим қаласынан Жақияға жіберіп, «Сен кімсің?» — деп сұратты. Сонда ол жауап беруден бас тартпай:
20— Мен (Құдай жіберемін деп уәде берген Құтқарушы) Мәсіх емеспін, — деп ашық айтты. 21Олар:
— Онда сен кімсің? (Мәсіхтен бұрын қайтып келуге тиісті) Ілияс пайғамбарсың#1:21 Мат 11:14; Мал 4:5. ба? — деп сұрады. Жақия:
— Жоқ, ол емеспін, — деді.
— Мүмкін, сен (Мұса Құдай жібереді деген) пайғамбар#1:21 Заң 18:15. шығарсың? — Жақия:
— Жоқ, — деп жауап қатты. 22Олар:
— Бізді жібергендерге жауап беруіміз үшін кім екеніңді айтшы! Өзің туралы не дейсің? — деп сұрады. 23Жақия:
— Ишая пайғамбар «Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге түзу қылып даңғыл жолды салыңдар!»#1:23 (Иш 40:3; Лұқ 3:4) Осы жердегі мағынасы: Жаратқан Иеге жүректеріңді ашып, тәубеге келіңдер! деп алдын ала айтып кеткен болатын. Жар салған сол хабаршы менмін, — деп жауап қайырды.
24Сонда парызшылдар тобынан#1:24 Парызшылдар: Таурат заңының ережелерін және ата-бабаларының әдет-ғұрыптарын қатаң сақтайтын яһуди діншілдері (Лұқ 1:37-44; Түсіндірмені де қараңыз). жіберілген кісілер де болды. 25Олар Жақияға сұрақ қойып:
— Егер сен не Мәсіх, не Ілияс, не келуге тиісті пайғамбар болмасаң, неліктен адамдарды (Құдай жолына түсіріп) суға шомылдыру рәсімінен өткізесің?#1:25 Шомылдыру рәсімі: Сенушінің теріс жолдан қайтып, Құдайға бағышталып, Оның тура жолына түскендігін білдіретін рәсім (Мар 1:4; 16:16; Түсіндірмені де қараңыз). — деді. 26Жақия оларға:
— Мен тек суға шомылдыру рәсімін ғана орындаймын. Ал араларыңда сендер танымайтын Біреу тұр. 27Ол менен кейін келе жатыр, бірақ мен Оның құлы болып кебісін әперуге де тұрмаймын,#1:27 Немесе: мен Оның аяқкиімінің бауын шешуге де тұрмаймын. (Құдай жіберген сол Билеуші Мәсіх Иса болды: 1:14-15,29-30,40-41.) — деп жауап берді.
28Бұл оқиға Жақия шомылдыру рәсімін орындап жүрген Иордан өзенінің шығысындағы Бетанияда#1:28 (3:26; 10:24) Немесе: Бет-Барада (Бил 7:24). болды.
Құдайдың адамдарды құтқару үшін құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»
29Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп:
— Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген «Тоқтысы»!#1:29 Жар 22:8,14; Мыс 12:3,5-7,12-13; Леу 5:17-19; Иш 53:4-5,7,10. Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды. 30«Менен кейін Біреу келе жатыр, Оның жолы менен үлкен, өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын» дегенімде, Сол туралы айтқан едім.#1:30 1:15. 31Бұрын мен де Оның шынымен кім екенін білмейтін едім.#1:31 Яғни Оның Құтқарушы Мәсіх, Құдайдың құрбандық болуға жіберген «Тоқтысы» екендігін білмеген едім (1:17,29,41). Бірақ Оны Исраил халқына таныстырып, адамдарды шомылдыру рәсімінен өткізу үшін осы жерге келдім, — деді.
32Содан кейін Жақия куәлік етіп:
— Мен Киелі Рухтың#1:32 Яғни Құдайдың Киелі Рухының (3:5; Лұқ 1:35; 3:21-22; Түсіндірмені де қараңыз). көгершін бейнесінде көктен түсіп, Исаға қонғанын көрдім. 33Исаны бұрын шынымен танымайтын едім. Бірақ мені шомылдыру рәсімін орындауға жіберген Құдай маған: «Сен Киелі Рухтың Біреуге қонғанын көргенде, Киелі Рухқа Шомылдырушының Соның Өзі екенін білесің» деген болатын. 34Мен Киелі Рухтың Исаға қонғанын көріп, Оның Құдайдың рухани Ұлы#1:34 1:14,49. екеніне куәгер болдым, — деді.
Исаның алғашқы шәкірттерін таңдауы
35Келесі күні Жақия мен оның екі шәкірті тағы сол жерде тұрды. 36Ол қастарынан өтіп бара жатқан Исаны көріп: «Қараңдар, Мынау — Құдайдың құрбандыққа жіберген Тоқтысы!»#1:36 1:29. — деді. 37Екі шәкірті Жақияның айтқанын естіп, Исаның соңынан ере бастады. 38Иса бұрылып, олардың Өзіне ергенін көріп:
— Сендер не іздеп жүрсіңдер? — деді. Олар Исадан:
— Раббы! — арамей тіліндегі мағынасы «Ұстаз!» — Сіз қайда тұрып жатырсыз? — деп сұрады. 39Иса:
— Келіңдер де көріңдер!#1:39 1:14; Жох1 1:1-3; Жыр 65:5. — деді. Олар келіп, Исаның тұрған жерін көрді де, сол күні Онымен бірге болды. Уақыт түстен кейінгі сағат төрттің#1:39 Немесе: оныншы сағат (Түсіндірмедегі «Уақыт белгілеу жүйесін» қараңыз). шамасы еді.
40Жақиядан Иса туралы естіп, Оған ерген екеудің бірі Шимон Петірдің інісі Әндір#1:40 Мат 4:18. еді. 41Ол ең алдымен ағасы Шимонды тауып алып:
— Біз Мәсіхтің Өзін таптық! — деді. Ал «Мәсіх» Құдай тағайындаған Құтқарушы Патша дегенді білдіреді.#1:41 4:25; Жыр 2:2; Дан 9:25; Түсіндірмені де қараңыз.
42Содан кейін Әндір Шимонды Исаға ертіп келді. Иса Шимонға қарап:
— Сен Жоханның ұлы#1:42 (21:2,15-17) Яки: Жүністің ұлы (Мат 16:17). (Грекше түпнұсқа мәтінінде Жохан мен Жүніс есімдерінің дыбысталуы өзара өте ұқсас.) Шимонсың. Бұдан былай Кефа деп аталасың, — деді. Кефа грекше — Петір, яғни «Тас».#1:42 Мат 16:17.
43Келесі күні Иса Ғалилея аймағына бармақшы болды. Иса Філіпті#1:43 6:5; 12:21-22; 14:8-10; Мат 10:3. тауып, оған: «Менің шәкіртім болып соңымнан ер», — деді. 44Філіп те Әндір мен Петір тұратын Бетсайда қаласынан еді. 45Філіп Натанайылды тауып алып, оған:
— Біз Мұса Тауратта жазған, басқа пайғамбарлар да өз жазбаларында айтып кеткен Мәсіхті#1:45 Жар 3:15; Рул 21:9; Заң 18:15; Лұқ 24:47. таптық! Ол — назареттік Жүсіптің ұлы#1:45 Жүсіп: Исаның шешесі Мәриямның күйеуі (Мат 1:20-24; 2:22-23; Лұқ 1:27,35). Иса! — деді. 46Бірақ Натанайыл:
— Сол Назареттен не жақсылық шығар дейсің?#1:46 7:52. — деп жауап қатты. Філіп оған:
— Келіп, өзің көр!#1:46 1:39. — деді.
47Иса өзіне қарай келе жатқан Натанайылды көргенде:
— Мынау — қулық-сұмдығы жоқ, нағыз исраилдік, — деді. 48Натанайыл:
— Сіз мені қайдан білесіз? — деп сұрады. Иса:
— Сені Філіп шақырмай тұрып, інжір ағашының астынан көріп едім, — деді. 49Натанайыл (өзін Исаның інжір ағашының қалың жапырағының астынан көре алғанына қайран қалды да):
— Ұстаз, Сіз Құдайдың рухани Ұлысыз, Исраилдің Патшасысыз!#1:49 1:14,34; 12:13; 18:33; 19:19; Мат 2:2. Соған көзім жетті, — деп жауап берді. 50Иса оған:
— Мен «сені інжір ағашының астынан көрдім» дегенді ғана айтқанда, Маған сендің. Әлі бұдан да зорды көресің! — деді. 51— Сендерге өте маңызды шындықты айтайын:#1:51 Немесе: Шын, шын сендерге айтамын. (Иса осы қаратпа сөздерін өте маңызды тәлімі мен мәліметтерін білдіргенде айтатын.) бұдан былай көктің ашылғанын көресіңдер! Сонда Құдайдың періштелері көкке көтеріліп кетіп әрі Құдай тағайындаған Билеуші — Маған#1:51 Немесе: және Билеуші ретінде көктен келген Маған («Адам Ұлына») (Дан 7:13-14; Түсіндірмедегі «Көктен келген Билеушіні» де қараңыз). түсіп келіп тұратын болады.#1:51 Исраил халқының түп атасы Жақыптың көрген аянында көк ашылып, періштелер көкке көтеріліп, жерге түсіп тұратын еді (Жар 28:12).
Одоогоор Сонгогдсон:
Жохан 1: КК 2010
Тодруулга
Хуваалцах
Хувилах
Тодруулсан зүйлсээ бүх төхөөрөмждөө хадгалмаар байна уу? Бүртгүүлэх эсвэл нэвтэрнэ үү
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.