Лұқа 11

11
Құдайға сиыну туралы тәлім
1Бірде Иса бір жерде мінажат етіп отырды. Онысын аяқтаған кезде шәкірттерінің бірі Оған:
— Мырза, Жақия шәкірттеріне мінажат етуді үйреткендей, Сіз де бізге үйретсеңізші, — дегенде, 2Иса оларға былай деді:
— Сендер Құдайға сиынғанда мына іспетті мінажат етіңдер:
Көктегі Әкеміз!
Сенің киелі есімің қастерлене берсін,
Патшалығың осында орнасын!#11:2 Яки: Осы дүниеде ізгілікті билігің орнап, адамдар Саған мойынсұнсын! (4:43; 6:20; 9:27; 10:9)
(Сенің еркің көкте орындалғандай,
Жер бетінде де орындала берсін!)#11:2 Мат 6:10.
3Күнделікті нанымызды әр күні бере гөр.
4Бізге күнә жасаған әркімді кешіргеніміздей,#11:4 Немесе: Бізге борышты әркімді кешіргенімізден (Мат 18:35; Мар 11:25).
Сен де күнәларымызды кешіре гөр.
Азғырылуымызға жол бермей,
(Бізді жамандықтан сақтай гөр.#11:4 Немесе: Бізді азғыратын сынаққа түсірмей, (әзәзіл шайтанның ықпалынан құтқара гөр) (Мат 6:13). Аумин.)
Құдайдан берік сеніммен сұраңдар!
5Иса (мінажат ету туралы тәлімін жалғастырып) оларға былай деді:
— Араларыңдағы біреудің досы бар дейік. Түн ортасында ол соның үйіне барып, одан: «Досым, маған қарызға үш күлше нан бере тұршы. 6Себебі жаңа ғана бір жолдасым жолаушылап келіп қалған еді. Үйімде оған беретін ештеңем болмай тұр», — деп сұрайды. 7Бірақ сол кісі іштен дауыстап жауап беріп: «Мені мазалама! Есігім бекітулі, балаларым да, өзім де жатып қалдық. Енді тұрып, саған ештеңе бере алмаймын», — дейді.
8Сендерге айтамын, сол адам төсегінен тұрып, сұрағанын тіпті дос болғаны үшін бермесе де, көршісі қадалып сұрап тұрып алғандықтан, ақыры оған қажетінің бәрін береді.
9Сондықтан сендерге былай деймін: Құдайдан сұраңдар, сонда Ол сендерге (мұқтаждарыңды) береді; іздеңдер, сонда табасыңдар; есікті қағыңдар,#11:9 Яки: (Құдайдан) сұрай беріңдер,.. іздей беріңдер,.. есікті қағып тұрыңдар (11:13; 13:24-25; 18:7-8; Мат 7:7). сонда ол сендерге ашылады. 10Себебі сұрай берген әркім алады, іздей берген табады, қағып тұрғанға есік ашылады.
11Араларыңдағы қандай әке балық сұраған баласына жылан берер еді?#11:11 Немесе: қандай әке өзінің (нан сұраған) баласына (орнына тас берер еді, яки) балық сұраса орнына жылан берер еді? (Мат 7:9-10) 12Не жұмыртқа сұраса, шаян берер ме еді? 13Сонымен, өздерің күнәкар бола тұра балаларыңа жақсылық жасауды білсеңдер, көктегі Әкенің Өзінен сұрағандарға Киелі Рухын#11:13 Яғни Құдайдың Киелі Рухын (1:67; 4:14; 24:49; Елш 1:8; 2:4,17,38; Еф 1:13; Түсіндірмені де қараңыз). сыйлайтыны ешбір шүбәсіз!
Құдайдың Рухына қарсы тұрмауды ескерту
14Бір күні Иса біреуді мылқау қылып қойған жынды сол кісіден қуып шығарды. Жын шыққан соң, мылқау сөйлей бастады! Көптеп жиналған халық бұған қайран қалды.
15Бірақ кейбіреулері: «Ол жындарды солардың әміршісі белзебүлдің (яғни әзәзіл шайтанның) күшімен қуып шығарады!»#11:15 Бірқатар парызшылдар жапқан осы зұлым жала Құдайдың Киелі Рухын қорлаумен бірдей еді (Мат 12:24,28,32). — деп жала жапты.
16Басқа адамдар Оның билігін сынау үшін Исадан көктің құдіретімен бір кереметті көрсетуін#11:16 Мат 12:38; Мар 8:11; Түсіндірмедегі «Кереметті» де қараңыз. талап етті. 17Бірақ олардың бұл ойларын біле қойған Иса былай деп жауап қайырды:
— Жікке бөлініп, өзара соғысып жататын әрбір патшалық жойылып, бос қалады. Өзара ұрысып-керісіп жататын әр үйдің шаңырағы ортасына түсіп күйрейді. 18Егер шайтан өзіне-өзі қарсы соғысса, оның патшалығы қалай жойылмай тұра алады? Ал сендер Мені: «Жындарды белзебүлдің (яғни шайтанның) күшімен қуып шығарады» дейсіңдер.#11:18 11:15. 19Ендеше Мені жындарды соның күшімен қуып шығарады десеңдер, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен қуып шығады?! Сондықтан айтқандарыңның бұрыстығын өз шәкірттерің әшкерелейді! 20Бірақ шынында Мен жындарды Құдайдың құдіретімен қуып шығарамын. Демек, араларыңда Құдайдың Патшалығы орнаған!#11:20 3:6,16-18; 4:18-21,43; Мат 3:2; 4:17; 5:2,10,20; 6:9-10; 12:28.
21Күшті біреу үйін қару-жарақпен күзеткенде, оның дүние-мүлкі қауіпсіз. 22Бірақ одан да күшті басқа Біреу шабуыл жасап, жеңсе, әлгінің сеніп жүрген бүкіл қару-жарағын тартып алып, қолға түскен олжасын үлестіріп жібереді.#11:22 4:41; 8:2; 9:1; Мат 12:28-29; Мар 3:27; Жох 12:31.
23Кім Менімен бірге болмаса, сол Маған қарсы; кім Менімен бірге жинамаса, сол шашады.#11:23 Мат 12:30; Жох 10:12-13; Жыр 118:113.
24Жын#11:24 Яки: (Әзәзіл шайтанға бағынышты) арам рух (4:33,41; 8:27,30; 9:1,39; 11:14). адамнан шыққаннан кейін шөл даланы кезіп, баспана іздеп, таппайды. Сонда ол: «Шыққан үйіме қайта оралайын» дейді. 25Қайтып келгенде қараса, үй сыпырылып, жиналыпты.#11:25 Үй сыпырылып, жиналғанмен жаңа иесі жоқ (Мат 12:44). Яғни сондай адам жынынан арылған соң өз өмірінен Құдайға басты орын бермеді (Жох 1:11-13; 14:23; Қол 1:27; Аян 3:20; Еф 1:13; 5:15-21; Пет2 2:20). 26Содан жын барып, өзінен бетер жауыз тағы жеті жынды ертіп келіп, үйге кіріп, сонда тұрып қалады. Осылайша әлгі адамның кейінгі жағдайы бұрынғысынан да мүшкіл болады.
27Иса бұларды айтып тұрғанда, бір әйел халықтың арасынан қатты дауыспен:
— Сізді көтерген құрсақ, Сізге нәр берген ана бақытты! — деді. 28Бірақ Иса оған:
— Құдай сөзін естіп, оны орындайтындар одан бетер бақытты!#11:28 Яки: оны орындайтындарды Құдай одан бетер жарылқайды! (6:20; 8:21; 10:23) — деді.
Жүніс пайғамбардың кереметі
29Айналасына халық көптеп жиналғанда, Иса сөзін былай деп бастады: «Осы заманғы ұрпақ — жаман ұрпақ! Ол (билігімді дәлелдейтін) бір керемет көрсетуімді талап етеді. Бірақ оған Жүніс пайғамбардың кереметінен басқасы көрсетілмейді!#11:29 (11:16; Мат 12:39) Ұрпақ: яки буын. 30Себебі (ежелде) Жүніс пайғамбардың Ниневи қаласының тұрғындарына керемет белгі болып көрінгеніндей, көктен келген Билеуші де осы ұрпаққа керемет белгі болып көрінетін болады.#11:30 Мат 12:39-41; Жүн 2:1,11; 3:4-10.
31Ежелгі Оңтүстік Арабияның патшайымы#11:31 Яки: Ежелгі Сәба елінің патшайымы (яғни әйел патшасы) (Шеж2 9:1-12). қиямет күні осы ұрпақтың адамдарымен бірге сот алдында тұрып, олардың қиқарлығын әшкерелейді.#11:31 Немесе: сот алдында тұрып, оларды айыптайды. Себебі патшайым Сүлейменнің даналық сөздерін тыңдау үшін жердің қиыр шетінен келді. Ал мұнда Сүлеймен патшадан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер Маған шынымен құлақ аспайсыңдар!)
32Ниневидің тұрғындары да қиямет кезінде осы ұрпақтың адамдарымен бірге сот алдында тұрып, олардың қиқарлығын әшкерелейді: ниневиліктер Жүніс уағыздағанда теріс жолдарынан қайтты.#11:32 11:30; Жүн 3:5-6. Ал мұнда Жүніс пайғамбардан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер теріс жолдарыңнан қайтудан бас тартасыңдар!)»
Жарық және көз туралы астарлы сөздер
33Ешкім шам жаққан соң оны жасырын жерге немесе бір ыдыстың астына қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа қояды, сонда ол үйге кіргендерге жарығын түсіреді.#11:33 8:16; Мат 5:15.
34Дененің «шамы» — көз.#11:34 Яки: Жарық адамға көзі арқылы кіріп, шындықты көріп білуіне мүмкіндік береді. Көзің кіршіксіз таза болғанда, өмірің түгелдей нұрға кенеледі. Ал егер ашкөз болсаң, өміріңді қараңғылық басады.#11:34 Немесе: Ал егер көзің зұлым болса, бүкіл денең (яки өмірің) қараңғы болады (Еф 4:18). 35Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын, байқа! 36Егер де бүкіл өмірің нұрға кенеліп, қараңғы жерің қалмаса, онда ол шамның саған сәулесін төккені секілді түгелдей жарық болады,#11:36 Мат 5:14-16; Еф 5:8-14; Жох1 1:5-10. — деді Иса.
Діндар болса да Құдайдан алшақ
37Иса сөзін аяқтағанда, бір парызшыл кісі Оны түскі тамаққа үйіне шақырды. Иса барып, дастарқан басына жайғасты. 38Оның тамақ ішер алдында діни қол жуу рәсімін#11:38 Мат 15:2; Мар 7:3-9; Түсіндірмедегі «Тазару рәсімін» де қараңыз. орындамағанын көріп, парызшыл таңғалды. 39Алайда Иеміз оған былай деді:
— Парызшылдар, сендер ыдыс-аяқтарыңа сыртқы тазарту рәсімін жасайсыңдар, бірақ ішкі дүниелерің алдамшылық пен арамдыққа толы! 40Ей, түйсіксіздер, сыртын Жаратқан ішін де жаратты емес пе? 41Ең дұрысы мынау: иеліктеріңнен мұқтаждарға қайыр беріңдер!#11:41 Яки: ыдыс-аяқтарыңдағы тамақтарыңнан кәріп-қасерлерге қайыр беріңдер! Немесе: ішкі дүниелеріңді тазартыңдар! (Мат 23:26) Сонда барлық нәрселерің де адал болады.
42Бірақ, парызшылдар, сендер қасіретке қаласыңдар! Тіпті (бақшадан жиналған) жалбыз, тасшөп сияқты әр түрлі майда-шүйде дәмдеуіш шөптердің құнының да оннан бір бөлігін садақаға бересіңдер. Бірақ та әділдікке және Құдайға деген сүйіспеншілікке көңіл бөлмейсіңдер. Біріншісін де істеп, екіншісін де қалдырмағандарың дұрыс болар еді.
43Парызшылдар, сендер қасіретке қаласыңдар! Мәжілісханаларда сыйлы орында отыруды, әрі базарларда жұрттың өздеріңе сәлем беріп қошеметтеуін ұнатасыңдар. 44(Дін мұғалімдері мен парызшылдар, екі жүзділер) сендер қасіретке қаласыңдар! Белгі қойылмаған молаларға ұқсайсыңдар: жұрт олардың қабір екенін білмей, үстімен жүріп арамданады.#11:44 Молалардың іштері жиренішті нәрсеге толы болатынындай, екі жүзділердің жүректері де арамдыққа толы; жұрт олармен қатынасып арамданады (Мат 23:27).
45Сонда Таурат заңын үйретуші ғұламалардың бірі:
— Ұстаз! Бұл сөзіңіз бізді де ренжітеді, — деді. 46Иса бұған былай деп жауап берді:
— Таурат заңын үйретуші ғұламалар, сендер де қасіретке қаласыңдар! Адамдардың мойындарына көтеруге ыңғайсыз, тым ауыр борыштарды#11:46 Яки: тым ауыр діни парыздарды (жүктерді) (Мат 23:4). артып қоясыңдар, бірақ өздерің сол жүктерге саусақтарыңның ұшын да тигізбейсіңдер.
47Сендер қасіретке қаласыңдар! Ата-бабаларың өлтірген пайғамбарларға әдемілеп мазар саласыңдар; 48осылайша ата-бабаларыңның істеріне куә болып, тіпті оларымен келісесіңдер де. Ата-бабаларың пайғамбарларды өлтірген, ал сендер соларға мазар орнатасыңдар. 49Сондықтан Құдай Өзінің даналығымен былай деген: Мен оларға пайғамбарлар мен елшілерді жіберемін. Бірақ олар солардың кейбіреулерін өлтіріп, басқаларын қудалайды.#11:49 20:10-12; Мат 23:34.
50-51Сол үшін де Әбілден бастап, құрбандық үстелі мен киелі үйдің арасында өлтірілген Зәкәрияға#11:50-51 Тауратта Әбіл ең алғашқы, ал Шежірелер туралы 2-жазбада Зәкәрия ең соңғы жазықсыз өлтірілгендер ретінде аталған (Жар 4:8; Шеж2 24:18-22; Мат 23:35). дейін, яғни дүние жаратылғаннан бері өлтірілген барлық пайғамбарлардың төгілген қандарының құны осы ұрпақтан талап етілсін! Иә, сендерге шындығын айтамын: ол осы ұрпақтан талап етіледі!
52Таурат заңын үйретуші ғұламалар, қасіретке қаласыңдар! Сендер (құтқарылу туралы) білімнің кілтін тартып алдыңдар: өздерің де кірмедіңдер, кіргісі келгендерге де кедергі жасадыңдар!#11:52 Мат 21:32; 23:13; Жох 5:44-47.
53Иса осыны айтып болып, сол жерден кете бергенде, дін мұғалімдері мен парызшылдар Оған әр түрлі сұрақтар қойып, жан-жақтан қыспақтады. 54Олар Исаны айыптайтын бір нәрсені табу үшін, Оның аузынан шыққан әрбір сөзін аңдыды.

Одоогоор Сонгогдсон:

Лұқа 11: КК 2010

Тодруулга

Хуваалцах

Хувилах

None

Тодруулсан зүйлсээ бүх төхөөрөмждөө хадгалмаар байна уу? Бүртгүүлэх эсвэл нэвтэрнэ үү