Лұқа 18

18
Құдайдан үміт үзбей сұрай беріңдер!
1Иса шәкірттеріне әрқашан үмітін үзбей Құдайдан сұрай берудің керектігін де астарлы әңгімемен түсіндіріп 2былай деді:
— Бір қалада Құдайдан қорықпайтын, адамнан да ұялмайтын би болыпты. 3Сол қалада бір жесір әйел де тұрады екен. Әйел биге қайта-қайта келіп: «Мені дауласқан кісімнен қорғай көріңіз!» — деп өтініп сұрай береді екен.
4Бірақ би жесірді көп уақыт бойы қорғағысы келмейді. Ақырында ол ішінен: «Құдайдан қорықпаймын, адамнан да ұялмаймын. 5Алайда мына жесір маған тыныштық бермегендіктен, оның мүддесін қорғайын. Әйтпесе ол қайта-қайта келіп, мазамды ала берер» деп ойлайды.
6Содан кейін Иеміз Иса былай деді: «Сендер әділетсіз бидің не айтқанын естідіңдер ғой. 7Ал Құдай Өзі таңдап алған, Өзіне күні-түні жалбарына сиынған адамдарының мүдделерін қорғамай ма? Әлде соны ұзаққа созып жібере ме? 8Сендерге шындығын айтамын: Құдай олардың мүдделерін тезірек қорғайды! Алайда Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келгенімде жер бетінен Өзіме сондай қатты сенетіндерді таба алар ма екенмін?»
Өркөкірек парызшыл және теріс жолдан қайтқан салықшы
9Өздерінің әділдігіне нық сеніп, басқаларды менсінбей жүрген кейбір кісілерге Иеміз мына астарлы әңгімені айтып берді:
10— Екі адам Құдайға сиыну үшін ғибадатханаға өрлеп барыпты. Бірі парызшыл, екіншісі салық жинаушы#18:10 7:29-30; Түсіндірмені де қараңыз. екен. 11Парызшыл тұра қалып, іштей былай деп мінажат етеді: «Я, Құдай! Мен басқа адамдар сияқты қарақшы, жәбірлеуші, неке адалдығын бұзушы немесе ана салықшыға ұқсап күнәкар болмағаным үшін Саған ризашылығымды білдіремін. 12Өйткені мен аптасына екі рет ораза ұстаймын, барлық тапқан табысымның оннан бір бөлігін қайыр-садақаға беріп тұрамын».
13Ал салық жинаушы алыста тұрып, тіпті назарын көкке көтеруге де батылы бармай, қолын кеудесіне қойып:#18:13 Яки: көкірегін соққылап. (Бұл әдет опық жеп қайғырудың сыртқы белгісі болатын: 23:48.) «Я, Құдай, мен күнәкармын, рақым ете гөр!» — деп жалбарынады. 14Сендерге шын айтамын: екеуі үйлеріне қайтқанда, парызшылды емес, салықшыны Құдай кешіріп, ақтаған еді.#18:14 Мат 5:3-6; Рим 4:5. Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін төмен ұстаған жоғарылатылады.#18:14 14:11; Мат 18:4; 23:12; Жыр 31:1-2,5; 50:5,19; Жох1 1:8-9.
15Иса қолын тигізіп бата берсін деп, бірнеше адам Оған нәрестелерін алып келді. Бірақ мұны көрген шәкірттер оларды жібермеді. 16Ал Иса балаларды қасына шақырып алып: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін. 17Сендерге шындығын айтайын: кім Құдайдың Патшалығын бала сияқты қабылдамаса, оған кіре алмайды»,#18:17 Яки: Кім Құдайдың басшылығына баладай кішіпейіл болып мойынсұнып сенбесе, оның игіліктерін көрмейді (Мат 5:3-8; 18:3; 19:14). — деді.
Байлықтың қаупі, ал Құдай сыйлайтын шынайы өмір
18Басшылардың біреуі Исадан:
— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек? — деген сұрақ қойды. 19Иса оған:
— Мені неге ізгі дейсің? Құдайдан басқа ешкім де ізгі емес.#18:19 Адам баласы өздігінен ізгі бола алмайды (Жыр 52:2-4; Иш 57:12; 58:2-5; 64:6). Осы кісі Иеміз Исаны «Ізгі Ұстаз» деп атап, Оның шынында кім екенін ұққан жоқ (Мат 16:16). 20Оның өсиеттерін білесің ғой: «Неке адалдығын бұзба; кісі өлтірме; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ата-анаңды сыйла!»#18:20 Мыс 20:12-16; Заң 5:16-20; Мат 19:18; Мар 10:19. — деп жауап берді. 21Әлгі кісі:
— Бұлардың бәрін де жастайымнан орындап келемін, — деді. 22Иса мұны естігенде:
— Саған тағы бір нәрсе жетіспейді: қолыңдағы бар мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер!#18:22 12:33-34; 16:9-13; Мат 19:21. — деді.
23Бұларды естігенде әлгі кісі қатты қапаланды. Себебі ол өте бай болатын. 24Иса оның қатты қапаланғанын көріп:
— Мал-мүлікке бай адамдардың Құдайдың Патшалығына кіруі қандай қиын! 25Иә, байдың Құдайдың Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай, — деді. 26Мұны естігендер:
— Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады? — деп сұрады. 27Иса:
— Адамның қолынан келмейтін нәрселер Құдайдың қолынан келеді, — деп жауап берді.
28Петір тіл қатып былай деді:
— Міне, біз барлығын қалдырып, Сіздің соңыңыздан еріп жүрміз. 29Сонда Иса шәкірттеріне:
— Сендерге шындығын айтайын: үй-жайын, әке-шешесін, бауырларын, әйелі не бала-шағасын Құдайдың Патшалығына бола#18:29 Яки: Құдайдың ізгілікті Билігіне бола (19:11). қалдырған әркімге 30сол үшін осы заманда қарымтасы бірнеше есе артығымен қайтарылады, әрі келер заманда ол мәңгілік өмірге ие болады,#18:30 Құдай адамдарға ата-анасын сыйлап, үй ішіне қамқорлық жасауды бұйырған (18:20; Тім1 5:4,8). Ал егер сенуші Құдайдан ерекше тапсырма алып не сенімге қас адамдардан қудаланып, ел-жұртынан қол үзуге мәжбүр болса, Құдай барлығын өз қамқорлығына алады, әрі сенушіге арнайы сыйын беретін болады (12:22-31; Жох 5:28-29). — деп нық айтты.
Өзінің өліп, қайта тірілетінін Исаның үшінші рет білдіруі
31Иса он екі шәкіртін қасына шақырып алып, оларға (Өзінің басынан өткізетіндері туралы) былай деді:
— Енді Иерусалимге өрлеп бара жатырмыз. Пайғамбарлардың көктен келген Билеуші#18:31 Яки: Құдай тағайындаған Билеуші ретінде көктен келген Мен («Адам Ұлы»). туралы алдын ала жазып кеткендерінің бәрі#18:31 24:25-27. сол жерде орындалады: 32Оны Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамдарына ұстап береді. Солар Оны мазақ етіп қорлап, бетіне түкіріп, 33қамшымен сабалайды, ақырында өлтіреді. Алайда үшінші күні Ол қайта тіріледі!
34Бірақ шәкірттері Исаның осы айтқанынан ештеңе ұқпады. Бұл сөздерінің мәні олар үшін құпия болғандықтан түсініксіз болып қала берді.#18:34 9:45.
Зағип кісінің сенімі
35Иса Иерихон қаласына жақындап қалғанда, жол жиегінде бір соқыр адам қайыр сұрап отырған еді.#18:35 Ескерту: Сол заманда екі Иерихон қаласы: Көне және Жаңа Иерихон бір-біріне жақын орналасқан еді. Жол жиегінде қайыр сұраған екі соқырдың біреуінің аты Бартімей шәкірттердің естерінде қалған (Мат 20:29-30; Мар 10:46). 36Ол қасынан көп кісілердің өтіп бара жатқанын естіп:
— Бұл не? — деп сұрады. 37Жұрт оған:
— Назареттік Иса келе жатыр! — деді. 38Сонда әлгі соқыр:
— Дәуіттің Ұрпағы Иса! Маған рақым ете көріңіз! — деп айқайлады. 39Алда келе жатқандар оған ұрсып, үндемеуге бұйырды. Бірақ ол одан бетер айқайлап: «Дәуіттің Ұрпағы! Маған рақым ете көріңіз!» — деп жалбарынды.
40Иса тоқтай қалып, оны қасына алып келуге бұйырды. Соқыр адам жақындап келген соң, Иса одан:
41— Өзіңе не істегенімді қалайсың? — деп сұрады. Ол:
— Тақсыр, көзімді көретін етсеңіз екен! — деп өтінді. 42Иса оған:
— Көзің көретін болсын! Сен сенімің арқылы құтқарылдың,#18:42 Мар 5:34; 10:52; Евр 11:1,33. — деді.
43Сол сәтте-ақ соқыр адамның көзі ашылып, көретін болды! Ол Құдайға зор ризашылығын білдіріп Исаға еріп жүрді. Мұны көрген халықтың бәрі Құдайды дәріптеп мадақтады.

Одоогоор Сонгогдсон:

Лұқа 18: КК 2010

Тодруулга

Хуваалцах

Хувилах

None

Тодруулсан зүйлсээ бүх төхөөрөмждөө хадгалмаар байна уу? Бүртгүүлэх эсвэл нэвтэрнэ үү