Лұқа 4
4
Мәсіх Исаның айдалада сынақтан өтіп, әзәзілді жеңіп шығуы
1Киелі Рухқа кенелген#4:1 3:21-22. Иса Иорданнан қайтқанда, Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. 2Сол жерде әзәзіл шайтан Оны қырық күн бойы сынады. Иса сол күндері нәр татпай, осы мерзім аяқталғанда әбден ашықты.
3Сонда әзәзіл шайтан Оған:
— Егер Құдайдың рухани Ұлы болсаң, мына тас нанға айналсын деп бұйыра гөр, — деді. 4Иса оған былай деп жауап қатты:
— «Адам тек нанмен ғана емес (Құдайдың әрбір сөзімен) өмір сүреді»#4:4 Заң 8:3; Мат 4:4. деп (Тауратта) жазылған ғой!
5Бұдан кейін әзәзіл шайтан Оны ертіп алып биік бір жерге шығарып, әп-сәтте әлемнің барлық мемлекеттерін көрсетіп:
6— Осы мемлекеттердің бүкіл билігін, олардың сән-салтанатын Саған беремін. Бұл билік маған тапсырылған, оны көңілім қалағанға сыйлаймын. 7Сонымен маған ғибадат етсең#4:7 Яки: менің алдымда иіліп табынсаң. бәрі де Сенікі болады, — деді. 8Иса оған былай деп жауап қатты:
— (Кет қасымнан, шайтан!) «Құдай Иеңді терең қастерлеп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!»#4:8 Яки: Құдайың — Жаратқан Иеге иіліп тағзым етіп, жалғыз Оған ғана қызмет (ғибадат) ет! (Заң 6:13) деп (Тауратта) жазылған ғой!
9Мұнан соң әзәзіл шайтан Оны Иерусалим қаласына апарып, ғибадатхананың төбесіне шығарып, былай деді:
— Егер Құдайдың рухани Ұлы#4:9 Немесе: Құдайдың Ұлы (1:32,35; 3:22). болсаң, мына жерден төмен қарай секіре гөр! 10Өйткені «Періштелеріне Ол Сен жайлы бұйрық береді: олар Сені қорғап күзетеді. 11Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін қолдарына көтеріп Сені алып жүреді»#4:11 Жыр 90:11-12. деп (Забурда) жазылған ғой. — 12Иса оған жауап қайтарып:
— «Құдай Иеңді еркінсіп сынама!»#4:12 Заң 6:16. деп (Тауратта) айтылған ғой! — деді.
13Әзәзіл шайтан барлық сынақтарын бітірген соң уақытша Оның қасынан кетіп қалды.
Исаның Ізгі хабарды жариялауы, ал Назарет халқының қиқарлануы
14Киелі Рухтың құдіретіне кенелген Иса Ғалилея аймағына қайтып келді. Ол туралы хабар бүкіл төңірекке тарап кетті. 15Иса халыққа мәжілісханаларында#4:15 Мәжілісхана: яһудилер Құдайға сиынып, Таурат, Забур және Пайғамбарлардың жазбаларын оқып-үйренетін жиналыс үйі (Түсіндірмені де қараңыз). тәлім беріп, бәрі Оны мадақтады.
16Өзі өскен Назарет қаласына келген соң, Иса әдетіне сай демалыс күні#4:16 Яки: сенбі күні. (Исраил халқының демалып, Құдайға сиынуға жиналатын күні.) мәжілісханаға барды. Ол Киелі жазбалардан оқып беру үшін орнынан тұрғанда, 17Оған Ишая пайғамбардың жазбасы берілді. Иса сол шиыршық кітапты#4:17 Яғни (түтік сияқты оралған) қағазды (свиток) (Түсіндірмені қараңыз). ашып, мына жерін тауып, оқып берді: 18«Маған Жаратқан Ие Өзінің Рухын қондырды. Ол мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге тағайындады, сондай-ақ тұтқындарға босатылып, соқырларға көре алатындарын жар салуға жіберді. Жаратқан Ие мені езілгендерді қанаудан азат етуге 19және Өзінің кешірім беретін мейірімділік жылын жариялауға да жұмсады».#4:19 Иш 61:1-2.
20Иса жазбаны жауып, қызметшіге қайтарып берді де, орнына отырды. Мәжілісханадағы бүкіл жамағат Оған көз тікті. Иса: 21«Сіздер естіген осы сөздер бүгін орындалды», — деп оларға уағыз айта бастады. 22Бәрі Оған ризалық білдіріп, аузынан шыққан ұнамды сөздеріне таңғалды.
Бұдан кейін олар:
— Мынау Жүсіптің Баласы емес пе? — деп өзара сұрасты.#4:22 Мат 13:55,57. 23Иса оларға былай деп жауап берді:
— Әрине Маған «Дәрігер болсаң, өзіңді емде» деген мәтелді келтіріп, «Қапарнаумда жасаған керемет істерің туралы естідік. Мына өскен жеріңде де сондайларды істе!» дерсіздер. 24Сіздерге шындығын айтамын: өз елінде пайғамбардың қадірі болмас.#4:24 Яки: өз елінде ешбір пайғамбар құрметпен қабылданбас (Мат 13:57; Мар 6:4; Жох 4:44). 25Естеріңізде болсын: Ілияс пайғамбардың тұсында үш жыл алты ай бойы ешқандай жауын жаумай, барлық жерде қатты ашаршылық болған кезде Исраил елінде жесір әйелдер көп еді. 26Бірақ Құдай Ілияс пайғамбарды солардың ешқайсысына емес, тек шетелдік Сидон елінің#4:26 Бүгінгі Ливан елінде. (Сол заманда онда Құдайға мойынсұнбайтын басқа ұлт адамдары тұратын.) Сарепта қаласындағы бір жесір әйелге жіберді.#4:26 Пат3 17:8-16. 27Сондай-ақ Еліше пайғамбардың тұсында алапеспен#4:27 Алапес: түпнұсқадағы сөз жүйке жүйесін істен шығаратын жұқпалы тері ауруларының жалпы атауы болатын. ауырған кісілер Исраилде көп еді. Бірақ сириялық Нағыманнан#4:27 Пат4 5:1-14. басқа ешкім ауруынан жазылған жоқ.
28Мұны естігенде мәжілісханадағы адамдардың бәрі қатты ашуланды.#4:28 Сол заманда яһудилер өздерін басқа ұлт адамдарынан әлдеқайда жоғары санайтын. Сондықтан Иса Құдайдың оларды да қамқорлап, жарылқайтыны жайлы айтқанда, яһудилер бұған қатты ренжіп ашуланды (3:8-19; 20:16; Мат 8:11-12). 29Олар орындарынан тұрып, Оны қаладан қуып шығып, қала тұрған таудың тік жарынан құлатпақ болып төбесіне алып барды. 30Бірақ Иса араларынан өтіп шығып, кетіп қалды.
Қапарнаумдағы аурулар мен жын қинағандардың дерттерінен арылуы
31Содан Иса Ғалилеядағы Қапарнаум қаласына ылдилап барды.#4:31 Назарет Ғалилеяның қыратты жеріндегі шағын қала, ал Қапарнаум төменде, Ғалилея көлінің жағасында орналасқан сауда орталығы болатын. Сол жерде демалыс күні халыққа тәлім берді. 32Иса Құдайдан келген ерекше билікпен#4:32 Яки: өкілеттікпен. (Құдай сөзін уағыздауға Исаның өзіндік еркі мен терең түсінігі бар еді: 3:21-22; 4:18-19,22,36; Мат 7:29; Мар 1:22; Елш 2:22.) сөйлегендіктен, жұрт Оның тәліміне қатты қайран қалды.
33Мәжілісханада жын#4:33 Яки: (әзәзіл шайтанға бағынышты) арам рух, пері (8:29; 9:42; 11:15). соққан бір кісі де болды. Ол қатты дауыстап:
34— Тоқта, назареттік Иса, бізде нең бар? Құртуға келдің ғой бізді. Кім екеніңді білемін: Сен Құдайдың Киелісісің, — деп айқайлады. 35Бірақ Иса жынға:
— Үніңді өшір, шық одан! — деп қатаң бұйырды. Сонда жын сол кісіні мәжілісхананың ортасына құлатып тастады, алайда оған еш зиян келтірместен денесінен шығып кетті!
36Барлық жұрт үрейлері ұшып: «Бұл не деген сөз? Ол жындарға билікпен және құдіретпен бұйрық беріп, олар шығып кетеді ғой!» — деп таңғалысты. 37Бұдан кейін Иса туралы хабар төңіректегі барлық жерге жайылды.
38Иса мәжілісханадан шыққан соң Шимонның үйіне барды. Оның қайын енесі безгекпен қатты ауырып,#4:38 Яки: қайын енесі қызуы қатты көтеріліп. төсек тартып жатқан еді. Үйдегілер Исадан сол кісіге көңіл бөлуін өтінді. 39Иса әйелдің қасына барып, қызуға тыйым салды. Сонда қызуы басылып, әйел дереу орнынан тұрып, оларды күтіп қызмет ете бастады.
40Күн бата бүкіл жұрт әр түрлі науқастармен ауырған адамдарын Исаға алып келді. Ол солардың әрқайсысының үстіне қолын қойып, сауықтырып жіберді. 41Көп адамның бойындағы жындар шығып: «Сен Құдайдың рухани Ұлысың»,#4:41 Немесе: «Сен Мәсіхсің — Құдайдың (рухани) Ұлысың!» (1:35) — деп айқайлады. Өзінің Мәсіх екендігін білгендіктеріне бола, Иса жындарға тыйым салып, сөйлетпей тастады.
42Таң атқанда Иса үйден шығып, оңаша бір жерге барды. Халық Оны іздеп, қасына келіп:
— Бізді тастап кетпеңіз, — деп, Оны тоқтатпақшы болды. 43Бірақ Иса оларға:
— Құдайдың Патшалығы#4:43 Құдайдың адамдарға жүргізетін игілікті әкімшілігі (6:20-21; 9:11; 9:27-30,34-36; 18:29-31; Түсіндірмені де қараңыз). туралы Ізгі хабарды басқа қалаларға да жариялауға тиістімін. Себебі Мен сол үшін осында жіберілдім, — деді. 44Бұдан кейін Иса Ғалилея аймағындағы яһудилердің мәжілісханаларында#4:44 4:15; Мат 4:23; Мар 1:39. уағыз айтып жүрді.
Одоогоор Сонгогдсон:
Лұқа 4: КК 2010
Тодруулга
Хуваалцах
Хувилах
Тодруулсан зүйлсээ бүх төхөөрөмждөө хадгалмаар байна уу? Бүртгүүлэх эсвэл нэвтэрнэ үү
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.