Лұқа 9
9
Исаның елшілеріне тапсырма беруі
1Бірде Иса он екі елшісін қасына шақырып алып, оларға барлық жындарды қуып шығарып, ауруларды сауықтыру құдіреті мен билігін тапсырды. 2Оларды Құдайдың Патшалығын уағыздап, науқастарды сауықтыруға да жіберді. 3Сонда Иса елшілеріне мына тапсырманы берді: «Жолға артық еш нәрсе алмаңдар: таяқ, жолдорба, нан, ақша, артық киімдерің болмасын. 4Қай үйге түссеңдер, сонда қонып, сол үйден жолға шығыңдар.#9:4 Осылай елшілер Құдайға кәміл сенуді үйренуге тиіс еді. Олар үй-үйді аралап, қонақтап жүрмей, өздерін алдымен шақырған отбасыларының қонақжайлылығына риза болсын (12:22-23; 20:46-47). 5Егер бір жерде сендерді қабылдамаса, сол қаладан шығып кетіп бара жатқанда аяқтарыңдағы шаң-тозаңды қағып тастаңдар.#9:5 Бұл салт енді осы жердің тұрғындарымен рухани қатынасым болмайды, әрі Құдайдың жазасын тартатындарына өздері кінәлі болады дегенді білдіретін (10:10-12,16; Елш 13:50-51). Бұл оларға ескерту болсын».
6Елшілер жолға шығып, ауыл-ауылды аралады. Әр жерде Ізгі хабарды жариялап, ауру-сырқауларды сауықтырды.
Аймақ әкімі Иродтың Иса жайындағы сұрағы
7Аймақ әкімі Ирод (Антипас)#9:7 3:19-20; Мат 14:1; Мар 6:14. Исаның істегендерінің бәрін естіп, абыржып аң-таң болды. Себебі кейбір кісілер: «Бұл өлімнен қайта тірілген Жақия екен» десе, 8басқалары: «Ілияс пайғамбар жер бетіне қайтып келіпті»#9:8 Мат 11:14; 17:10-13; Мар 6:15; Мал 4:5. деді. Тағы басқалар: «Ежелде өмір сүрген өзге пайғамбарлардың бірі қайта тіріліпті», — деп болжады. 9Сонда Ирод: «Жақияның басын өзім шаптырған едім.#9:9 3:19-20; Мат 14:6-12; Мар 6:21-29. Ал осы естігендерімді істеп жүрген бұл Кісі кім екен?» — деп, Оны көруге құмартты.
Мәсіх Исаның бес мыңнан астам адамды тамақтандыруы
10Исаның жіберген елшілері қайтып келіп, жасаған істері туралы Оған түгелдей баяндады. Иса оларды ертіп алып, Бетсайда деген қаланың маңындағы оңаша бір жерге жөнелді. 11Ал халық мұны біліп алып, Оның соңынан ілесті. Иса оларды жылы қабылдап, Құдайдың Патшалығы туралы уағыз айтты және айығуға мұқтаждарды ауруларынан сауықтырды.
12Күн кеш бола бастағанда он екі елшісі Исаның қасына келіп:
— Халықты таратып жіберіңіз. Олар жақын маңдағы ауылдар мен елді мекендерге барып, жатар орын мен жейтін тамақ тапсын. Мұнда құлазыған даладамыз ғой! — деген ұсыныс жасады. 13Бірақ Иса:
— Оларға тамақты сендер беріңдер! — деп жауап қатты. Шәкірттері:
— Бізде бес күлше нан мен екі кепкен балықтан#9:13 Сол елдің жұрты тұздалып кептірілген балықты нанға қосып жейтін (11:11). өзге ештеңе жоқ. Әлде мына адамдардың бәріне тамақ сатып алуға барайық па? — деп сұрады. 14Себебі сол жерде бес мыңдай ер адам болатын.#9:14 Бұған қоса әйелдер мен балалар да болды (Мат 14:21). Ал Иса шәкірттеріне:
— Оларды шамамен елу-елуден топқа бөліп, жайғастырып отырғыза беріңдер! — деп тапсырды. 15Шәкірттері бәрін солай етіп отырғызды. 16Иса бес күлше нан мен екі кепкен балықты қолына алып, көкке қарап тұрып шүкірлік етті.#9:16 Яғни көктегі Әкесіне ризашылық білдіріп тамаққа бата берді (Мат 14:19; 26:26). Оларды халыққа тарату үшін үзіп-үзіп, шәкірттеріне бере берді. 17Барлығы да жеп тойды. Соңында олар нан мен балықтан артылып қалғандарын жинап алғанда, он екі себет#9:17 Яки: он екі кәрзеңке. толды.
Иса шын мәнісінде кім? Өзінің өліп, қайта тірілетінін алғашқы рет білдіруі
18Бір күні Иса оңаша жерде мінажат етіп отырғанда шәкірттері қасында болатын. Сонда Иса оларға мынадай сұрақ қойды:
— Халық Мені кім деп жүр? 19Шәкірттері:
— Біреулері Сізді — шомылдыру рәсімін жасаған Жақия, ал басқалары — Ілияс пайғамбар,#9:19 Діндар яһудилердің көбі Мәсіх келмес бұрын Ілияс және тағы басқа бір пайғамбар дүниеге қайта келуге тиіс деп сенетін (1:17; Мар 9:11-12; Мал 4:5; Заң 18:18). тағы басқалары — ежелгі пайғамбарлардың өзге біреуі қайта тіріліпті деп жүр, — деді. 20Сонда Иса:
— Ал сендер Мені кім дейсіңдер? — деп сұрады. Петір Оған жауап беріп:
— Сіз Құдай тағайындаған Мәсіхсіз!#9:20 Яки: Құдай тағайындаған Құтқарушы Патшасыз (2:11,26; Мат 16:14; Түсіндірмені де қараңыз). — деді.
21Алайда Иса шәкірттеріне бұл туралы ешкімге тіс жармауды қатты ескертті.#9:21 Халық Мәсіхтен өздерін Римнің езгісінен құтқаруды күтсе, Иса олардан ең алдымен теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсулерін талап етті (Мар 1:14-15).
22Оларға тағы былай деді:
— Көктен келген Билеуші — Мен көп азап шегуге тиіспін:#9:22 Яки: Құдай тағайындаған Билеуші («Адам Ұлы») көп азап шегуге тиіс. рубасылар, басты діни қызметкерлер және дін мұғалімдері Өзімнен бас тартулары әрі Менің өлтірілуім, бірақ содан кейінгі үшінші күні қайта тірілуім де қажет!
Мәсіхтің ізгі жолына толық бағышталу қажет
23Бұдан кейін Иса халықтың бәріне арнап мынаны айтты:
— Маған еріп шәкіртім болғысы келген әркім өз еркі бойынша өмір сүруін қойсын, әрі айқышын арқалаған кісідей азапты өлімге күн сайын дайын болып Менің жолыммен жүрсін!#9:23 Яки: өз мүддесінен бас тартып, күн сайын айқышын көтеріп алып Менің соңымнан ілессін (Мат 16:24; Мар 8:34; Флп 3:10-11; Ғал 2:20). 24Себебі кім өмірімді сақтаймын десе, одан айырылады,#9:24 Яки: кім (бұ дүниедегі) өмірімді сақтаймын десе, (шынайы) өмірден құр қалады (Мар 8:34-38; Евр 10:36,39). ал өмірін Мен үшін қиған әркім оны (мәңгі) аман сақтап қалады. 25Адам бүкіл дүниеге ие болып, сол себепті өзін жойып жіберсе, яки өзіне мәңгілік зиян келтірсе,#9:25 Немесе: сол себепті шынайы өмірден құр қалса, яки мәңгілік жаза тартса (12:5; 16:23-26; Аян 2:7,11; 3:5). бұдан оған не пайда? 26Себебі кім Мені және айтқан сөздерімді танудан бас тартса, Мен де Билеуші ретінде Өзімнің салтанатыммен әрі Әкемнің және Оған бағышталған періштелердің салтанатымен көктен қайтып келген кезімде сол адамды танудан бас тартамын.#9:26 Немесе: Кім Менен және сөздерімнен ұялса, Құдай тағайындаған Билеуші де («Адам Ұлы» да) Өзінің, Әкесінің және Оған бағышталған (қасиетті) періштелердің салтанатты ұлылығымен көктен қайтып келген кезінде сол адамнан ұялады (демек, Мен оны өз шәкіртім деп мойындамаймын: 12:8-9; Мат 10:32-33).
Мәсіхтің өз Патшалығының нұрлы салтанатымен үш елшісіне көрінуі
27«Сендерге шын айтамын: осында тұрған кейбіреулерің Құдайдың Патшалығын өз көздеріңмен көрмей, өлмейсіңдер», — деді Иса.
28Бұл сөздерді айтқаннан шамамен сегіз күн өткеннен кейін Иса Петір, Жохан және Жақыпты ертіп алып, сиынып мінажат ету үшін бір таудың басына шықты. 29Иса сиынып тұрғанда, Оның бет-әлпеті өзгеріске түсіп, киімдері аппақ болып найзағайдың отындай жалтырап тұрды.#9:29 2:9; Мыс 19:16; 40:35; Аян 1:13-16. 30Кенеттен екі адам пайда болып, Исамен сөйлесті. Бұлар (ежелде өмір сүрген) Мұса пайғамбар мен Ілияс пайғамбар еді. 31Салтанатты ұлылықпен көрінген екеуі Исаның Иерусалим қаласында (Құдайдың еркін орындап) бұ дүниеден өтуге тиісті екендігі туралы айтты.#9:31 9:22; 24:26-27,44-47,51.
32Ал Петірді және қасындағы жолдастарын ұйқы басты. Олар оянғанда Исаның салтанатты ұлылығын да, Онымен бірге тұрған екі кісіні де көрді. 33Сол екеуі Исаның қасынан кете бастағанда, Петір Оған: «Ұстаз, бұл жерде болғанымыз қандай жақсы! Біреуін Сізге, біреуін Мұсаға, біреуін Ілиясқа арнап үш күрке#9:33 Немесе: үш (киелі) шатыр (Мыс 25:9; Евр 8:5). құрайық», — деп ұсынды. Ол өзінің не айтқанын ұққан да жоқ.#9:33 Себебі Петірді үрей биледі (Мар 9:6). 34Петір осыны айтып тұрған кезде-ақ бір бұлт келіп, оларға көлеңкесін түсірді.#9:34 Немесе: бір (нұрлы) бұлт келіп, оларға қонды (Мыс 24:16; 30:4; Түсіндірмедегі «Жарық бұлтты» да қараңыз). Бұлттың құшағына кіргенде шәкірттер қорқып кетті. 35Сонда бұлт ішінен: «Бұл — Менің таңдап алған рухани Ұлым.#9:35 Немесе: Менің сүйікті Ұлым (1:35; 3:22; Иш 42:1). Оны тыңдаңдар!» — деген дауыс шықты. 36Дауыс шыққаннан кейін Иса жалғыз Өзі қалды.
Ал шәкірттері осында көргендері туралы сол күндері ешкімге де тіс жарған жоқ.#9:36 Мат 17:9; Мар 9:9.
Мәсіхтің жын азаптаған баланы сауықтыруы
37Келесі күні Иса үш елшісімен таудан түскенде, Оны көптеген халық қарсы алды. 38Сол сәтте халықтың арасынан біреу дауыстап былай деді:
— Ұстаз, Сізден өтінемін: менің ұлыма назар аудара көріңіз! Ол — жалғыз балам. 39Жыны ұстағанда, ол кенеттен шыңғырып жібереді. Жын баланы қалшылдатып, аузынан көбігін ағызады; одан зорға дегенде кетіп, оны қатты азаптайды. 40Шәкірттеріңізден жынды шығарып тастаңдар деп өтінген едім, бірақ қолдарынан келмеді. — 41Сонда Иса:
— Ей, сенбейтін, шындық жолынан тайған ұрпақ-ай!#9:41 17:6; Мат 17:17,20; Мар 9:29; 11:23-25. Қанша уақыт қастарыңда болып, сендерге төзбекпін?! Кәне, ұлыңды мұнда әкел! — деп жауап берді. 42Бала келе жатқанда, жын оны жерге жығып, қатты қалшылдатты. Иса жынға қатаң тыйым салып, баланы сауықтырды. Содан оны әкесіне тапсырды. 43Бәрі де Құдайдың ұлы құдіретіне қайран қалды.
Мәсіхтің Өзінің алда шегетін азабын екінші рет білдіруі
Бүкіл халық Исаның барлық істеріне таңырқап тұрғанда, Ол шәкірттеріне (өз басынан өткізетіндері туралы) былай деді: 44«Осы сөздерімді құлақтарыңа құйып алыңдар: көктен келген Билеушіні#9:44 (9:21) Яки: Құдай тағайындаған Билеуші («Адам Ұлы») ретінде көктен келген Мені. адамдардың қолына ұстап береді!»
45Шәкірттері Исаның бұл айтқандарын түсінбеді. Мәні өздеріне жасырын болғандықтан, олар оны ұға алмады. Алайда сол туралы Исаға сұрақ қоюға батылдары бармады.
Мәсіхтің жолын қуушылардың ең үлкені кім?
46Шәкірттердің арасында: «Қайсымыздың жолымыз ең үлкен?» — деген ой туындады. 47Олардың жүрек түкпірлеріндегі ойларын ұққан Иса бір кішкентай баланы алып, жанына тұрғызып қойып былай деді:
48— Кім осындай сәбиді Менің атыммен қабылдаса, соның Мені де қабылдағаны. Ал кім Мені қабылдаса, оның Мені Жібергенді де қабылдағаны. Естеріңде болсын: араларыңда ең кішік кім болса, ең ұлыларың — сол.
49Сонда Жохан:
— Ұстаз, Сіздің атыңызбен адамдардың жындарын қуып шығарып жатқан біреуді көрдік. Оған тыйым салдық. Ол бізбен бірге Сізге еріп жүрген жоқ қой, — деді. 50Бірақ Иса Жоханға:
— Оған тыйым салмаңдар! Сендерге қарсы болмағанның сендерге жақтас болғаны,#9:50 Мар 9:39-41. — деп жауап берді.
Исаның Иерусалимге соңғы рет сапарға шығуы әрі самариялықтардың Оны қабылдамауы
51Иса көкке көтерілетін күні жақындаған кезде Иерусалимге баруға бел буды. 52Содан Ол Өзінің алдынан хабаршыларын жіберді. Олар Исаға түнейтін орын дайындау үшін самариялық#9:52 10:33; 17:16; Жох 4:9; Түсіндірмедегі «Самариялықты» қараңыз. бір ауылға барды. 53Ал Иса Иерусалимге бет алғандықтан, самариялықтар Оны қабылдамады. 54Шәкірттері Жақып пен Жохан мұны көріп:
— Мырза, мақұл көрсеңіз, (Ілияс пайғамбар істегендей) көктен от түсіп, оларды жойсын деп бұйырайық, — деді.#9:54 Пат4 1:10,12. 55-56Бірақ Иса екі шәкіртіне бұрылып, оларға тыйым салды.#9:55-56 Немесе: бұрылып: («Қандай рухтың (яки ойдың) ықпалында екендеріңді білмейсіңдер. Мен адамдардың жандарын құртуға емес, құтқаруға көктен келдім», деп) тыйым салды (19:10). Содан кейін олар басқа ауылға беттеді.
Мәсіхтің жолымен жүруге белді бекем буу
57Иса шәкірттерін ертіп жолда кетіп бара жатқанда, бір кісі Оған:
— Мырза, қайда барсаңыз да, мен Сізге еремін, — деді. 58Иса оған:
— Түлкінің іні бар, құстың ұясы бар, ал көктен келген Билеушінің бас тірейтін тұрағы да жоқ,#9:58 Мар 1:45. — деп жауап берді.
59Басқа біреуге Иса:
— Маған шәкірт болып ер, — деді. Ол:
— Мырза, алдымен үйге барып, әкем қайтыс болғанша қасында болып, сүйегін жерлеп келейін. Рұқсат етіңізші, — деп сұрады. 60Иса оған:
— Өлгендерін жерлеуді (рухани) өлілерге қалдыр!#9:60 Яки: Сондай жұмыстармен айналысуды Құдайдың рухани өмірі (яғни Онымен шынайы қатынасы) жоқ адамдарға қалдыр! (Мәсіхтің шәкірттері халыққа шынайы өмір туралы Ізгі хабарды уағыздауға тиісті еді: 6:20-21; Жох 3:16,36; Қор1 7:29-35.) Ал сен ел аралап, Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды жарияла! — деп тапсырды.
61Тағы басқа біреу Исаға:
— Мырза, мен Сізге еремін. Бірақ алдымен қайтып барып, үй ішіммен қоштасып келуге рұқсат етіңізші, — деді. 62Иса оған:
— Артына қарай берген соқашыдай жалтақ адам#9:62 Немесе: Қолына соқа алып, артына (жалтақтап) қарай берген адам (Флп 3:13). Құдайдың Патшалығы үшін тиімсіз, — деп жауап берді.
Одоогоор Сонгогдсон:
Лұқа 9: КК 2010
Тодруулга
Хуваалцах
Хувилах
Тодруулсан зүйлсээ бүх төхөөрөмждөө хадгалмаар байна уу? Бүртгүүлэх эсвэл нэвтэрнэ үү
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: