Жохан 10
10
Бағушы мен қойлары туралы астарлы сөз
1Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: кім қой қораға есіктен емес, өзге жерден өрмелеп кірсе, сол — ұры әрі қарақшы.#10:1 10:8,10; Лұқ 11:39; 19:46; Ерм 7:11; Езк 34:2-3,8. 2Ал кім есіктен кірсе, қойлардың бағушысы#10:2 10:14-15; Жыр 22:1; 79:2; Иш 40:10-11; Езк 34:11-16,23-24,31. — сол. 3Қарауыл оған есік ашып, қойлар оның даусын естіп таниды.#10:3 10:4-5,14,16,27. Бағушы өз қойларын атымен шақырып, далаға шығарады. 4Шығарған соң олардың алдында жүріп отырады, ал қойлары соңынан ереді, өйткені олар оның даусын таниды. 5Олар бөтен кісінің соңынан ермей, одан қашады, себебі оның даусын танымайды.
6Осы астарлы сөзді Иса яһуди діндарларына айтып берді, бірақ олар Оның не айтқанын түсінген жоқ.#10:6 9:40-41; 8:27; 10:25-26; Елш 3:17.
Жаңа өмірдің «есігі»
7Сондықтан Иса сөзін жалғастырып былай деді:
— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: қойлар кіретін «есік»#10:7 (10:1,9; 14:6; Елш 4:12; Еф 2:18; Евр 10:19-22) Яки: «қақпа». Менмін. 8Менен бұрын келгендердің бәрі ұрылар әрі қарақшылар#10:8 10:1,10. болатын. Бірақ қойлар оларға бағынған жоқ. 9Мен «есікпін», Менен кіргендер құтқарылады. Олар емін-еркін кіріп-шығып, жайылым табады. 10Ұры ұрлап, сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім.#10:10 1:4; 3:15-16; 17:2-3; Еф 5:8-9.
Мәсіхтің өз қарамағындағы адамдарға ізгі бағушыдай қамқорлық жасауы
11Мен «ізгі Бағушымын»:#10:11 10:14-15,27-28; Жыр 22:1,4. ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды. 12Ал бағушы емес жалданған адам қойлар өзінікі болмағандықтан, қасқырды көрсе, отарын тастай қашады. Қасқыр қойға шауып, оларды жан-жаққа бытыратып жібереді.#10:12 Езк 34:2-8; Зәк 11:17. 13Жалшы отарын тастай қашады, өйткені ол — жай жалданушы, қойлардың қамын ойламайды.
14-15Мен «ізгі Бағушымын». Әкемнің#10:14-15 Яки: Менің (көктегі рухани) Әкемнің (1:14; 5:17; 6:32,40; 8:54). Мені, Менің Әкемді жақсы білетініміз сияқты, Мен қарамағымдағыларды жақсы білемін, олар да Мені жақсы біледі. Солар үшін жанымды қиямын. 16Бұл отардан басқа да қойларым бар, соларды да алып келуім керек. Олар даусымды естіп таниды, сонда барлығы бір-ақ Бағушысы бар біртұтас отар болады.#10:16 11:52; Елш 10:34,44-48; 11:18; Еф 2:11-21.
17Әкем Мені жақсы көреді, себебі Мен жанымды қиямын, содан кейін оны қайтадан аламын.#10:17 10:11,15,18; 15:13; Лұқ 9:22. 18Жанымды ешкім Менен тартып алмайды, оны өз еркіммен қиямын. Қиятын да, қайтып алатын да билігім бар. Бұл — Маған Әкем тапсырған міндет.
19Осы сөзге бола яһудилер тағы да екі жақ болып айтысып кетті. 20Көпшілігі: «Оны жын соғыпты, сандырақтап тұр! Неменеге тыңдап тұрсыңдар?» — десе, 21басқалар: «Бұл жындының сөзі емес! Жын соқырдың көзін аша ала ма?!» — деп қарсылық білдірді.#10:21 9:1,6-7,32-33; Мыс 4:11; Мат 4:24.
22Бұдан кейін Иерусалимде Киелі үй мейрамы#10:22 Түсіндірмені қараңыз. болды. Мезгіл қыстың кезі еді. 23Сонда Иса ғибадатхананың Сүлеймен патша атындағы бағаналы ғимаратында#10:23 Елш 3:11; 5:12. әрі-бері жүрді. 24Яһуди діндарлары Оны қоршап алып:
— Қашанға дейін бізді еліктіріп, алаңдатып қоясыз? Құтқарушы Мәсіх#10:24 1:17,41; 4:25; 7:26,41-42; 9:22; Мат 16:16,20. болсаңыз, ашығын айтыңыз! — деп талап етті. 25Иса оларға былай деп жауап берді:
— Мен оны айттым ғой, ал сендер сенбедіңдер. Әкемнің атынан істеп жүрген істерім Менің Сол екеніме айғақ. 26Бірақ сендер сенбейсіңдер, себебі Менің «отарымнан» емессіңдер.
27Өз «қойларым» даусымды естіп, бағынады. Мен оларды жақсы білемін, олар Маған еріп жүреді. 28Соларға мәңгілік өмір беремін. Олар ешқашан жойылмайды,#10:28 Яки: тозаққа түспейді (3:16). ешкім оларды Менің қолымнан тартып та алмайды. 29Оларды Маған берген Әкем бәрінен де ұлы. Ешкім соларды Әкемнің қолынан да тартып ала алмайды. 30Әкем Екеуіміз біртұтаспыз.#10:30 10:38; 17:21-22; Мар 12:29; Қол 1:19.
Иерусалимдік діндарлардың Исаны айыптауы, ал басқа жұрттың Оған сенуі
31Сонда діндар яһудилер Оны тас лақтырып өлтіру үшін тағы да жерден тас алды. 32Иса оларға:
— Көз алдарыңда Әкем тапсырған көп игі істер істедім.#10:32 2:23; 3:2; 4:45,54; 5:5-9; 6:2; 7:31; 10:38. Солардың қайсысына бола Мені тас лақтырып өлтірмексіңдер? — деген сұрақ қойды. 33Діндар яһудилер:
— Сені игі ісің үшін емес, Құдайды қорлағаның үшін тас лақтырып өлтірмекпіз. Сен адам бола тұра, Өзіңнен Құдай жасағың келеді! — деді. 34Иса оларға былай деп жауап берді:
— Өздерің құрметтейтін Киелі жазбада (Құдайдың билерге арнап мынаны айтқаны) жазылған: «Былай деген едім: сендер құдайсыңдар».#10:34 Құдай Өзінің жер бетіндегі өкілдері болуға тағайындаған билер мен билеушілерге осы сөзімен олардың ұлы беделдері мен жауапкершіліктері туралы ескертті (Жыр 81:1,6-7; Мыс 22:28; Заң 1:17; 16:18; Шеж2 19:6). 35Ал Киелі жазбалардың күшін жоюға болмайды ғой. Сонымен Құдай Өзінің сөзі жеткен сол билерді «құдай» деп атаған. 36Онда Мен «Құдайдың (рухани) Ұлымын»#10:36 1:14; 3:16; 5:17-18; 10:30; Лұқ 1:35. десем, қалайша «Құдайды қорладың» деп айта аласыңдар? Өйткені Әкемнің Өзі Мені ерекше тағайындап, осы дүниеге жіберген.#10:36 Яки: Әкем Мені Өзіне бағыштап (киелі етіп), осы дүниеге жіберген (3:17,34; 6:27,69; 5:17-18; 10:30). 37Егер Әкемнің Маған тапсырған істерін істеп жүрмесем, Маған сенбей-ақ қойыңдар. 38Ал егер Мен оларды істеп жүрсем, тіпті Өзіме сенгілерің келмесе де, істеген істеріме сеніңдер! Осылай сендер Әкемнің Менімен, Менің Әкеммен тығыз байланыста екенімізді#10:38 Немесе: Әкемнің Менде, Менің Әкемде екенімізді. Яки: Әкем Екеуміздің біртұтас екенімізді (10:30; 14:10,11,20). түсінесіңдер.
39Содан олар Исаны тағы да тұтқындамақ болды,#10:39 7:30,32,44; 8:20; 14:31; 18:12. бірақ Ол араларынан сытылып шығып кетті.
40Мұнан кейін Иса қайтадан Иордан өзенінің арғы бетіне, бұрынырақ Жақия пайғамбар шомылдыру рәсімін орындаған жерге#10:40 1:28. барып, сонда қалып қойды. 41Исаның қасына көптеген адамдар келіп былай десті: «Жақия ешқандай керемет істеген жоқ. Бірақ оның мына Кісі туралы айтқандарының бәрі де шындық!»#10:41 1:7,15-17; 3:23. — 42Сол жерде жиналғандардың көбі Исаға сенді.
Nu markerat:
Жохан 10: КК 2010
Märk
Dela
Kopiera
Vill du ha dina höjdpunkter sparade på alla dina enheter? Registrera dig eller logga in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: