Жохан 5
5
Исаның Бетездадағы науқасты сауықтыруы
1Біраз уақыттан кейін яһудилердің тағы бір мейрамы болып, Иса соған қатысу үшін Иерусалимге өрлеп барды.#5:1 Иерусалим Яһудея аймағының таулы жерінде орналасқан (2:13; Жыр 124:1-2). 2Иерусалимнің Қой қақпасының қасында еврейше Бетезда деп аталатын тоған#5:2 Яки: хауыз, су қоймасы (9:7). Бетезда (яки Бетзата): мағынасы — «қайырымдылық үйі». бар. Соның төңірегіне бағаналы бес ғимарат салынған. 3Оларда соқырлар, ақсақтар, сал болып ауырғандар, тағы басқа көптеген науқастар жататын. (Бұлар судың шайқалғанын күтетін. 4Себебі Тәңір Ие жіберген бір періште анда-санда тоғанға түсіп, суды шайқайтын. Мұнан кейін алғаш шомылған адам қандай ауруы болса да, жазылып кетеді екен.)
5Бұл жерде отыз сегіз жылдан бері науқас бір кісі бар еді. 6Иса оның жатқанын көріп, көптен ауру екенін білді. Содан Ол сол адамға:
— Сауыққың келе ме? — деп тіл қатты. 7Науқас:
— Мырза, мені су қозғалғанда тоғанға түсіретін адамым жоқ. Ал мен жеткенше, басқа біреу менен бұрын түсіп қояды, — деп жауап берді. Иса:
8— Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап ал да, жүре бер, — деді. 9Әлгі кісі сол сәтте-ақ ауруынан сауығып, төсенішін жинап алды да, жүріп кетті!#5:9 Лұқ 5:25.
Яһуди басшыларының Исаға жауыздықпен қарсы шыға бастауы
Бұл оқиға (яһудилердің демалысы) сенбі күні болған еді.#5:9 Таурат заңына сай Исраил халқының діни демалысы болған сенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынған еді (5:10; Лұқ 6:2; Мыс 31:12-17). 10Сондықтан яһуди басшылары сауыққан адамға:
— Демалыс күні емес пе? Төсенішіңді көтеріп жүргенің не? Бүгін жұмыс істеуге болмайды ғой! — деп ескертті. Ол:
11— Мені сауықтырған Адам: «Төсенішіңді жинап ал да, жүре бер» деген еді, — деп жауап қатты.
12— «Төсенішіңді жинап ал да, жүре бер» деген Ол кім Өзі? — деді олар.
13Ал сауыққан кісі Оның кім екенін білген жоқ. Өйткені сол жерде халық көп болғандықтан, Иса ешкімге білдірмей кетіп қалған еді.
14Кейін Иса әлгі кісіні ғибадатханада жолықтырып: «Енді сен ауруыңнан сауықтың. Бұрынғыдан да жаман болғың келмесе, бұдан былай күнә жасаушы болма!» — деді.
15Әлгі кісі яһуди басшыларына барып, өзін Исаның сауықтырғанын айтты. 16Иса мұны діни демалыс күні жасағандықтан, бұлар Оған қысым көрсете бастады.#5:16 5:10; 7:25; 10:39; Мар 3:6. 17Бірақ Иса оларға: «Әкем#5:17 Яки: Менің (көктегі рухани) Әкем (1:14; 5:18; 6:32). еңбектен қол үзбейді, сондықтан Мен де үздіксіз еңбек етемін», — деді. 18Бұдан кейін яһуди басшылары Исаға бұрынғыдан бетер қарсы шығып, Оны өлтірмекші болды. Себебі Ол солардың демалыс күні туралы ережелерін ғана бұзған жоқ, сонымен қатар «Құдай — рухани Әкем» деп, Өзін Құдаймен теңестірді.
Құдайдың рухани Ұлының билігі
19Иса оларға былай деп жауап берді:
— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Әкесінің істегенін көрмесе, Оның рухани Ұлы#5:19 1:14; 5:17. өздігінен ештеңе істей алмайды. Өйткені Әкесінің жасап жатқанын Ол да дәл солай жасайды. 20Әкесі Оны сүйеді, сондықтан Өзі істегенінің бәрін Оған көрсетеді; Әкесі сендер таңғалатындай бұдан да зор кереметтерді әлі де көрсететін болады. 21Себебі Әкесінің өлгендерді тірілтіп жан беретініндей, Ұлы#5:21 Яки: рухани Ұлы (1:14; 5:17,19). да Өзінің қалағандарын тірілтеді. 22Әкенің Өзі ешкімді соттамай, барлық сотты Оған тапсырған. 23Осылайша бәрі Әкені қалай қадірлесе, Ұлын да солай қадірлесін. Ал кімде-кім Ұлын құрметтемесе, Оны жіберген Әкесін де құрметтемейді.
24Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті.#5:24 Яғни Исаның Ізгі хабарына шын жүректен сенгендер күнәнің жазасы — мәңгілік өлімнен құтқарылып, Құдай сыйлаған мәңгілік рухани өмірге ие болды (3:16,18; Рим 5:1). 25Сендерге тағы бір өте маңызды шындықты айтып тұрмын: рухани өлілер#5:25 Яки: Құдайдың рухани өмірі (яғни Онымен рухани байланысы) жоқ адамдар (5:24,40; 6:53; 8:43,47; Жар 2:15; 3:19,23; Лұқ 9:60; Еф 2:1). Құдайдың рухани Ұлының даусын естіп, Оған сенетін уақыт болады, тіпті сол уақыт келді де. Сонда Оның даусына құлақ салғандар тіріледі.#5:25 1:12-13; 3:5,15-16; 5:24. 26Себебі Әкенің Өзі өмірдің бастауы екеніндей, Ұлына да өмірдің бастауы болуды сыйлады. 27Ол көктен келген Билеуші болғандықтан, Әкесі Оған қиямет сотын жүргізу билігін де тапсырған.#5:27 Яки: Мен көктен келген Билеуші («Адам Ұлы») болғандықтан, Әкем Маған қиямет сотын жүргізу билігін де тапсырған (1:51; Дан 7:13-14).
28Бұған таңданбаңдар, өйткені қабірдегілердің бәрі Құдайдың рухани Ұлының даусын еститін уақыт болады. 29Сонда өлгендер қабірден шығады: жақсылық жасағандары мәңгі өмір сүру үшін, ал жамандық жасағандары сотталу үшін тіріледі.#5:29 Дан 12:2. 30Мен өздігімнен ештеңе істей алмаймын. Әкемнен естігенім бойынша соттаймын. Менің сотым әділ, өйткені өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындаймын.
Исаның шынайы болмысы туралы айғақтар
31Егер Мен Өзіме-Өзім куә болсам, онда куәлігім жеткіліксіз болар еді. 32Маған куәгер болатын басқа Біреу бар, Оның куәлігінің шындық екенін білемін.
33Рас, сендер Жақияға өкілдеріңді жібердіңдер, ол Мен жөніндегі шындықтың куәсі болды. 34Өзім туралы адамның куәлігін қажет етпесем де, мұны сендер құтқарылсын деп айтып тұрмын. 35Жақия айналасын рухани нұрландырып, жанып тұрған шырақ іспетті еді. Ал сендер біраз уақыт оның нұрында шаттанғыларың ғана келді.
36Алайда Менің Жақия берген куәліктен де үлкенірек куәлігім бар: Әкем#5:36 Яки: Менің көктегі рухани Әкем (1:14; 5:17,19). Маған орындауға тапсырған, Мен істеп жүрген игі істерім Мені Соның жібергендігіне айғақ.#5:36 3:2; 9:30-33; 10:37-38; 14:10-11.
37Мені жіберген Әкемнің Өзі де Мен туралы куәлік етті.#5:37 Иш 42:1; Лұқ 1:26,35; 2:13-14; 3:22; Мат 3:17; 12:18; 17:5. Бірақ сендер ешқашан Әкемнің даусын естіп, бейнесін көрген емессіңдер. 38Оның сөзі де жүректеріңнен орын алған емес, себебі Әкем жіберген Маған сенбейсіңдер.
39Рас, сендер Киелі жазбаларды зерттеп, солар арқылы мәңгілік өмірге ие боламыз деп ойлайсыңдар. Ал олар Мен туралы куәлік етеді ғой! 40Алайда сендер шынайы өмірге ие болу үшін Маған келуден бас тартасыңдар.
41Мен адамдардан құрмет күтпеймін; 42бірақ жүректеріңде Құдайға деген сүйіспеншіліктің жоқ екенін білемін. 43Әкемнің атынан келсем де, Мені қабылдамайсыңдар. Ал басқа біреу өз атынан келгенде, сендер оны қабылдайтын боласыңдар. 44Бір-біріңнен құрмет күтіп, жалғыз Құдайдан болатын шынайы құрметті іздемей жүресіңдер. Сонда сендер Менің Құдайдан келгеніме қалайша сене аласыңдар?#5:44 12:39,43; Мат 23:2-7.
45Мен сендерді Әкемнің алдында айыптайды деп ойлап қалмаңдар. Айыптаушы бар: ол — сендер үміт артып жүрген Мұса пайғамбар.#5:45 Құдай Мұса пайғамбар арқылы Таурат заңын берген еді. Діндарлар бұл ережелер жинағын дәл орындау арқылы Құдайға жағармыз деп үміт еткенмен, солары бекер болды (Рим 3:23; 9:31-32; 10:2-4). 46Егер де шынымен Мұсаға сенсеңдер, онда Маған да сенер едіңдер, өйткені ол Мен туралы жазып кеткен.#5:46 Жар 3:15; 12:3; 18:18; 49:10; Заң 18:15. 47Алайда Мұсаның жазбаларына шындап сенбейсіңдер, ендеше Менің сөздеріме қалай сене аласыңдар?
Nu markerat:
Жохан 5: КК 2010
Märk
Dela
Kopiera
Vill du ha dina höjdpunkter sparade på alla dina enheter? Registrera dig eller logga in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: