Жохан 6
6
Исаның бес мыңнан астам адамды тамақтандыруы
1Біраз уақыт өткеннен кейін Иса Ғалилея көлінің шығыс бетіне жөнелді. Сол көл Тіберия#6:1 Тіберия Ғалилея көлінің оңтүстік-батыс жағасында орналасқан қала еді (6:23; 21:1). көлі деп те аталады. 2Исаның ауруларға жасаған кереметтерін көргендіктен көп халық Оған ерді. 3Ол тауға шығып, сол жерде шәкірттерімен отырды. 4Бұл яһуди халқының Құтқарылу мейрамының#6:4 2:13; Заң 16:1. қарсаңы болатын.
5Иса басын көтеріп қарағанда, қарақұрым халықтың Өзіне қарай ағылып келе жатқанын көрді. Содан Иса Філіпке:#6:5 1:43.
— Бұларды тамақтандыратын нанды қайдан сатып аламыз? — деді. 6Иса осы сөзін оны сынау үшін айтты, себебі не істемекші болғанын Өзі біліп тұрды. 7Філіп Оған:
— Бізде тіптен екі жүз күндік жалақыға#6:7 Немесе: екі жүз денарионға. (Денарион: жай жұмыскердің бір күндік жалақысы болған күміс теңге: Мат 20:2.) келетін нан болып, әркім бір жапырақтан ғана жегеннің өзінде бәріне бірдей жетпес еді, — деп жауап берді. 8Сонда басқа бір шәкірті, Шимон Петірдің інісі Әндір,#6:8 1:40,44; 12:22; Мат 4:18; 10:2; Мар 3:18; 13:3. Исаға былай деді:
9— Осында бір бала жүр, оның бес күлше арпа наны мен екі кепкен балығы#6:9 Мар 6:38. бар. Бірақ олар осынша көп кісіге не болады? — 10Ал Иса:
— Адамдарды жайғастырып отырғыза беріңдер! — деп тапсырды. Сол жерде шөп қалың болып, бес мыңдай ер адам#6:10 Олардан басқа мыңдаған әйелдер мен балалар да болған болса керек (Мат 14:21). жайғаса алды. 11Иса күлшелерді алып, шүкірлік етті#6:11 Яки: көктегі Әкесіне ризашылық білдіріп, бата берді. де, жайғасқандарға үлестірді; кепкен балықтардан да жұртқа қалағандарынша берді.
12Бәрі жеп тойған соң, Иса шәкірттеріне: «Босқа ысырап болмас үшін нанның қалдықтарын жинап алыңдар», — деді. 13Олар жұрт жеген бес күлше арпа нанының қалдықтарын жинап, он екі себетті толтырды.
14Адамдар Иса жасаған осы кереметті көргенде:
— Дүниеге келуге тиіс Пайғамбар#6:14 1:21. — шынымен Осы! — десті. 15Иса олардың Өзін патша ету#6:15 18:33,36; Мат 3:2; 4:9; 16:23-24. үшін келіп, кенеттен ұстап алмақшы болғанын білді. Содан Ол тағы да жалғыз Өзі қыратты жерге қарай кетіп қалды.
Исаның су бетімен жүріп, шәкірттеріне көмекке келуі
16Кешке Исаның шәкірттері көл жағасына ылдилап барды. 17Сол жерде бір қайыққа мініп, көлдің батыс жағындағы Қапарнаумға қарай бет алды. Қараңғы түскен кез еді, ал Иса оларға әлі келген жоқ болатын. 18Сонда қатты жел соғып, көлдің астан-кестені шығып, толқи бастады.
19Шәкірттер бес-алты шақырымдай қайықпен жүргеннен кейін, кенеттен көл бетімен жаяу жүріп қайыққа таяп қалған Исаны көрді. Олар қорқып кетті,#6:19 Олар Оны елес деп ойлады (Мат 14:26). 20ал Иса: «Қорықпаңдар, келе жатқан Менмін ғой!» — деп көңілдерін орнықтырды. 21Сонда шәкірттері Оны қайыққа мінгізіп алғылары келді. Сол сәтте-ақ қайық олар бет алған жағаға жетіп қалды.
Иса — шынайы өмір сыйлайтын рухани «нан»
22Келесі күні көлдің шығыс бетінде қалған халық Исаның шәкірттері мінген жалғыз қайықтан басқа ешбір қайықтың болмағанын естеріне түсірді. Олар Исаның шәкірттерімен бірге қайыққа мінбей, тек шәкірттерінің өздерінің ғана кетіп қалғанын жақсы білетін. 23Ал Иеміз шүкірлік еткеннен кейін халық нан жеп тойған кешегі жерге басқа да қайықтар Тіберия қаласынан жақындап келіп жатты. 24Иса мен шәкірттерінің бұл жерде жоқ екеніне көздері жеткен жұрт сол себептен әлгі қайықтарға мініп, Исаны іздеп Қапарнаумға беттеді. 25Олар Оны көлдің батыс бетінен тапқанда:
— Ұстаз, бұл жерге қашан келдіңіз? — деп сұрады. 26Иса былай деп жауап берді:
— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Құдайдың өздеріңе кереметтер арқылы не білдіргенін түсінгілерің келмейді. Тек нан жеп тойып алғандықтан ғана Мені іздеп жүрсіңдер. 27Өткінші тамаққа емес, мәңгілік өмір беретін рухани нәрге ұмтылыңдар! Оны сендерге көктен келген Мен ғана бере аламын, өйткені Құдай Әке Маған билігін берді.#6:27 (17:2) Яки: Оны сендерге «Адам Ұлы» (1:51) береді, себебі Оны Құдай Әке «мөрін басып» өкілетті қылды. — 28Сонда олар:
— Құдайдың еркін іске асыру үшін не істеуіміз керек? — деп сұрады. 29Иса:
— Ол Жібергенге сеніңдер, Құдайдың еркі сол, — деп жауап берді. 30Олар:
— Өзіңізді Құдай жібергеніне көзімізді жеткізіп, сенуіміз үшін қандай керемет көрсетесіз, не істейсіз?#6:30 4:48. 31«Оларға жейтін нанды аспаннан жіберді» деп (Забурда) жазылғандай, ата-бабаларымыз айдалада тәтті нан#6:31 Мысырдан көшіп шығып, айдалада ашығып жүрген исраилдіктерге Құдай көктен «манна» деген тәтті нан жаудыратын (Жыр 77:24; Мыс 16:13-15,31,35). жеп жүрді, — деді. 32Иса:
— Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: сол заманда көктен нан берген — Мұса пайғамбар емес, Менің Әкем. Қазір де Әкем сендерге көктен шынайы «нанды» ұсынып тұр. 33Себебі көктен түсіп, адамзатқа өмір Беруші — «Құдайдың наны», — деп жауап қайтарды. 34Олар:
— Мырза, бізге әрқашан осындай нан беріп тұрыңызшы! — деп өтінді. 35Сонда Иса оларға былай деді:
— Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді! 36Бірақ Мен сендерге: «Мені көрдіңдер, алайда сенбейсіңдер» дегенмін.
37Әкем қарамағыма берген адамдардың барлығы#6:37 Яки: Әкем Маған сеніп тапсырғандардың бәрі (6:39,44-45,65; 10:29; 17:2,6). Маған келеді, ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін. 38Себебі өз еркімді емес, Мені жіберген Әкемнің еркін орындау үшін көктен келдім. 39Ал Әкемнің еркі — Оның қарамағыма берген адамдарының бірде-біреуін тозаққа түсірмей, бәрін де ақырғы күні қайта тірілтуім.#6:39 (3:16; 5:25-30; 11:24-25; Сал1 4:16) Ақырғы күні: яки қиямет күні. 40Себебі Әкемнің еркі мынау: Өзінің рухани Ұлына назар аударып, сенім артқан барлық адамдарға мәңгілік өмір сыйлау.#6:40 (1:29; 3:14-16) Рухани Ұлы: 1:14. Мен соларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.
41Сонда Исаның көктен түскен «нан» Менмін дегеніне#6:41 6:33,35. діндар яһудилер күңкілдеп наразылық білдірді:
42— Мынау біз әке-шешесін білетін Жүсіп ұлы Иса емес пе?#6:42 Мат 13:54-55; 1:21-25; Лұқ 1:35; 3:22. Онда Ол қалайша «Мен көктен түстім» дейді? — 43Иса оларға былай деп жауап берді:
— Өзара күңкілдеспеңдер! 44Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады;#6:44 6:37,45; 17:2-3,6; Мат 13:11. ал Мен оларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын. 45Пайғамбарлар жазбаларында «Бәрі де Құдайдан тәлім алмақ» делінген.#6:45 Иш 54:13. Әкемді тыңдап, Одан тәлім алған әркім Маған келеді. 46Әрине, Құдайдан Келгеннен басқа ешкім Әкені көрген емес, Әкені көрген — тек Сол ғана.#6:46 1:1-2,14,18; 7:29.
Исаның құрбан болғанына сеніп мәңгілік өмірді иемдену
47Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: кім Маған сенім артса, сол мәңгілік өмірге ие.#6:47 3:16. 48Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. 49Ата-бабаларың айдалада тәтті нанды жесе де, ақырында өлді. 50Бірақ қазір көктен түскен «нан» мынадай: одан «жеген» адам рухани өлімге душар болмайды. 51Көктен түскен «тірі нан» Менмін. Одан «жеген» әркім мәңгілік өмірге ие болады. Бұл «нан» — Менің денем, оны адамзат шынайы өмірге ие болсын деп құрбан етемін.#6:51 Яғни «Иса мен үшін айқышқа шегеленіп ілінгенде денесін құрбан етіп, қанын төгіп жанын қиды» деп Оған сенім артқандар мәңгілік өмірге ие болып, рухани нәр алады (3:16; 6:35; 19:17-18,20,31; Ғал 2:20). Нан үзу рәсімі соны бейнелеп еске түсіреді (Лұқ 22:19-20; Қор1 10:16-17; 11:23-26). 52Сонда яһудилер өзара:
— Бұл Адам қалайша біздің «жеуіміз» үшін өз денесін қиып бере алады? — деп айтыса бастады. 53Иса оларға былай деді:
— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: егер көктен келген Билеушінің денесінен «жеп», қанынан «ішпесеңдер», сендерде шынайы өмір болмайды.#6:53 (6:51-ге берілген түсініктемені қараңыз.) Көктен келген Билеуші: Иса Мәсіхтің Өзі («Адам Ұлы») (1:51; Дан 7:13-14). 54Кімде-кім Менің денемнен «жеп», қанымнан «ішсе», ол мәңгілік өмірге ие болады, Мен оны ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.#6:54 6:39,54; 6:51-ге берілген түсініктемені де қараңыз. 55Себебі денем — шынайы рухани «нәр», ал қаным — шынайы рухани «сусын». 56Денемнен «жеп», қанымнан «ішкен» әркім Менімен тығыз байланыста тұрады, Мен де онымен сондай байланыста тұрамын. 57Мәңгі тірі Әкем Мені жіберді және Мен Ол арқылы өмір сүремін; сол сияқты денемнен «нәр алған» кісі де Мен арқылы шынайы өмір сүреді. 58Ендеше, көктен түскен «нан», міне, осындай; ол ата-бабаларымыз жеген тәтті нан сияқты емес: олар ақырында өлген; бірақ осы «рухани наннан нәр алған» әркім мәңгі өмір сүреді.#6:58 6:49-51; 3:15-16,36; 5:24. — 59Иса мұны Қапарнаумдағы мәжілісханада тәлім бергенде айтты.
Шынайы өмірге жеткізетін сөздер
60Осыны естіген шәкірттерінің көбі:
— Мынау жанға батар сөз екен, оны кім тыңдай алады? — десті. 61Бұл туралы наразылықты байқап қалған Иса оларға былай деді:
— Бұл сендердің шымбайларыңа батып тұр ма?#6:61 Яки: Бұл сендерді ренжітіп тұр ма? (6:60,66; 8:47; Мат 11:6; Лұқ 7:23) 62Ал Билеуші ретінде көктен келген Менің бұрын болған сол жеріме көтерілгенімді көрген кездеріңде не айтпақсыңдар? 63Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды.#6:63 3:6; 1:12-13. Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар.#6:63 Яки: сендерге айтқан сөздерім — рух және өмір. 64Бірақ іштеріңдегі кейбіреулерің сенбейсіңдер. — Себебі Иса сенбейтіндердің кім екенін және Өзіне кімнің опасыздық жасайтынын әуел бастан-ақ білген еді. 65Сол себепті Ол былай деді:
— «Әкем қабілет бермесе, ешкім Маған келе алмайды» деп Мен сендерге сондықтан да айттым.#6:65 6:37,44.
66Сол күннен бастап, шәкірттерінің көбі Исадан бас тартып, бұдан былай Оған ермейтін болды. 67Сонда Иса он екі елшісінен:
— Сендердің де кеткілерің келе ме? — деп сұрады. 68Бұған Шимон Петір:
— Жоқ, Ием, Сізден кетсек, кімге бармақпыз? Мәңгілік өмірге жеткізетін сөздер Сізде. 69Біз Сіздің Құдайдың Киелісі екеніңізге#6:69 (Мар 1:24; Лұқ 4:34; Елш 2:27) Немесе: Сіздің Мәсіх — мәңгі тірі Құдайдың рухани Ұлы екеніңізге. сеніп, соған көзіміз жетті. — 70Иса оларға:
— Осы он екіңді Мен таңдап алған едім. Сонда да іштеріңдегі біреуің әзәзіл шайтанның жетегінде, — деді.#6:70 71 15:16,19; 13:27; 17:12; Лұқ 22:3-6,47-48,53. 71Иса Шимон Исқариоттың ұлы Яһуда туралы айтқан еді. Ол сол он екінің біреуі болғанмен, кейін Исаны ұстап берді.
Nu markerat:
Жохан 6: КК 2010
Märk
Dela
Kopiera
Vill du ha dina höjdpunkter sparade på alla dina enheter? Registrera dig eller logga in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: