YouVersion 标志
圣经计划视频
获取软件
选择语言
搜索图标

Жаратылыстың баст. 1 的热门经文

1

Жаратылыстың баст. 1:26-27

Киелі кітап

КК 2010

Құдай енді: «Біз (рухани жағынан) Өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Адамдар теңіздегі балықтар мен аспандағы құстарға, малдар мен аңдарға, бүкіл жер бетіне және онда жорғалап жүрген барлық жануарларға билік жүргізсін», — деді. Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:26-27

2

Жаратылыстың баст. 1:28

Киелі кітап

КК 2010

Құдай оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер!» — деді.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:28

3

Жаратылыстың баст. 1:1

Киелі кітап

КК 2010

Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:1

4

Жаратылыстың баст. 1:2

Киелі кітап

КК 2010

Жер ретсіз, тіршіліксіз бос жатты; суға толы тұңғиықтың үстін қара түнек жауып тұрды. Ал Құдайдың Рухы су бетінде қалықтап ұшып жүрді.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:2

5

Жаратылыстың баст. 1:3

Киелі кітап

КК 2010

Сонда Құдай: «Жарық пайда болсын!» — деп бұйырды. Осылай жарық пайда болды.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:3

6

Жаратылыстың баст. 1:31

Киелі кітап

КК 2010

Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, өте жақсы екенін көрді. Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл алтыншы күн еді.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:31

7

Жаратылыстың баст. 1:4

Киелі кітап

КК 2010

Құдай жарыққа қарап, оның жақсы екенін көрді. Ол жарықты қара түнектен бөліп

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:4

8

Жаратылыстың баст. 1:29

Киелі кітап

КК 2010

Құдай оларға тағы тіл қатып: «Мен сендерге жер бетіндегі тұқым шашатын өсімдіктерді және дәнегі бар жеміс беретін ағаштарды түр-түрімен бердім, бұлар сендерге тамақ болсын.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:29

9

Жаратылыстың баст. 1:5

Киелі кітап

КК 2010

жарықты күн, ал қара түнекті түн деп атады. Кеш түсіп, таң атты; бұл бірінші күн еді.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:5

10

Жаратылыстың баст. 1:6

Киелі кітап

КК 2010

Содан кейін Құдай: «(Айнала тұманданып тұрған) суды ортасынан бөліп тұратын әуе кеңістігі пайда болсын!» — деп бұйырды.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:6

11

Жаратылыстың баст. 1:30

Киелі кітап

КК 2010

Жер бетіндегі барлық аңдарға, аспандағы күллі құстарға және бауырымен жорғалаушыларға — бойында тіршіліктің лебі бар жануарлардың бәріне Мен көк шөп атаулыны қорек етуге беремін», — деді. Солай болды да.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:30

12

Жаратылыстың баст. 1:14

Киелі кітап

КК 2010

Сонан соң Құдай: «Аспан кеңістігінде шырақтар орнасын! Олар күндіз бен түнді бір-бірінен ажыратып, арнайы мезгілдерді, күндер мен жылдарды белгілеп

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:14

13

Жаратылыстың баст. 1:11

Киелі кітап

КК 2010

Құдай енді: «Жер жасыл өсімдіктерді: тұқым шашатын өсімдіктерді және дәнегі бар алуан түрлі жеміс беретін ағаштарды өсіріп шығарсын!» — деп бұйырды. Солай болды да.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:11

14

Жаратылыстың баст. 1:7

Киелі кітап

КК 2010

Осылай Ол әуе кеңістігін жасап, соның астындағы суды үстіндегі судан бөлді. Солай болды да.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:7

15

Жаратылыстың баст. 1:12

Киелі кітап

КК 2010

Жер жасыл өсімдіктерді: түрлеріне қарай тұқым шашатын өсімдіктерді әрі дәнегі бар жеміс беретін ағаштарды өсіріп шығарды. Құдай жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:12

16

Жаратылыстың баст. 1:16

Киелі кітап

КК 2010

Құдай үлкенірегі күндізге, кішірегі түнге билік жүргізетін жарқыраған екі үлкен аспан шырағын әрі жұлдыздарды жаратты.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:16

17

Жаратылыстың баст. 1:9-10

Киелі кітап

КК 2010

Мұнан соң Құдай: «Аспан астындағы су бір жерге жиналып, құрлық көрініп тұратын болсын!» — деп бұйырды. Солай болды да. Құдай құрлықты жер, ал жиналған суды теңіздер деп атады. Ол жасағанына қарап, жақсы екенін көрді.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:9-10

18

Жаратылыстың баст. 1:22

Киелі кітап

КК 2010

Оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер, теңіздерді толтырыңдар, құстар да жер бетінде көбейсін!» — деп бұйырды.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:22

19

Жаратылыстың баст. 1:24

Киелі кітап

КК 2010

Содан кейін Құдай: «Жер әр қилы тіршілік иелерін: малдар, бауырымен жорғалаушылар және аңдарды түр-түрімен шығарсын!» — деп бұйырды. Солай болды да.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:24

20

Жаратылыстың баст. 1:20

Киелі кітап

КК 2010

Сонан соң Құдай: «Теңіздер, көлдер және өзендер су жәндіктеріне толсын, әрі аспандағы әуе кеңістігінде құстар ұшып жүрсін!» — деп бұйырды.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:20

21

Жаратылыстың баст. 1:25

Киелі кітап

КК 2010

Құдай әр қилы аңдар мен малдарды және бауырымен жорғалаушыларды түр-түрімен жаратты. Ол жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.

对照

探索 Жаратылыстың баст. 1:25

下一章
YouVersion

我们要鼓励、挑战你每天亲近上帝。

事工

关于我们

就职机会

义工

博客

新闻区

有用链接

帮助

捐赠

圣经译本

音频圣经

译本语言

今日经文


此数字事工属于

Life.Church
English (US)

©2025 Life.Church / YouVersion

隐私政策使用条款
漏洞披露方案
FacebookTwitterInstagramYouTubePinterest

主页

圣经

计划

视频