Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Марқа 6

6
1Иса сол жерден шықты да, шәкірттерін ертіп, Өзі тұрып жатқан елге келді.
2Ол сенбі күні таңертең ерте синагогада тәлім бере бастады. Оны тыңдаған көпшілік таңғалып: -Оған мұның бәрі қайдан келген? Осындай даналық Оған қайдан берілді? Осыншама құдіретті күш Оның қолымен қалай жасалып жатыр? - деп сұрастырып жатты.
3Ол жай ғана ағаш ұстасы емес пе? Мәриямның ұлы ғой? Ол Жақып пен Жосияның және Яһуда мен Шимонның бауыры емес пе? Оның қарындастары да біздің арамызда жүр емес пе? Осылайша, олар Оған күмәнданып, сенімсіздік танытты.
4-Пайғамбар өз елі мен туыстарының арасында және өз үйінен басқа жерде қадірсіз болмас, - деді Иса оларға.
5Сондықтан Иса сол жерде Өзінің құдіретті күшімен ешқандай кереметтер жасай алмады. Ол тек қолын қойып, біраз ауруларды сол жерде сауықтырды.
6Иса олардың сенімсіздік танытқандарына таңғалды. Ол сол маңайдағы ауылдарды аралап, тәлім берді.
7Содан кейін Иса он екі шәкіртін шақырып алып, оларды екі-екіден бөлді, оларға таза емес рухтарды қуып шығаратын билік берді. Иса оларды жіберіп тұрып:
8-Өздеріңмен бірге жолға таяқтан басқа нан не дорба, не белбеулеріңе орап, мыс ақша да алмаңдар,
9аяқтарыңдағы аяқ киімдерің де қарапайым болсын, сыртқы киімдерің екеу болмасын, - деп бұйырды.
10Егер де бір үйге кірсеңдер, сол орыннан шығып кеткенше, сонда қала беріңдер.
11Егер сендерді біреулер қабылдамаса не тыңдағысы келмесе, сол жерден шыға бере аяқтарыңның шаңын қағып тастаңдар. Бұл оларға ескерту болады. Сендерге шындықты айтайын: сот болатын күні сол қалаға қарағанда Содом мен Ғомораға әлдеқайда жеңілірек болады, -деді. * (Осы бөлігі кейбір қолжазбаларда көсетілмеген).
12Осыдан кейін шәкірттері сол арадан шығып, адамдарға уағыз айтып, тәубе етуге шақырып жүрді.
13Көптеген жындарды қуып шығарды әрі бірталай ауырған адамдарға май жағып, оларды сауықтырды.
14Исаның есімі әйгілі бола бастаған кезде, Оның істеген істері жайында Ирод патша да естиді. Өйткені біреулер Ол туралы: «Ол батырып суға шомылдырушы Жақия екен, өлімнен қайта тіріліпті, сондықтан Оның бойында осындай құдіретті күштер әрекет етуде, - десе, енді біреулері:
15«Ол-Ілияс пайғамбар», -деді, ал кейбіреулері Оны: «Сол көптеген пайғамбарлардың бірі», - десті.
16Осындай пікірлерді естіген Ирод: Ол-мен басын шаптыртқан Жақия, сол қайта тіріліпті, - деді.
17Бір кездері Ирод өзінің бауыры Філіптің әйелі Иродиаға бола, Жақияға нөкерлерін жіберіп ұстатып, зынданға қаматқан болатын, сосын ол Иродиаға үйленіп алған еді.
18Сонда Жақия Иродқа: -Өз туған бауырыңның әйелін саған алуға болмайды, -деп оның ісіне қарсы шыққан болатын.
19Иродиа іштей Жақияға кек сақтап жүрді, сөйтіп, мүмкіндік бола қалса, оны өлтіріп тастағысы да келді, алайда сол ісін іске асыра алмаған.
20Өйткені Иродтың өзі Жақиядан қорқатын, оның әрі әділетті, әрі киелі адам екенін біліп, оны қорғап жүретін. Ал оның уағыздарын тыңдаған кезде, ыңғайсыз күйге түсетін, бірақ соның өзінде оны рахаттана, сүйсіне тыңдайтын.
21Сондай бір ыңғайлы сәт Иродтың туған күнінде бола қалды. Иродтың өзі ақсүйектер мен мыңбасыларын және Ғалилея өлкесінің бірінші басшыларын жинап, той жасады.
22Сол кезде Иродианың қызы ортаға шығып би билеп, Иродқа да, тойда отырғандарға да ұнап қалады. Сонда патша қызға: -Не қаласаң, соны сұра, мен саған беремін! -деді.
23-Егер менен бір нәрсе сұрасаң болды, орындаймын, тіпті, патшалығымның жартысын сұрасаң да беремін, -деп ант берген болатын.
24Сонда қыз шешесінен: -Не сұрасам болады? -деді. -Суға батырып шомылдырушы Жақияның басын сұра, -деді шешесі оған.
25Сол сәтте қыз патшаға жылдам жүгіріп келіп: -Дәл қазір маған суға батырып шомылдырушы Жақияның басын табақпен алып келгеніңді қалаймын, - деді.
26Алайда патша бұған қатты қайғырды, берген антын және тойда отырғандарға бола қызға берген уәдесін бұза алмады.
27Сол сәтте нөкерлеріне Жақияның басын алып келуді бұйырды. Нөкерлері абақтыға барып, оның басын шауып,
28табаққа салып алып келіп, қызға берді, қыз оны өзінің шешесіне апарып берді.
29Болған жағдайды естіген соң, Жақияның шәкірттері келіп, оның өлі денесін алып, қабірге қойды.
30Исаның қасына жиналған елшілер тапсырған істерді қалай орындағанын, халыққа қалай тәлім бергендерін түгел Оған айтып берді.
31Иса оларға: -Сендер енді ешкім жоқ жерге барып, біраз демалып алыңдар, -деді. Өйткені сол жерге келіп -кетушілер өте көп болғандықтан, олардың тамақтануға уақыттары болмаған еді.
32Сөйтіп, олар елсіз жерге қайықпен жүзіп кетті.
33Бірақ олардың кетіп бара жатқандарын көрген көптеген халық олардың кімдер екенін білді, қаладан шыққандардың бәрі жаяу-жалпы жүгірген бойы, сол жерге олардан бұрын жетіп алды.
34Иса жағаға шыққан бойда, жиналған көп халықты көріп, оларға жаны ашыды, себебі олар бағушысы жоқ қойлар сияқты болатын, Ол ұзақ уақыт оларды үйретумен болды.
35Біраз уақыт өткен соң, Оған шәкірттері келіп: -Бұл жер бір айдала екен және уақыт та тым кеш болып кетті.
36Оларды таратып жібер, осы жақын арадағы ауылдар мен елді мекендерге барсын да, өздеріне қажетті ңәрселерін сатып алып жесін, - деді.
37-Оларға жейтін тамақты сендер беріңдер, -деді Иса. -Біз барып, екі жүз динарийге тамақ сатып алып, оларға берейік пе? - деді олар Исаға.
38Иса олардан: -Қанша нандарың бар? Барып, соны біліңдер, -деді. Олар білген соң: -Бес нан мен екі балық бар, - деді Исаға.
39Иса оларға халықты топ-топқа бөліп, көк шөпке жайғастырып отырғыза беруді бұйырды.
40Сонымен, халық елуден, жүзден қатар-қатар жайғасып отырды.
41Сонда Иса әлгі бес нан мен екі балықты алып, көзін көкке қадап, бата берген соң, адамдарға нанды тарату үшін үзіп-үзіп, Өзінің шәкірттеріне берді, оған қоса екі балықты да бөліп, таратып берді.
42Адамдардың бәрі жеп, тойып алды,
43сонда олар нан мен балықтан қалған қалдықтарды жинағанда, он екі себетке толды,
44сол жерде нан жегендердің бес мыңы ер адам болатын.
45Содан кейін Иса Өзінің шәкірттеріне қайыққа отырып, арғы жағадағы Бетсайға алдын ала өтіп алуды бұйырды да, Өзі халықты таратып жібермек болып, сонда қалды.
46Иса халықты таратып жіберген соң, мінәжат ету үшін тауға қарай кетті.
47Кеш батқан кезде қайық көлдің ортасына дейін барған болатын, Иса сол кезде жалғыз Өзі жағада болды.
48Сонда Иса олардың соққан желге қарсы ескектерін есе алмай, қиналып жатқандарын көрді. Сөйтіп, түннің төртінші күзетінде Ол көлдің бетімен жүріп, оларға келіп, қастарынан өтіп кетпек болды.
49Олар Исаның көлдің бетімен келе жатқанын көріп қалып, елес екен деп ойлап, айғайлап жіберді.
50Олардың бәрі Исаны көрген сәтте қатты қорқып кеткен еді. Бірақ Иса оларға бірден тіл қатып: -Сабыр сақтаңдар! Бұл-Мен! Қорықпаңдар! - деді.
51Иса олардың қасына барып, қайыққа отырған кезде, жел де тына қалды. Шәкірттері бұған қатты таңғалды.
52Өйткені олар нанмен болған оқиғаны әлі де толық түсіне қоймаған болатын, себебі олардың жүректері әлі де тастай қатты еді.
53Олар Гинесәрет жеріне жеткен соң, жағаға келіп тоқтады.
54Олар қайықтан түскен кезде, жағада болған адамдар Исаны бірден танып қойды.
55Олар Исаның қай жерде жүргенін бүкіл аймаққа жариялап, Ол қай жерде болса, сол жерге ауру-сырқау адамдарды төсеніштерімен әкеле бастады.
56Сонымен, Ол қайда бармасын: ауылда немесе қалада, не сауда алаңдарында болсын, Оған науқас адамдарды әкеліп отырды. Сонымен қатар, Оның киімінің етегіне қолдарын тигізуіне рұқсат сұрайтын, сонда қол тигізгендердің бәрі сауығып кетіп жатты.

Избрани в момента:

Марқа 6: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте