Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Марқа 7

7
1Бірде фарисейлермен бірге Иерусалимнен келген бірнеше Таурат заңын зерттеушілер жиналып, Исаның қасына барды.
2Сонда олар Оның шәкірттерінің біразы әдеттегідей қолдарын жумай тамақ жеп отырғанын көріп қалады.
3Фарисейлер мен яһудейлердің бәрі қолдарын жумай ас ішпейтін, олар өздерінің ата-бабаларының салт-дәстүрін осылай ұстанатын.
4Сондықтан олар сауда-саттық орындарынан келген кезде алдымен жуынбай, ас ішпейтін. Сонымен қатар, олар құмыраларды, кеселерді және мыс ыдыстарды және төсек-орындарын да сумен жуып, тазартып тұратын. Олар осындай ережелерді өте қатты ұстанатын болған соң, Исадан:
5-Сенің шәкірттерің неге ата бабалардың салт-дәстүрімен жүрмейді? Неге қолдарын жумай тамақ жейді? -деп сұрады.
6Сонда Иса оларға: -Ей, екіжүзділер, сендер туралы Ишая пайғамбар дұрыс айтқан, -деді. «Бұл халық Мені тек аузымен ғана құрметтейді, ал олардың жүректері Менен тым алыста,
7өйткені олар өз тәлімдерінде тек адамдардың өсиетіне сүйенеді, ал Мені құр бекер құрметтейді», -деп жазылған Жазбада.
8Сендер Құдайдың өсиетін қалдырып, адамдардың салт-дәстүрін ұстанасыңдар, - деді.
9Иса оларға тағы да былай деді: -Өз салт-дәстүрлеріңді орнату үшін, Құдайдың өсиетінен бас тартуды жақсы білесіңдер.
10Мұса: «Өз әке-шешеңді құрметте» және «Кім әке-шешесіне жаман сөз айтатын болса, сол өлім жазасына кесілетін болсын», - деген.
11Ал сендер: -Егер де адам өз әке-шешесіне: «Сендердің менен көретін игіліктерің менің Құдайға берген құрбандық сыйым болсын», - деп айтса болды,
12оның әке-шешесіне жасағысы келетін игі ісін жасатпайсыңдар.
13Сол сияқты осыған ұқсас көп нәрселерді орындап, өз салт-дәстүрлеріңе бола Құдайдың сөзін жоққа шығарып жүрсіңдер, - деді.
14Осыдан кейін Иса халықты қайтадан Өзіне шақырып алып: - Бәрің де Мені тыңдап, ұғып алыңдар, - деді.
15Сырттан кірген еш нәрсе адамды арамдай алмайды, керісінше, адамды оның ішінен шығатын нәрселер арамдайды, - деді.
16Кімнің құлағы бар болса, сол тыңдап алсын. (Көне жазбаларды осы сөздер жоқ).
17Иса халықты қалдырып, үйге кірген кезде, шәкірттері Одан осы нақыл сөздің астарының мағынасы жайында сұрады.
18Сонда Иса оларға: -Сендер де осыны түсінбедіңдер ме? Сырттан кірген ешбір нәрсе адамды арамдай алмайтынын сендер неге түсінбей тұрсыңдар?
19Себебі сол нәрсе адамның жүрегіне бармайды, тек асқазанына барып түседі де, одан кейін сыртқа шығады, сондықтан да барлық ас таза болып саналады.
20Адамды арамдайтын -оның ішінен шыққан нәрсе, -деді Ол.
21Жаман ойлардың бәрі адамның ішкі дүниесінен, оның жүрегінен шығады, олар: жыныстық азғындық, ұрлық, кісі өлтіру,
22неке адалдығын бұзу, бақталастық, зұлымдық, қулық, тәртіпсіздік (бейбастақтық), көрсеқызарлық, Құдайға тіл тигізу, тәкаппарлық, санасыздық.
23Осындай жаман нәрселердің бәрі адамның ішкі жан дүниесінен шығады, сондықтан адамды тек осылар арамдайды, - деді.
24Осыдан кейін Иса сол жерден Тир өңіріне аттанды. Сол жаққа келгенде, Ол ешкімнің де Өзі жөнінде білгенін қаламады, бірақ та Ол сол жерде де жасырын болып қала алмады.
25Бір әйел Ол туралы сол сәтте біліп қойды, оның қызының бойында табиғаты таза емес рух болған, сонда әлгі әйел келіп, Оның аяғына жығылды.
26Әйел грек ұлтынан әрі сирофиникиялық болатын. Әйел Исадан оның қызының бойындағы жынды қуып шығаруын өтінді.
27-Ең алдымен, балалар тойып алсын, қоя тұр. Тегінде, балалардың нанын алып, күшіктерге тастаған жақсылық емес, - деді Ол әйелге.
28-Ием, үстел астындағы күшіктер де сол балалардан түскен қоқымдарды жейді ғой, -деп жауап берді әлгі әйел.
29Сонда Иса әлгі әйелге: -Осылай жауап бергенің үшін, сен енді бара берсең болады, өйткені сенің қызыңның бойындағы жын шығып кетті, - деді.
30Жаңағы әйел үйіне қайта оралғанда, қызының төсекте тыныш жатқанын және жынның одан шығып кеткенін байқады.
31Иса Тир өңірінен шығып, қайтадан Сидон аймағы арқылы жүрді, Он қала өлкесінің ортасымен өтіп, Ғалилея көліне келді.
32Сол жерде Оған саңырау, тілі мүкіс біреуді алып келді де, Исадан оған қол қоюын өтінді.
33Иса оны халықтан бөлек алып шығып, саусағын оның құлағына тықты, саусағына түкіріп, тіліне тигізді,
34көкке қарап күрсінді де: -Эффафа! -деді. (Мағынасы «Ашыл!» дегенді білдіреді)
35Сонда оның құлағы сол сәтте ашылып, тілі шешіліп, анық сөйлей бастады.
36Иса оларға осы жөнінде ешкімге айтпауын бұйырды. Алайда Ол қанша тыйым салса да, олар соғұрлым Ол туралы көбірек жариялай берді.
37Адамдар бұған қатты таңғалып: -Оның істеген істерінің бәрі жақсы: саңыраулар естіп, мылқаулар сөйлеп жатыр, -деді.

Избрани в момента:

Марқа 7: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте