Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Марқа 8

8
1Сол күндері тағы да халық көп жиналып қалды, алайда олардың жейтін тамақтары болмағандықтан, Иса шәкірттерін шақырып алып, былай деді:
2-Мына халыққа жаным ашып тұр, олардың Менімен бірге жүргеніне, міне, үш күн болды, олардың жейтін тамақтары да қалмады.
3Егер де оларды үйлеріне аш жіберетін болсам, онда олар орта жолда әлсіреп қалады және олардың біразы алыс жерлерден келді, - деді.
4Сонда Исаның шәкірттері: -Осы иен далада оларды тойдыру үшін кім нан тауып бере алады?! - деді Оған.
5Иса олардан: -Қанша нандарың бар? -деп сұрады. Олар: - Жетеу, - деп жауап берді.
6Сонда Иса халыққа жерге жайғасып отыра беруін бұйырды да, жеті нанды алып, ризашылығын білдірген соң, нанды үзіп-үзіп, Өзінің шәкірттеріне берді, олар халыққа таратып берді.
7Сонымен қатар, оларда тағы да біраз балық бар болатын, Иса оған да ризашылығын білдіріп, оны да халыққа таратып беруін бұйырды.
8Бәрі жеп, тойып алды, артылып қалғанын жинап алғанда жеті себет толды.
9Сол жерде, шамамен, төрт мыңға тарта адам болған еді. Сосын Иса халықты таратып жіберді де,
10Өз шәкірттерімен бірден қайыққа отырып, Далманута жеріне келді.
11Исаның алдынан фарисейлер шығып, Онымен дауласа бастады. Оны сынау үшін, Одан көктің көмегімен кереметтер жасауын талап етті.
12Иса терең күрсініп, оларға: -Осы ұрпақ неге керемет іздейді? Сендерге шындықты айтайын: бұл ұрпаққа ешқандай да керемет берілмейді, - деді.
13Иса оларды қалдырып, қайтадан қайыққа отырды да, келесі жағаға кетті.
14Сол уақытта шәкірттері өздерімен бірге нан алуды ұмытып кеткен болатын, қайықта өздерімен алып шыққан бір ғана нандары болған еді.
15Иса оларды сақтандырып: -Фарисейлер мен Иродтың жақтастарының ашытқыларынан сақтанып жүріңдер, абай болыңдар! - деді.
16Сонда шәкірттері нан алмаған соң айтқан шығар деп, бір-бірімен айтыса бастады.
17Мұны біле қойған Иса: -Нанымыз жоқ деп, немене талқыға салып отырсыңдар? Әлі де түсінбедіңдер ме? Әлде жүректерің тас болып қалған ба? - деді оларға.
18Көздерің болса да көрмей, құлақтарың болса да естімей жатырсыңдар ма?
19Мен бес нанды бес мың адамға бөліп бергенімде, қалған қалдығынан қанша себет толтырып жинап алғандарың естеріңде жоқ па? -деді. Шәкірттері Оған: -Он екі себет, -деп жауап берді.
20-Ал жеті нанды төрт мың адамға бөліп бергенімде, оның қалдығынан қанша себет толтырып жинап алып едіңдер? Шәкірттері Оған: - Жетеу, - деп жауап берді.
21-Осыны әлі де түсінбей отырсыңдар ма? -деді Иса оларға.
22Содан кейін олар Бетсайдаға келгенде, Исаға бір зағип адамды әкеліп, Одан қолын сол адамға тигізуін өтінді.
23Иса жаңағы зағип адамның қолынан ұстап, ауылдың шетіне алып шықты да, оның көзіне түкіріп, қолын қойып: - Бірдеңе көріп тұрсың ба? - деп сұрады.
24Ол жан-жағына қарап: -Ағашқа ұқсаған, қозғалып жүрген адамдарды көріп тұрмын, - деді.
25Иса оның көзіне қолын қайтадан қойды, сонда ол көре бастады, оның көзі қайтадан қалпына келіп, бәрін анық көретін болды.
26Иса оны үйіне шығарып салып тұрып: -Ауылға кірмей -ақ қой! - деді оған.
27Иса сол жерден шығып, Өзінің шәкірттерімен бірге Філіп-Кесариясы деген елді мекенге аттанды. Ол жолда келе жатып, шәкірттерінен: -Адамдар Мені Кім деп жүр? -деп сұрады.
28Олар Исаға: -Біреулері суға батырып шомылдырушы Жақия десе, кейбіреулері -Ілияс, ал басқалары -пайғамбарлардың біреуі, - деп жүргенін айтты.
29Иса олардан: -Ал сендер Мені Кім деп жүрсіңдер? -деп сұрады. Сонда Петір: -Сен-Мәсіхсің! -деп жауап берді.
30Алайда Иса оларға Өзі туралы ешкімге айтпауға тыйым салды.
31Осыдан бастап Иса оларға былай деп үйрете бастады: -Енді Адамның Ұлы көп қасірет шегеді. Ақсақалдар мен бірінші бас қызметкерлер, Таурат заңын зерттеушілер Оны қабылдамай, өлімге кеседі, алайда Ол үш күннен кейін қайта тірілетін болады, - деді.
32Ол бұл туралы ашық айтты. Алайда Петір Оны бөлек алып шығып, Оған қарсылық білдіре бастады.
33Иса шәкірттеріне бұрылды, Оларға қарап тұрып, Петірге: -Менен аулақ кет, сайтан! Өйткені сен Құдайдың емес, адамның қалауын ойлап тұрсың, -деп оған тыйым салды.
34Осыдан кейін Иса Өз шәкірттерімен бірге халықты да шақырып алып: -Егер де кімде-кім Менің артымнан ергісі келсе, онда ол өзінен бас тартсын және өз айқышын алып, Менің соңымнан еретін болсын, - деді оларға.
35Себебі кім өз өмірін сақтап қалғысы келсе, ол оны жоғалтады, егер де кім өз өмірін Мен үшін және Ізгі хабар үшін қиятын болса, онда ол оны сақтап қалады.
36Егер адам бүкіл әлемге ие болып, ал өз өміріне зиян келтірсе, ол одан қандай пайда көреді?
37Немесе адам өз жанын сатып алу үшін не бере алады?
38Осы азғын әрі күнәкар ұрпақ Менен және Менің айтқан сөзімнен ұялып, бас тартатын болса, Адам Ұлы Өз Әкесінің атақ -даңқына бөленіп, Өзінің киелі періштелерімен келген сәтте, Ол да одан бас тартатын болады, - деді.

Избрани в момента:

Марқа 8: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте