YouVersion Logo
Search Icon

Жохан 14

14
1Жүректерің толқымасын! Құдайға сеніңдер және Маған да сеніңдер!
2Менің Әкемнің үйінде тұратын орын өте көп, егер солай болмаса, Мен сендерге орын дайындауға бара жатырмын деп айтар ма едім?
3Мен сонда барып, сендерге орын дайындаған соң, Мен тағы да қайтып келемін, сонда Өзіммен бірге сендерді алып кетемін, өйткені Мен қайда болсам, сендер де сонда болуға тиіссіңдер.
4Менің қайда баратынымды да және сонда апратын жолды да білесіңдер, - деді.
5Сонда Тома Оған: -Ием, біз Сенің қайда бара жатқаныңды білмейміз, онда баратын жолды қалай білеміз? - деді.
6Иса оған: -Жол да, шындық та, өмір де -Мен. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды.
7Егерде сендер Мені білсеңдер, онда сендер Менің Әкемді де білгендерің. Міне, енді осы сәттен бастап Оны білесіңдер, өйткені сендер Оны көрдіңдер.
8-Ием, бізге тек Әкені көрсетсең болды, сол да бізге жеткілікті, - деді Філіп Оған.
9Иса оған: -Мен сендермен қанша уақыт бірге болдым, сонда да Мені танымадың ба, Філіп? Мені көрген Әкені де көреді. Ал сен қалайша бізге Әкені көрсет деп айтып тұрсың?
10Әлде сен Менің Әкеде екенімді, ал Әкенің Менде екеніне сенбейсің бе? Сендерге айтқан сөздерді Мен Өз атымнан айтқан жоқпын, Менің бойымда Әке өмір сүріп жатыр, сондықтан атқарылған істің бәрі Соның ісі.
11Менің Әкемен бірге екеніме, ал Әкенің Менімен бірге екеніне сендер де сеніңдер, тым болмаса, мынау жасалып жатқан істер арқылы Маған сеніңдер.
12Сендерге шындықты, тағы да шындықты айтамын: Мен жасап жүрген осы істерді Маған сенген де істей алады және ол бұдан да зор нәрселерді істейтін болады, себебі Мен қайтадан Әкеге бара жатырмын.
13Әкенің даңқы Оның Ұлы арқылы мадақталуы үшін, сендер Менен не сұрасаңдар, Мен соны істеймін.
14Сендер Менің атымнан не сұрасаңдар, Мен соны орындаймын.
15Егер де сендер Мені сүйсеңдер, онда Менің өсиетімді орындаңдар.
16Мен Әкеден сендермен мәңгі бірге болатын басқа бір Қамқоршыны жіберуін өтініп сұрадым.
17Ол -шындықтың Рухы, мына әлем сол үшін Оны қабылдай алмайды, себебі олар Оны не көрмейді, не білмейді. Ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Ол осы жерде қалады және сендермен бірге болады.
18Мен сендерді жетімсіретіп тастап кетпеймін, сендерге қайтып келемін.
19Енді біраз уақыттан кейін бұл әлем Мені көрмейтін болады. Ал сендер Мені көресіңдер, өйткені Мен сендермен бірге өмір сүретін боламын және сендер де Менімен бірге өмір сүретін боласыңдар.
20Сол күн келген сәтте сендер Менің Өзімнің Әкеммен бірге екенімді, ал сендер Менімен, Менің сендермен бірге екенімді білетін боласыңдар.
21Кім Менің өсиеттерімді қабылдап, соларды орындайтын болса, онда ол Мені сүйеді. Кім Мені сүйсе, сол Менің Әкемнің сүйіспеншілігіне бөленеді. Мен де оны сүйіспеншілікке бөлеп, Мен оған Өзімді көрсететін боламын, - деді.
22Сонда Яһуда (Исқариот емес): -Ием, Өзіңді осы әлемге емес, бізге көрсетуге дайындалғаның не? - деді.
23-Кімде-кім Мені сүйсе әрі Менің сөзімді орындайтын болса, онда ол Менің Әкемнің сүйіспеншілігіне бөленеді, сонда Біз оған келіп, оны Өзіміз тұратын мекен жасаймыз, -деп Иса оған жауап берді.
24Кім Мені сүймейтін болса, сол Менің сөзімді орындамайды. Сендер естіген бұл сөз Менікі емес, ол Мені Жіберген Әкенің сөзі болатын.
25Мен өздеріңмен бірге болған кезімде, сендерге сол сөзді айтып жеткіздім.
26Келетін Киелі Рух -Ол Қамқоршы, Менің Әкем Оны Менің атымнан жібереді. Енді тек Сол ғана сендерді барлығына үйретіп, тек Сол ғана Менің айтқандарымды сендердің естеріңе түгел салып отыратын болады.
27Мен сендерге Өзімнің бейбіт тыныштығымды қалдырамын, өйткені сол бейбіт тыныштық Өзімдікі, сондықтан оны сендерге бердім. Менің беріп тұрғаным осы әлемнің беретін нәрсесіне ұқсамайды. Сондықтан, сендердің жүректерің енді не қайғырмасын, не қорықпасын!
28Менің өздеріңе: «Сендерден кетемін және өздеріңе қайтып келемін», -деп айтқанымды сендер естідіңдер. Егер де сендер Мені сүйсеңдер, онда сендер Менің Әкеме бара жатқаным үшін қуанар едіңдер, себебі Менің Әкемнің мәртебесі Менен де жоғары.
29Осы нәрселер іске асып, орындалған кезде, сендердің сенімге ие болуларың үшін, сендерге қазір және алдын ала айтуымның себебі осында.
30Енді сендермен көп сөйлесе алмаймын, өйткені, міне, осы әлемнің әміршісі келе жатыр, алайда оның Маған ешқандай да үстемдігі жүрмейді.
31Бірақ осы әлемге Әкемді қалай сүйетінімді білдіру үшін, Әке Маған қалай бұйырған болса, Мен бәрін солай істедім. Тұрыңдар, бұл жерден кетейік! - деді.

Currently Selected:

Жохан 14: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in