YouVersion Logo
Search Icon

Лұқа 13

13
1Сол уақытта біреулер Исаға Пилаттың кейбір ғалилеялықтардың қанын олардың өздері құрбандыққа берген малдың қанымен араластырып жібергені туралы айтып берді.
2Сонда Иса оларға былай деп жауап берді: -Сол ғалилеялықтардың жасаған күнәлары басқа ғалилеялықтарға қарағанда тым көп болғандықтан, сондай жағдайға ұшырады деп ойлайсыңдар ма?
3Жоқ, олай емес! Сендерге айтамын: егер де сендер тәубеге келмейтін болсаңдар, бәрің де солай құритын боласыңдар.
4Немесе он сегіз адамның үстіне Силоғам мұнарасы құлап, қайтыс болғанда, олардың қарыздары Иерусалимде тұратын адамдардан асып түскен соң, сол жағдайға ұшырады деп ойлайсыңдар ма?
5Жоқ, олай емес! Сендерге айтамын: егер де тәубеге келмейтін болсаңдар, бәрің де солай құритын боласыңдар, -деді.
6Содан кейін Иса оларға мына бір астарлы әңгімені айтып берді: -Бір адамның жүзім бағына отырғызған інжір ағашы болыпты. Ол оның жеміс беретін кезін күтеді, бірақ келген сайын ол одан бірде-бір жеміс таппайды.
7Сонда ол өзінің жүзім өсірушісіне:«Міне, мен осы бір інжір ағашына үш жыл қатарынан келіп, одан жеміс іздеймін. Бірақ одан бірде-бір жеміс таппадым, енді оны шауып таста, бостан-босқа жерді алып тұра бере ме?» -дейді.
8«Мырза, оны осы жылға тағы да қалдыр, -дейді жұмысшысы, -мен оның айналасын қазып, қопсытып, оған тыңайтқыш тастайын.
9Мүмкін, ол болашақта жеміс беріп қалар, егер ол осыдан кейін жеміс бермейтін болса, оны сол кезде шауып тастарсың», - дейді.
10Сенбі күні болатын, Иса синагогалардың бірінде тәлім беріп жатты.
11Сол жерде он сегіз жыл бойы аурудың рухы басып алғандықтан, белі бүкірейіп, денесін толық жаза алмайтын бір әйел болды.
12Иса сол әйелді көріп, оны өзіне шақырып алды да: -Әйел, сен аурудан азат болдың! - деді.
13Иса әйелге қолын қойды, сол сәтте әйелдің денесі түзеліп, толығымен сау қалпына келді, сонда әлгі әйел Құдайды мадақтады.
14Синагоганың басшысы сенбі күні Исаның сауықтырғанына наразылығын білдіріп, сол жердегі халыққа: -Жұмыс істеуге арналған алты күн бар, сондықтан сауығу үшін сенбі күні емес, жұмыс күндері келіңдер, - деді.
15Сонда Иса оған: -Ей, екіжүзділер! Сол сенбі күні мына сендердің әрқайсыларың өгіздеріңді немесе есектеріңді ақырдан шешіп алып, оларды суғарып жүрген жоқсыңдар ма?
16Мына Ыбырайымның қызын он сегіз жыл бойы сайтанның байлап қойған құрсауынан осы сенбі күні босатып алуға болмай ма? - деді.
17Иса осылай деген кезде, Оған қарсы болғандардың бәрі ұялып қалды. Сол жердегі адамдардың бәрі Оның жасаған игі істерін қуанышпен қабылдады.
18Содан кейін Иса оларға: -Құдайдың Патшалығын неге ұқсатуға болады? Мен оны немен салыстырар едім?
19Ол бір адамның өз бақшасына тастай салған қыша дәніне ұқсас. Ол кейін өскенде бір үлкен ағашқа айналады, сонда аспандығы құстар келіп, оған ұя салады, - деді.
20Сосын тағы да: -Құдайдың патшалығын Мен неге ұқсатар едім? - деді Иса.
21Оны әйелдер үш өлшем ұн алып, бәрін түгел ашыту үшін, сол ұнға қосқан ашытқыға да ұқсатуға болады, -деді.
22Ол осылай қалалар мен ауылдарды аралап, тәлім беріп жүрді, содан кейін сапарын Иерусалимге қарай бағыттады.
23Сол кезде Оған біреу: -Ием, құтқарылатындар аз бола ма? деп сұрады. Иса оларға:
24-Тар есіктен кіруге бар күш-жігерлеріңді салыңдар, көбі соған кіруге тырысып, оны іздейтін болады, алайда оны таба алмайды.
25Ал уақыты келген кезде үйдің иесі тұрып, жаңағы есікті жауып тастайды, сонда есіктің сыртынан қағып: «Ием, бізге ашщы», -дейтін боласыңдар. Сонда Ол сендерге:«Мен сендерді де, қайдан келгендеріңді де білмеймін?» -дейтін болады.
26Сол кезде сендер: «Біз Сенің көз алдыңда жүріп тамақ жеп, сусын ішіп едік, ал Сен біздің көшелерімізбен жүрген кезіңде бізге тәлім бердің», - деп айтасыңдар,
27Ол сендерге: «Сендердің қайдан келгендеріңді білмеймін. Ей, әділетсіздік жасап жүргендер, Менен бәрің де аулақ кетіңдер!» - дейтін болады.
28Сонда Құдай Патшалығында Ыбырайымның, Ысқақтың, Жақыптың және барлық пайғамбарлардың жүргенін, ал өздеріңнің сыртқа лақтырылып тасталғандарыңды көргенде, сол жерде зар еңіреп жылап, бармақтарыңды тістейтін боласыңдар.
29Ал шығыс пен батыстан, солтүстік пен оңтүстіктен келгендер Құдай патшалығының төрінде жайғасып, жантайып жататын болады.
30Міне, сол кезде соңында болғандар алғашқы болып, ал алғашқы болғандар соңы болады, - деді.
31Сол кезде фарисейлердің кейбіреуі Исаға келіп -Бұл жерден кет, өйткені Ирод сені өлтірмекші болып жүр, шық! - деді.
32Иса оларға: -Ол түлкіге барып мынаны айтыңдар: «Міне, бүгін де, ертең де жындарды қуып шығып, сауықтырумен айналысып, тек үшінші күні аяқтайтын боламын».
33Сондықтан Мен бүгін де, ертең де, одан кейінгі күні де осы жерде жүретін боламын, өйткені Иерусалимнен тыс жерде пайғамбарды өлтіруге рұқсат берілмеген!
34-О, Иерусалим, Иерусалим, пайғамбарларды өлтіртіп, өзіне жіберілген елшілерді таспен атқылаттың. Қаншама рет балапандарын өзінің қанатының астына жинаған құс секілді Мен де сенің балаларыңды солай жинағым келді, алайда сендер соны қаламадыңдар.
35Міне, енді үйлерің өздеріңе қалдырылды. Сендерге айтарым: «Иеміздің атымен жарылқанған келеді!» -деп айтылатын уақыт келгенше, сендер Мені көрмейтін боласыңдар деп, Иса Өзінің ішіндегі күйінішін жеткізді

Currently Selected:

Лұқа 13: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in