YouVersion Logo
Search Icon

Лұқа 18

18
1Содан кейін Иса қандай жағдай болса да, әрдайым мінәжат етіп, жабығудан аулақ болуды білдіретін мына бір астарлы әңгімені шәкірттеріне айтып берді.
2-Белгісіз бір қалада не Құдайдан қорықпайтын, не адамнан ұялмайтын бір би болыпты.
3Сол қалада: «Мені дұшпандарымнан қорғашы!» -деп үнемі жалынып, биге келетін бір жесір әйел тұрады екен.
4Алайда әлгі би сол әйелді көп уақытқа дейін қорғағысы келмей жүреді, сосын бір күндері ол өзіне-өзі: «Мен не Құдайдан қорықпаймын, не адамнан ұялмаймын.
5Мына бір жесір әйел әбден менің мазамды алып болды. Енді бұдан былай тағы да келіп мені мазаламас үшін, сол жесір әйелді қорғап, маған қайта келмейтіндей етіп одан құтылайын», - дейді.
6Сонда Иеміз оларға: -Әділетсіз бидің не айтқанын естідіңдер ғой?
7Ал Құдайдың Өзі таңдап алғандары Оның алдына келіп, күні -түні жалбарынған кезде, Ол оларға шыдамдық көрсете алмай ма?
8Мен сендерге мынаны айтамын: Ол тез арада жауап беруге де және қорғауға да асығатын болады. Дегенмен, Адам Ұлы келген кезде, сондай сенімді жер бетінен таба алар ма екен? - деді.
9Тек өздерін ғана әділміз деп санап, ал басқаларға менсінбей қарайтындарға Иса тағы да мына бір астарлы әңгімені айтып берді.
10-Құдайдың үйіне екі адам сиынуға келіпті, оның біріфарисей, екіншісі салық жинаушы екен.
11Фарисей өзі туралы іштей: «О, Құдай, басқа адамдар сияқты болмағаным үшін Саған алғыс айтамын, өйткені мен не тонаушыларға, не әділетсіздерге немесе неке адалдығын бұзатындарға, не мына салық жинаушыға ұқсамаймын.
12Өйткені мен аптасына екі рет ораза ұстаймын және қанша табыс тапсам, содан ондық беремін», -деп сиыныпты.
13Ал салық жинаушы болса, алыста тұрып, көзін көкке де көтермей: «О, Құдайым, мына мендей күнәкарға мейіріміңді түсіре көрші», -деп кеудесіне қолын қоя сиыныпты.
14Тек осы адам ғана үйіне ақталып қайтқанын сендерге айтамын. Өйткені кімде-кім өзін-өзі жоғары көтеретін болса, сол төмендетіледі, ал кімде-кім өзін төмен тұтса, сол жоғарылатылады.
15Иса қолын қойсын деп, адамдар Оған балаларын да алып келіп жатты. Бірақ Исаның шәкірттері олардың осы әрекетін көріп, оларға тыйым сала бастады.
16Сонда Иса оларды шақырып алып: -Балаларды Маған жіберіңдер, олардың Маған келуіне кедергі болмаңдар, өйткені Құдайдың Патшалығы осындай бала секілді болғандарға арналған.
17Сендерге шындықты айтайын: егер де кімде-кім Құдай Патшалығын осы балалар секілді қабылдамайтын болса, ол Оған кіре алмайды, - деді.
18Сол кезде бір басшы Исадан: -Мейірімді Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін менің не істеуім қажет? -деп сұрады.
19-Мені мейірімді деп не үшін айттың? -деді Иса оған. -Жалғыз Құдайдан басқа ешкім де мейірімді емес.
20«Неке адалдығын бұзба», «кісі өлтірме», «ұрлық жасама», «жалған куәлік берме», «өз әкең мен анаңды құрметте» деген өсиеттерді білесің ғой, - деді.
21Осы айтқандардың бәрін мен жас кезімнен бері сақтап келемін, - деді ол.
22Осыны естіген Иса: -Онда сен іске асыратын бірақ нәрсе қалды. Қанша дүние-мүлкің болса, соның бәрін сатып, кедейлерге үлестіріп бер, сонда сенің қазынаң көкте болады. Ал өзің қайтып келіп, Менің соңымнан ер, -деді оған.
23Мұны естіген ол қатты қапаланады, өйткені ол өте бай адам болатын.
24Оның қатты қайғырғанын көрген Иса: -Байлығы мол адамдардың Құдай патшалығына кіруі қандай қиын!
25Бай адамның Құдай патшалығына кіргенінен гөрі, иненің көзінен түйенің өткені жеңілірек болатын шығар.
26Сонда осыны естіп тұрғандар: -Сонда кім құтқарылады? -деді.
27-Адамдарға мүмкін емес нәрсе тек Құдайға ғана мүмкін, - деді Иса оларға.
28Сол кезде Петір: -Міне, біз өзімізге қажетті нәрселердің бәрін тастап, Сенің соңыңнан еріп жүрміз, - деді.
29-Сендерге шындықты айтайын: Құдай патшалығы үшін өзінің үйін немесе әйелін, не ағалары мен інілерін, не ата -анасын, не балаларын қалдырып кеткендер болса,
30қазіргі уақытта соларды молынан ала алмаса да, келешекте мәңгілік өмірге ие болып қалады, -деді Иса оларға.
31Осыдан кейін Иса Өзінің он екі шәкіртін жеке шығарып алып: -Міне, енді біз Иерусалимге қарай өрлеп келеміз, себебі Адамның Ұлына қатысты пайғамбарлар не жазған болса, соның бәрі орындалуы тиіс.
32Сондықтан Оны өзге ұлттардың өкілдеріне ұстап береді, ал олар Оны қорлап әрі мазақ қылып, Оның бетіне түкіріп,
33Оны қамшымен сабап, содан кейін Оны өлтіреді. Алайда үшінші күні Ол қайта тірілетін болады, - деді.
34Алайда олар осы айтылған нәрсенің ешқайсысын түсінген жоқ, себебі осы сөздің мағынасы оларға ашылмады. Осы нәрсе оларға жасырын болғандықтан, олар не айтылғанын түсінген жоқ.
35Иса Иерихонға таяп қалғанда, жол бойында қайыр тілеп, бір зағип адам отырды.
36Өзінің қасынан көп халықтың өтіп бара жатқан шуылын естіген ол: -Бұл не болды екен? -деп сұрағанда, оған:
37Келе жатқан - Назареттік Иса, - деді.
38Сол кезде ол: -Дәуіттің Ұлы Иса, маған мейіріміңді түсірші! - деп айғайлап жіберді.
39Алайда топтың алдында кетіп бара жатқандар оған: -Дыбысыңды шығарушы болма! -деп тыйым салды. Сонда ол тағы да: -Дәуіттің Ұлы, маған мейіріміңді түсірші! -деп одан бетер айғайлады.
40Сонда Иса тоқтай қалып: -Оны Маған алып келіңдер, -деп бұйырды. Ол жақындап келгенде, Иса одан сұрады:
41-Менің саған не істегенімді қалайсың? -Ием, көзімнің ашылғанын қалаймын, - деді сонда әлгі зағип адам.
42Иса оған: -Көзің ашылсын! Сені сенімің құтқарды, -деді.
43Сол сәтте -ақ оның көзі ашылып, көретін болды, сонда ол Құдайды мадақтаған күйі, олардың артынан еріп, олармен бірге кетті. Ал осыны көріп тұрған бүкіл халық бар мадақты Құдайға арнады.

Currently Selected:

Лұқа 18: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in