YouVersion Logo
Search Icon

Матай 25

25
1Сол кезде Көктің Патшалығы қолдарына шамдарын алып, күйеу жігітті қарсы алуға шыққан он қызға ұқсас болады.
2Олардың бесеуі ақылсыз, ал бесеуі ақылды болатын.
3Ақылсыздары шамдарын ғана алып, өздерімен бірге май алмай шықты.
4Ақылдылары шамдарымен қоса өздерімен бірге ыдыспен май алып шығады.
5Бірақ күйеу жігіт кешіккендіктен, бәрі қалғып, ұйықтап қалды.
6Түн ортасында: «Міне, күйеу жігіт! Оны қарсы алыңдар!» -деп айғайлаған дауыс естіледі.
7Сонда қыздардың бәрі оянып, шамдарын реткекелтіреді.
8Ақылсыз қыздар ақылдыларына: «Бізге майларыңнан беріңдерші, өйткені шамдарымыз өшіп барады», - дейді
9Ақылды қыздар бұған: «Бізге де, сендерге де жетпей қалмауы үшін, сатушыларға барып, өздеріңе май сатып алғандарың дұрыс», - деп жауап береді.
10Олар май сатып алуға кеткенде, күйеу жігіт те келді. Сонда дайын тұрғандары Онымен бірге салтанатты үйлену тойына кіріп кетті де, есік жабылып қалады.
11Кейінірек әлгі сыртта қалған қыздар келіп: «Мырза! Мырза! Бізге есік ашшы!» - дейді.
12Күйеу жігіт оларға: «Сендерге шындықты айтайын: Мен сендерді білмеймін», - деп жауап береді.
13-Сондықтан да сергек болыңдар! Менің қай күні, қай сағатта келетінімді білмейсіңдер, - деді.
14-Бұл жағдай басқа елге кетерде қызметшілерін шақырып алып, өз меншігін оларға аманаттаған адамның ісі сияқты болады.
15Олардың әрқайсысының қабілеттеріне сай, біреуіне-бес, басқасына-екі, ал үшіншісіне бір талантты беріп, кетіп қалады. Сол уақытта,
16бес талант (бір талантта шамамаен 26 -36 кг салмақ болған) алғаны оны іске қосып, үстінен бес талант пайда табады.
17Екі талант алғаны да дәл солай тағы екі талант пайда табады.
18Ал бір талант алғаны жерді қазып, қожайыны берген күміс ақшаны тығып қояды.
19Ұзақ уақыттан кейін, әлгі қызметкерлердіңқожайыны келіп, олардан есеп ала бастады.
20Сонда бес талант алғаны үстінен түскен бес талантты алып келіп: «Мырза, маған бес талант берілген болатын, қараңыз, міне, мен тағы бес талант пайда көрдім», -дейді.
21Қожайыны оған: «Жарайсың! Жақсы да адал қызметшім, кішкентай істе сенімді болдың, енді сені үлкен іске қоямын, қожайыныңмен бірге қуан», - дейді.
22Екі талант алған адам да келіп: «Мырза, маған екі талант берілген болатын, қараңыз, міне, тағы екі талант пайда көрдім», - дейді.
23Қожайын оған: «Жарайсың! Жақсы да адал қызметкерсің, кішкентай істе сенімді болдың, енді сені істің үлкеніне қоямын, қожайыныңмен бірге қуан», -дейді.
24Бір талант алған адам да келіп: «Мырза, Сенің екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайтын қатал адам екеніңді біліп,
25қорыққанымнан сенің маған берген талантыңды жерге тығып қойдым, міне, мынау-сенікі», - дейді.
26Сонда қожайыны оған: «Зұлым әрі қорқақ қызметші, екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайтынымды білдің бе?
27Сондықтан менің күмістерімді айырбастаушыларға апарып тастауың керек еді, мен қайтып келгенде, өзімдікін өсімімен қайтарып алар едім», - дейді.
28Сондықтан оның талантын алып, оны он таланты барға беріңдер.
29Себебі менде бар деген әркімге тағы да беріліп, ол молшылыққа ие болады. Ал жоқ дегеннен оның бардегені де алынып қойылады.
30Мына жарамсыз қызметкерді сыртқа, қара түнекке, лақтырып тастаңдар, сол жерде ол зар еңіреп жылап, бармағын тістеп, өкінетін болады», - деді.
31Адам Ұлы Өз ұлылығымен және барлық періштелерімен бірге келіп, ұлылықпен Өз тағына отырған кезінде,
32Оның алдына барлық тілде сөйлейтін халықтар (тайпалар, рулар) жиналатын болады, сонда Ол қой мен ешкіні бір-бірінен ажырататын бақташы сияқты адамдарды да бір-бірінен бөлетін болады.
33Қойларды Өзінің оң жағына, ешкілерді сол жағына тұрғызып қояды.
34Сонда Патша Өзінің оң жағындағыларға: «Менің Әкем жарылқағандар, әлем жаратылғаннан бері сендерге дайындалып қойған Патшалықтың мұрагері болыңдар, бері келіңдер!
35Мен ашыққан кезде, сендер Маған тамақ бердіңдер; шөлдеген кезімде Менің шөлімді қандырдыңдар; жат жерлік болып жүрген кезімде, Мені қабылдадыңдар;
36жалаңаш болғанда Мені киіндірдіңдер; ауырған кезде Менің қасымда болдыңдар; Мен абақтыда отырған кезімде Маған келдіңдер», - дейді.
37Сонда Оған әділдер: «Жаратқан Ие, қашан біз Сенің ашыққаныңды көріп, тамақ бердік немесе шөлдеген кезіңде шөліңді қандырдық?
38Қашан Сенің жат жерлік екеніңді көріп қабылдадық немесе жалаңаш болғаныңда киіндірдік?
39Қашан сенің ауырғаныңды көрдік немесе абақтыда отырғаныңда саған келдік?» - деп сұрады.
40Сонда Патша: «Сендерге шындықты айтайын:Менің мына кішкентай бауырларымның біреуіне не істеген болсаңдар, оны Маған да істегендерің», -деп жауап берді.
41Одан кейін сол жақта тұрғандарға: «Менен аулақ кетіңдер, қарғыс атқандар, әзәзіл мен оның періштелеріне дайындалған тозақтың отына барыңдар!
42Өйткені ашыққанымда Маған тамақ бермедіңдер; шөлдегенімде Менің шөлімді қандырмадыңдар;
43жат жерлік болғанымда Мені қабылдамадыңдар; ауырып және абақтыда отырған кездерімде Маған келмедіңдер».
44Сонда олар: «Ием, қашан Сенің ашыққаныңды немесе шөлдегеніңді, немесе жат жерлік болғаныңды, немесе жалаңаш болып, ауырып, абақтыда болғаныңды көріп, Саған қызмет етпедік?» - деп сұрайды.
45Сонда Ол: «Сендерге шындықты айтайын: осы кішкентайлардың біреуіне қажеттіні істемегендерің оны Маған да істемегендерің», - деп жауап қайырды.
46Сөйтіп, олар мәңгілік жазаға тартылатын болса, ал әділдер мәңгілік өмірге аттанады.

Currently Selected:

Матай 25: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in