1
Жохан 6:35
Киелі кітап
Сонда Иса оларға былай деді: — Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін. Маған келгендер рухани нәрден тарықпайды, Маған сенгендер ешқашан шөлдемейді!
مقایسه
Жохан 6:35 را جستجو کنید
2
Жохан 6:63
Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды. Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар.
Жохан 6:63 را جستجو کنید
3
Жохан 6:27
Өткінші тамаққа емес, мәңгілік өмір беретін рухани нәрге ұмтылыңдар! Оны сендерге көктен келген Мен ғана бере аламын, өйткені Құдай Әке Маған билігін берді.
Жохан 6:27 را جستجو کنید
4
Жохан 6:40
Себебі Әкемнің еркі мынау: Өзінің рухани Ұлына назар аударып, сенім артқан барлық адамдарға мәңгілік өмір сыйлау. Мен соларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.
Жохан 6:40 را جستجو کنید
5
Жохан 6:29
Иса: — Ол Жібергенге сеніңдер, Құдайдың еркі сол, — деп жауап берді.
Жохан 6:29 را جستجو کنید
6
Жохан 6:37
Әкем қарамағыма берген адамдардың барлығы Маған келеді, ал Мен Өзіме келгендерді ешқашан қуып жібермеймін.
Жохан 6:37 را جستجو کنید
7
Жохан 6:68
Бұған Шимон Петір: — Жоқ, Ием, Сізден кетсек, кімге бармақпыз? Мәңгілік өмірге жеткізетін сөздер Сізде.
Жохан 6:68 را جستجو کنید
8
Жохан 6:51
Көктен түскен «тірі нан» Менмін. Одан «жеген» әркім мәңгілік өмірге ие болады. Бұл «нан» — Менің денем, оны адамзат шынайы өмірге ие болсын деп құрбан етемін.
Жохан 6:51 را جستجو کنید
9
Жохан 6:44
Мені жіберген Әкем Өзіме жақындатып тартса ғана, адамдар Маған келе алады; ал Мен оларды ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.
Жохан 6:44 را جستجو کنید
10
Жохан 6:33
Себебі көктен түсіп, адамзатқа өмір Беруші — «Құдайдың наны», — деп жауап қайтарды.
Жохан 6:33 را جستجو کنید
11
Жохан 6:48
Шынайы өмір сыйлайтын «нан» Менмін.
Жохан 6:48 را جستجو کنید
12
Жохан 6:11-12
Иса күлшелерді алып, шүкірлік етті де, жайғасқандарға үлестірді; кепкен балықтардан да жұртқа қалағандарынша берді. Бәрі жеп тойған соң, Иса шәкірттеріне: «Босқа ысырап болмас үшін нанның қалдықтарын жинап алыңдар», — деді.
Жохан 6:11-12 را جستجو کنید
13
Жохан 6:19-20
Шәкірттер бес-алты шақырымдай қайықпен жүргеннен кейін, кенеттен көл бетімен жаяу жүріп қайыққа таяп қалған Исаны көрді. Олар қорқып кетті, ал Иса: «Қорықпаңдар, келе жатқан Менмін ғой!» — деп көңілдерін орнықтырды.
Жохан 6:19-20 را جستجو کنید
خانه
كتابمقدس
برنامههای مطالعه
ویدیوها