Жаратылыстың баст. 14

14
Ыбырамның Лутты жау қолынан құтқаруы
1Сол заманда (Месопотамиядағы) Шинар#14:1 (10:10; 11:1) Яки: Бабыл. патшасы Амрафел, Елласар патшасы Ариох, Елам#14:1 (10:22; Иш 11:1) Парсы шығанағының солтүстік жағасындағы ел. патшасы Кедор-Лаумер және Ғойым патшасы#14:1 (14:9; Еш 12:23) Немесе: (бөтен) халықтардың патшасы. Тидал бірігіп, 2(шығыс жақтан аттанып, Иордан алқабындағы бес қаланың патшаларына) қарсы соғысуға келді. Жаңағы бес патшаның аты-жөндері: Содом патшасы Бера, Ғомора патшасы Бырша, Адма патшасы Шынап, Себоим#14:2 10:19. патшасы Шемебер және Беланың патшасы болатын. Бела қазір Сиғор деп аталады.#14:2 19:22. 3Сол бес патша өзара келісім жасасып, қазір Тұз теңізі (яғни Өлі теңіз) орналасқан Сідим жазығына жиналды. 4Олар он екі жыл бойы Кедор-Лаумердің қол астында болып келіп, он үшінші жылы оған қарсы көтерілген еді.
5Он төртінші жыл келгенде Кедор-Лаумер және оған ерген басқа патшалар жорыққа шығып, Аштарот-Қарнайымдағы рафалықтарды,#14:5 (15:20; Заң 2:11; 3:11) Яки: Рафаның ұрпақтары деп аталған алыптарды. Хамдағы зуздықтарды, Кириятаим жазығындағы емдіктерді 6және Сейір тауларында, иен далаға таяу жердегі Ел-Паранға дейін орналасқан хорлықтарды жеңіп, талқандады. 7Сонан соң олар оралып, Ен-Мышпатқа,#14:7 Яки: Мышпат су көзіне. яғни Қадешке, барып, амалектіктердің және Хасасон-Тамардағы#14:7 Хасасон-Тамар кейін Ен-Геді деп аталды (Шеж2 20:2). аморлықтардың бүкіл жерін басып алды.
8Сонда Сідим жазығында әлгі бес патша: Содомның, Ғомораның, Адманың, Себоимның және Беланың, яғни Сиғордың, патшалары жасақшыларын ұрысқа дайындап, 9төрт патшаға: Кедор-Лаумер, Тидал, Амрафел және Ариохқа қарсы аттанды. 10Ал Сідим жазығы жердің қарамайы шығатын шұңқырларға толы болатын. Сонда Содом мен Ғомораның патшалары шайқастан қашқанда, олар (және жасақшыларының көбі) сол шұңқырларға құлап түсіп, қалғандары тауға қарай безді. 11Жеңімпаз төрт патша Содом мен Ғомора қалаларының бүкіл байлығын және барлық азық қорын талан-таражға салды. 12Олар Ыбырамның немере інісі Лутты да бар мал-мүлкімен алып кетті. Өйткені ол Содомда тұратын.
13Шайқастан қашып құтылған біреу осыны көшпенді#14:13 Түпнұсқадағы ебері не «көшпенді», не «еберлік» (яғни «Ебердің ұрпағы») дегенді білдіре алады (11:14-26). Ыбырамға жеткізді. Сол кезде Ыбырам Ешқол мен Анердің ағасы аморлық Мамренің алып емен ағаштары өсіп тұрған тоғайының қасында тұратын. Бұлардың бәрі Ыбыраммен келісім жасасқан еді. 14Інісінің тұтқынға түскенін естігенде, Ыбырам қол астындағы үш жүз он сегіз жаттыққан жасақшыларын жинап алып, жауды Дан қаласына дейін қуып кетті. 15Түнде Ыбырам адамдарымен топ-топқа бөлініп алып, шабуылға шықты да, жауды жеңіп, оларды Дамаскінің солтүстігіндегі Хоба қаласына дейін қуды. 16Осылай Ыбырам жау қолына түскен барлық мал-мүлікті, інісі Лутты да мал-мүлкімен және тұтқынға түскен әйелдер мен басқа да адамдарды қайтарып алды.
Ыбырамның Мәліксадықтан бата алып, Содом патшасының сыйлығынан бас тартуы
17Ыбырам Кедор-Лаумер мен оған ерген патшаларды жеңіп, қайтып келе жатқанда, Содомның патшасы оны қарсы алу үшін «Патша аңғары» деп аталатын Шаве аңғарына жолға шықты.
18Салим қаласының патшасы Мәліксадық та Ыбырамның алдынан шығып, оған нан мен шарап ұсынды. Ол Құдай Тағаланың діни қызметкері болатын.#14:18 Жыр 109:4; Евр 5:6. 19Мәліксадық Ыбырамға ақ батасын беріп былай деді:
«Лайым көк пен жерді жаратқан
Алла Тағала Ыбырамды жарылқай көрсін!
20Жауларыңды қолыңа тапсырған
Құдай Тағала мадақтала берсін!»
Ыбырам қолында барының оннан бір бөлігін Мәліксадыққа құдайы сый-тарту ретінде қалдырып кетті.#14:20 28:22; Леу 27:30-32; Рул 28:26; Заң 12:17.
21Бұдан кейін Содомның патшасы да Ыбырамға жетіп, одан:
— Жаудан қайтарып алған адамдарды маған беріп, мал-мүлікті өзіңізге қалдыра көріңіз, — деп өтінді. 22Бірақ Ыбырам:
— Мен көк пен жерді жаратқан Тәңір Ие — Алла Тағала алдында қолымды көтеріп тұрып ант етемін: 23сіз кейін «Ыбырамды мен байыттым» деп айтып жүрмеуіңіз үшін, мен барлық дүние-мүлкіңізден түк те алмаймын: бір сабақ жіп те, аяқкиімнің бір бауын да!#14:23 Содомдықтар әбден күнәға батқан халық болатын (13:13; 18:20; 19:4-9). 24Тек адамдарымның ішіп-жеген тамағын ғана қайтармайын және менімен бірге жорыққа шыққан Анер, Ешқол және Мамре#14:24 13:18; 14:13. өздеріне тиісті үлестерін алатын болсын, — деп Содом патшасына жауап қайырды.

Одоогоор Сонгогдсон:

Жаратылыстың баст. 14: КК 2010

Тодруулга

Хуваалцах

Хувилах

None

Тодруулсан зүйлсээ бүх төхөөрөмждөө хадгалмаар байна уу? Бүртгүүлэх эсвэл нэвтэрнэ үү