Жаратылыстың баст. 15
15
Құдайдың Ыбырамды ұлды етуге уәде беріп, онымен Келісім жасауы
1Осы оқиғалардан кейін Жаратқан Ие Ыбырамға аян беріп:
— Ыбырам, қорықпа! Мен сені қалқандай қорғаймын. Саған берілер сыйлық аса зор болады,#15:1 Немесе: Мен сенің қалқаның және аса зор сыйлығыңмын. — деді. 2Бірақ Ыбырам жауап беріп былай деді:
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, Сен маған қандай сыйлық бермексің? Мен әлі де ұрпақсыз келемін.#15:2 Яки: Мен дүниеден баласыз өтетін болармын. Үйіме дамаскілік қызметшім Елиезер иелік етпек. — 3Ыбырам тағы: — Сен маған бала сыйламадың, сондықтан мұрагерім үйімдегі бір қызметшім болады, — деп те мұңын шақты. 4Ал Жаратқан Ие оған сөзін арнап:
— Мұрагерің ол емес, сенен туатын ұл болады! — деді. 5Содан оны сыртқа алып шығып: — Аспанға қарап жұлдыздарды санашы! Сен оларды санай алар ма екенсің? Сенің үрім-бұтағың да осындай сансыз көп болады! — деп уәде берді.
6Ыбырам Жаратқан Иеге сенді, сондықтан Жаратқан Ие оны Өзінің алдында ақтады.#15:6 Немесе: оны (Өзінің алдында) әділ деп есептеді.
7Тәңір Ие Ыбырамға тағы да тіл қатып:
— Мен Жаратқан Иемін. Сені осы елді иемденсін деп халдейлік Ур қаласынан алып шыққан Менмін, — деді. 8Ал Ыбырам:
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, оны иемденетінімді мен қалай нақты біле аламын? — деп сұрады. 9Сонда Иеміз оған:
— Маған бір-бірден үш жасар сиыр, ешкі, қошқарды#15:9 Яғни үш жасар қашарды, үш жасар ешкіні, үш жасар қошқарды. әрі орман кептері мен жас көгершінді алып кел, — деп бұйырды.
10Ыбырам соның барлығын әкеліп, оларды сойып, ортасынан қақ бөліп, бөліктерді бір-біріне қарсы қойды.#15:10 Сойылып, қақ бөлініп, екі жаққа қойылған мал бөліктерінің арасынан өту сол заманғы келісім жасау салтына сай болды (15:17; Ерм 34:18). Ол тек құстарды ғана бөлмеді. 11Жыртқыш құстар сойылған малдардың етіне қонды, бірақ Ыбырам оларды қуып жіберді.
12Күн батқанда Ыбырамды керемет ұйқы басты. Сол сәтте ол түсінде қара түнекті көріп, қатты қорқып кетті. 13Ал Жаратқан Ие Ыбырамға тіл қатып:
— Біліп ал: сенің ұрпақтарың бөтен елде жат жұрттық келімсектер ретінде тұратын болады. Сол жерде олар төрт жүз жыл бойы құлдықта болып жәбірленеді. 14Бірақ оларды құл еткен халықты Мен жазалаймын. Бұдан кейін сенің ұрпақтарың сол елден мол дүние-мүлікпен көшіп шығады. 15Ал сен болсаң, жасың ұлғайған шағыңда ақ өліммен#15:15 Немесе: тыныштықпен (өз ажалыңмен) қайтыс болып. бабаларыңның қасына аттанып, жер қойнына кіресің. 16Сенің үрім-бұтағың осы елге төрт ұрпақтан кейін ғана қайтып келеді. Себебі аморлықтардың күнәлары әлі шегіне жеткен жоқ, — деді.
17Күн батып, қараңғылық орнаған кезде, міне, пештен шыққан іспетті түтін мен лаулап жалындаған от#15:17 Немесе: лаулап жалындаған шырақ. (Ол Құдайдың сол жерде екенін білдірді: Мыс 13:21; 14:24; 19:18.) бір-біріне қарсы жатқан мал бөліктерінің ортасынан өте шықты.
18Сол кезде Жаратқан Ие Ыбыраммен Келісім жасап:
— Мен сенің үрім-бұтағыңа Мысырдың шетіндегі өзеннен бастап үлкен өзен — Евфратқа дейін жайылған осы елді беремін. 19Онда кендіктер, кеназдықтар, қадмондықтар, 20хеттіктер, перездіктер, рафалықтар, 21аморлықтар, қанахандықтар, гергестіктер және ебустіктер тұрып жатыр, — деді.
Одоогоор Сонгогдсон:
Жаратылыстың баст. 15: КК 2010
Тодруулга
Хуваалцах
Хувилах
Тодруулсан зүйлсээ бүх төхөөрөмждөө хадгалмаар байна уу? Бүртгүүлэх эсвэл нэвтэрнэ үү
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: