Лұқа 8

8
Мәсіхтің жолына түскен сенуші әйелдер
1Бұдан кейін Иса қалалар мен ауылдарды аралап, халыққа уағыз айтып Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабарды жеткізді. Оған он екі елшісі 2және көптеген әйелдер еріп жүрді. Әйелдердің бірнешеуін Иса қинаған жындарынан арылтып, ауруларынан сауықтырған болатын. Олар — жеті жынынан арылған мағдалалық Мәриям,#8:2 24:10. 3Иродтың сарай басқарушысы Қузаның әйелі Жоханна, Сузанна және көптеген басқалары. Олар қолдарындағы барымен Исаға және Оның шәкірттеріне қызмет көрсетті.
Төрт түрлі топыраққа себілген тұқым туралы астарлы әңгіме
4Көптеген қалалардың тұрғындары Исаның қасына келіп, үлкен топ жиналған еді. Иса оларға мына астарлы әңгімені айтып берді:
5— Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде, дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, шоқып, жеп қояды. 6Біраз тұқым тастақ жерге түседі. Алайда көктеп шыққаннан кейін ылғал жетіспегендіктен олар қурап қалады. 7Кейбір дәндер тікен арасына түседі. Бірге өскен тікендер оларды тұншықтырып, өсірмей тастайды. 8Ал кейбіреулері құнарлы топыраққа түседі. Бұлар көктеп шығып, өсіп, жүз еседен өнім береді. — Мұны айтқаннан кейін Иса дауыстап: — Құлағы барлар жақсылап тыңдап алсын! — деп ескертті.
Ізгі хабарды тыңдап, сақтап, шыдамдылықпен рухани өнім беру қажет
9Сонда шәкірттері Исадан:
— Бұл астарлы әңгіменің мағынасы қандай? — деп сұрады. 10Иса оларға жауап беріп былай деді:
— Құдай өз Патшалығы туралы сырларды білуді сендерге бұйырған. Бірақ басқаларға#8:10 Яғни Құдайдың ізгі жолына шын жүректен түскісі келмейтіндерге (10:13-15; 7:31-35). олар астарлы әңгімелер арқылы айтылады. Осылайша олар көріп тұрса да, шынымен көрмесін, естіп тұрса да, бәрібір түсінбесін.#8:10 (Иш 6:9; Мат 13:11,14) Құдайдың ежелде Ишая пайғамбар арқылы осындай қатаң сөздермен Исраил халқының қиқарлығын әшкерелеп, үкімін шығарғаны сияқты, Мәсіх те адамдардың қиқарлығының ауыр салдарларын түсіндірді.
11Ал әңгіменің мағынасы мынадай: тұқым Құдайдың Ізгі хабарын#8:11 Яки: Құдайдың сөзін. білдіреді. 12Жол бойына түскендері Ізгі хабарды былай тыңдайтын адамдарды бейнелейді: оларға әзәзіл шайтан келіп, сенбесін, құтқарылмасын деп, жүректеріне себілген бұл сөздерді ұрлап алып кетеді.#8:12 8:18; Мат 13:14-15,19; Мар 6:20; Жох 6:36; 12:42-43.
13Тастақ жерге түскендері мынаны көрсетеді: адамдар Ізгі хабарды естіген бойда оны қуанышпен қабылдайды, бірақ тамыр жаймағандықтан уақытша ғана сенеді. Олар сынақтан өтіп жүрген кезде сенімдерінен безіп кетеді.#8:13 7:23; 11:4; 21:34; 22:40,46.
14Тікен арасына түскен дәндер болса, мынаны білдіреді: адамдар Ізгі хабарды естиді. Алайда былай шыға бере, тұрмыс қамын ойлап абыржиды, байлық пен ләззаттың қызығына алданады. Осылайша Ізгі хабар ескерусіз қалып тұншығып, өнімі пісіп үлгермейді.#8:14 Яки: Осылайша (сол адамның өмірінде) сөз «тұншығып», жемісі піспейді (3:9; 13:6-9; Жох 5:2,6-8).
15Ал құнарлы топыраққа себілген тұқымдар мынаны бейнелейді: бірсыпыра адамдар Құдайдың хабарын тыңдап, ізгі де таза жүректерінде сақтап, шыдамдылықпен өнім береді.#8:15 Яки: шыдамдылықпен рухани өнім береді (Жох 15:9-16; Ғал 5:22-26; Мат 13:23; 25:34-40; Жақ 1:27).
16Ешкім шам жаққан соң оны ыдыспен бүркемейді, не төсек астына да қоймайды. Қайта, оны шам қойғышқа#8:16 Яғни шамдалға (майшамға арналған тұғырға: Пат4 4:10). қояды, сонда ол үйге кіргендерге жарығын түсіреді.#8:16 Құдайдың Патшалығы туралы Ізгі хабар оны тыңдаған адамның өмірінде игілікті өнім беріп, басқаларға да нұрын төгетін болады (11:33; Мат 5:14-16). 17Сол сияқты, мәлім болмайтын ешбір сыр да жоқ, жарыққа шығып, жария болмайтын ешбір құпия да жоқ.
18Сондықтан қалай тыңдайтындарыңа назар аударыңдар! Өйткені кімде біраз түсінік бар болса, соған тағы көбірек беріледі, ал кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де одан алынып қойылады,#8:18 Құдай сөзін естіп, орындайтын адамдарға көбірек түсінік беріледі, ал орындамайтындар естігендерін де жоғалтып алады (19:26; Мат 13:12; Мар 4:25). — деп қорытты Иса.
Мәсіхтің шын мәніндегі туысқандары
19Исаның шешесі мен туған бауырлары келіп, халықтың көптігінен Оған жақындай алмады. 20Біреу Исаға:
— Сыртта шешеңіз бен бауырларыңыз келіп, Сізбен жолығамыз деп тұр — деді. 21Алайда Иса:
— Құдайдың сөзін тыңдап, орындайтындар Маған шеше мен бауырлар іспетті жақын!#8:21 Яғни Менің рухани отбасым (11:28; Мат 12:49; Мар 3:35; Жох 1:12). — деп жауап қайырды.
Қатты дауыл
22Бір күні Иса шәкірттерін ертіп қайыққа мініп: «Көлдің арғы бетіне#8:22 Яғни көлдің оңтүстік-шығыс жағына (8:26). өтейік», — деді. Осылай олар жағадан аттанды. 23Олар көлден өтіп бара жатқанда, Иса ұйықтап қалды. Сол кезде тау жақтан қатты дауыл көтеріліп, көлге соқты. Қайық толқынның астында қалып, суға тола бастады. Оларға зор қауіп төнді. 24Шәкірттері Исаға жақындап, Оны оятып:
— Ұстаз! Ұстаз! Құритын болдық! — деп айқайлады. Иса орнынан тұрып, жел мен толқындардың долдануына тыйым салды. Олар басылып, тыныштық орнады. 25Иса шәкірттеріне:
— Сенімдерің қайда? — деді. Олар үрейленіп, аң-таң болып, біріне-бірі: «Тіпті жел мен суға да бұйрық беретін Бұл кім Өзі? Олар Оған бағынады ғой!» — десті.
Ғадарадағы жындар қинаған кісінің олардан босатылуы
26Осылай Иса мен шәкірттері көлден өтіп, Ғалилея аймағының қарсы бетіндегі Ғадара#8:26 Немесе: Гераса. (Ғадара мен Гераса көлдің оңтүстік-шығыс жағында орналасқан қалалар болатын.) өңіріне жетті. 27Жағаға шығысымен-ақ Исаға сол қалалық бір кісі кездесе кетті. Жын соққан осы адам көп уақыттан бері киім-кешек кимей, үйде емес, қабірге арналған үңгірлерде тұрып жүрген болатын. 28Ол Исаны көрген бойда айқай сала аяғына жығылды да, қатты дауыстап:
— Құдай Тағаланың рухани Ұлы Иса,#8:28 1:32,35; Жар 14:18-20. менде нең бар? Саған жалынамын: азаптай көрмеші мені! — деп жалынды. 29Себебі Иса жынға: «Шық бұл кісіден!» — деп бұйырған болатын. Жын сол адамды көптен бері қинап келген еді. Жұрт оны шынжырлармен, кісендермен бұғаулап тастаса да, ол бұғауларын үзіп, жын айдап елсіз далаға кететін еді.
30Иса одан:
— Атың кім? — деп сұрағанда, ол:
— «Үлкен топ»,#8:30 Түпнұсқада: «легион». (Алты мыңдай адамы бар римдік әскер бөлімінің осы атауы бұл жерде өте көп жындардың сол адамға үстемдік етіп, билік жүргізгенін көрсетеді.) — деді. Себебі сол адамға көптеген жындар кіріп алған болатын. 31Олар Исадан: «Бізге тұңғиық шыңырауға түсуге бұйыра көрме», — деп өтінді.
32Осы жердегі қырат беткейінде үлкен бір топ шошқа#8:32 15:15; Леу 11:7. жайылып жүрген болатын. Жындар соларға енуге рұқсат сұрады. Иса жол берген соң, 33жындар кісіден шығып, әлгі хайуандарға енді. Сонда олар тік жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды.
34Мұны көріп тұрған бақташылары қашып кетіп, болған оқиғаны қала мен ауылдарда айтып берді. 35Халық соны көру үшін жолға шығып, Исаға келді. Олар жындары шыққан кісінің ақыл-есі кіріп, киініп, Исаның аяқ жағында отырғанын көргенде қорқып кетті. 36Болған оқиғаны өз көздерімен көрген куәгерлер оларға бұрын жын қинаған кісінің қалай азат етілгені туралы әңгімелеп берді. 37Сонда Ғадара төңірегінің бүкіл халқы зәрелері ұшып, Исадан: «Біздің жерімізден кетіңіз», — деп өтінді.#8:37 5:8; Жар 26:16; Әйүп 21:14-15; Мар 5:17. Ол қайыққа мініп, қайтып кетті.
38Жындарынан арылған кісі Исадан:
— Сізбен бірге болайыншы, — деп сұраған еді. Бірақ Иса:
39— Сен үйіңе қайтып, ондағыларға Құдайдың өзіңе не істегенін айтып бер! — деп, оны үйіне жіберді. Әлгі адам барып, Исаның өзіне не істегенін бүкіл қалаға жариялады.
Мәсіхтің ауруға және өлімге деген үстемдігі
40Иса көлдің батыс жағына#8:40 Яғни Қапарнаум қаласына (Мат 9:1,18; 4:13). қайта оралғанда, халық Оны қарсы алды. Өйткені бәрі Оны күтіп тұрған еді. 41Кенеттен Жайыр есімді бір ер адам сол жерге келіп, Исаның аяғына жығылды да, үйіне кіруін өтінді. Жайыр мәжілісхананың жетекшісі еді. 42Ол кісінің он екі жас шамасындағы жалғыз қызы бар еді, сол өлім аузында жатқан болатын. Иса Жайырдың үйіне бара жатқанда, халық Оны жан-жақтан қаумалап қыспақтады.
43Халықтың арасында он екі жыл бойы қан кетіп ауырып келген бір әйел де бар еді. Ол бар мал-мүлкін дәрігерлерге жұмсағанмен, біреуі де оны емдеп жаза алмады. 44Әйел Исаның арт жағынан жақындап келіп, Оның шапанының шетіне қолын тигізді. Сол сәтте-ақ қаны тоқтады. 45Иса:
— Маған қолын тигізген кім? — деп сұрады. Ешкім де мойындамаған соң, Петір мен оның қасындағылар:
— Ұстаз! Халық Сізді қаумалап қыспақтап тұр ғой. Ал Сіз: «Маған қолын тигізген кім?» дейсіз бе?! — деді. 46Бірақ Иса:
— Біреу Маған қолын тигізді! Өйткені Менен біраз сауықтыру құдіретінің шыққанын сездім, — деп кесіп айтты.
47Әлгі әйел істеген ісін жасыра алмайтынын білген соң қорыққанынан қалтырап, Исаның қасына келіп, аяғына жығылды. Сосын өзінің қандай себеппен қолын тигізгенін және сол сәтте-ақ қалай сауығып кеткенін бүкіл халықтың алдында айтып берді. 48Иса оған:
— Қарындас,#8:48 Немесе: Қызым. (Осы қаратпа сөзбен Иеміз Иса сол қиналған әйелге деген жанашырлығы мен мейірімділігін білдірді.) сенімің арқылы құтқарылдың. Аман-есен қайта бер, — деді.
49Иса осыны айтып тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен біреу келіп, оған:
— Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз, — деп хабарлады. 50Бірақ мұны естіген Иса Жайырға:
— Қорықпа, тек сенімің болсын, сонда қызың аман қалады, — деді.
51Жайырдың үйіне жеткенде Иса Петір, Жохан, Жақып және қыздың әке-шешесінен басқа ешкімнің үйге кіруіне рұқсат бермеді. 52Жұрттың бәрі жылап, жоқтау айтып тұрған еді. Ал Иса: «Жыламаңдар, ол өлген жоқ, ұйықтап жатыр», — деді. 53Қыздың өлгенін білетін олар Исаның айтқанына күлді. 54Бірақ Ол (солардың бәрін сыртқа шығарды да) қыздың қолынан ұстап тұрып, дауыстап: «Қызым, тұра ғой!» — деді. 55Сонда қыздың жаны қайтып кіріп, ол дереу орнынан тұрды! Иса: «Оған тамақ беріңдер», — деп бұйырды. 56Қыздың әке-шешесі қатты қайран қалды. Ал Иса оларға бұл оқиға жайлы ешкімге тіс жармауды ескертті.

Одоогоор Сонгогдсон:

Лұқа 8: КК 2010

Тодруулга

Хуваалцах

Хувилах

None

Тодруулсан зүйлсээ бүх төхөөрөмждөө хадгалмаар байна уу? Бүртгүүлэх эсвэл нэвтэрнэ үү