Жаратылыстың баст. 2
2
1Осылайша аспан мен жер және олардың рет-ретімен орналасқан барлық бөлшектері#2:1 Яки: олардың бүкіл тобы. толықтай жаратылды.
2Құдай жүргізген жарату жұмысының бәрін жетінші күні аяқтап, сол күні еңбек етпей демалды.#2:2 Яки: сол күні жұмысын доғарды. 3Жетінші күнге Құдай оң батасын беріп, оны қасиетті деп белгіледі.#2:3 Яғни оны Өзіне бағыштады (Мыс 20:8-11). Себебі Ол бұл күні Өзінің жарату жұмысының бәрін бітірген соң тынықты.
Адам ата мен Хауа ананың пейіш бағындағы тамаша өмірі
4Аспан мен жердің жаратылғаннан кейінгі тарихы мынау:
Құдай Ие#2:4 Яки: Құдай — Жаратқан Ие (Мыс 3:14-15). жер мен аспанды жаратқан кезде 5жер бетінде әлі де даланың бұталары мен өсімдіктері көктеп, өспеген болатын. Себебі Құдай Ие жерге жаңбыр жауғызбаған еді; оны өңдейтін адам да жоқ болатын. 6Ал жер бетінен бу көтеріліп шығып, бүкіл даланы суландырып тұрды.#2:6 (1:6) Немесе: жер астынан бұлақтар шығып, бүкіл жер бетіндегі топырақты суландырды.
7Сонда Құдай Ие жердегі топырақтан адамды қалыптастырып жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі.#2:7 Немесе: жердегі шаң-тозаңнан адамды мүсіндеп, оның мұрнына өмір беретін рухты үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді.
8Құдай Ие шығыс жақта, Едем#2:8 Түпнұсқадағы Еден (яки: Едем) сөзі «Рақат», «Ләззат» дегенді білдіреді. деген жерге пейіш бағын#2:8 Яки: жаннатты (жұмақты). орнатып, Өзі жаратқан адамды сонда орналастырды. 9Құдай Ие көз тартарлық, жеуге жақсы жеміс беретін әр түрлі ағаштарды жерден өсіріп шығарды. Бақтың ортасында «мәңгілік өмірді сыйлайтын ағаш» және «жақсылық пен жамандықты танытатын ағаш» та өсіп тұрды.
10Бақты суландыратын өзен Едемнен ағып шығып жатты, ол әрі қарай төрт тармаққа бөлініп кететін. 11Біріншісі Пишон деп аталады, ол алтын шығатын бүкіл Хауила өлкесін айналып ағады. 12Сол елдің алтыны ерекше бағалы, онда хош иісті шайыр мен оникс атты асыл тас та бар. 13Екінші өзенді Гихон деп атайды, ол бүкіл Құш өлкесін#2:13 Осы өлкенің қазіргі Ирак елінің (яғни Месопотамияның) оңтүстік-шығыс жағында орналасқаны ықтимал. айналып ағады. 14Үшінші өзеннің аты Тигр, ол Ассурдың шығыс жағынан өтеді. Төртінші өзен — Евфрат.#2:14 Тигр: түпнұсқада Хиддекел. Ассур: қазіргі Ирак елінің солтүстігінде ежелде орналасқан Ассирия патшалығы және оның көне астанасы. Евфрат: шығыс Түркия мен Ирактың ішімен ағатын үлкен өзен.
15Құдай Ие пейіш бағын өңдеп, күтіп-бағу үшін адамды сонда орналастырды. 16Құдай Ие адамға бұйрық беріп: «Саған бақтағы күллі ағаштардың жемістерін жеуге болады. 17Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жеме! Себебі одан жесең, сол күні өлесің»,#2:17 Мұндағы «өлу» сөзі тек тәндік ажалды емес, «рухани өлуді», яғни Құдайдан ажырауды да білдіреді (3:23; Иш 59:2; Рим 6:21; 7:9-11; Аян 20:11-15). — деді.
18Содан кейін Құдай Ие: «Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас. Мен оған өзіне сай көмекші#2:18 Яки: қолдаушы (2:20,24; Нқл 18:22; 31:10-12,28-31). жасап берейін», — деді.
19Құдай Ие даладағы барлық жануарларды және аспандағы күллі құстарды топырақтан қалыптастырып жасаған еді. Енді адамның оларды қалай атайтынын білу үшін бәрін оған алып келді. Адам қандай ат қойса, олар солай аталатын болды. 20Сонымен адам малдар мен аңдардың және аспандағы құстардың барлық түрлеріне де өз аттарын берді.
Ал адамға#2:20 Яки: Ал Адамға (яғни Адам атаға: 5:1). өзіне сай көмекші табылмады. 21Сонда Құдай Ие адамды терең ұйқыға батырып, ұйықтап жатқанда оның бір қабырғасын#2:21 Немесе: бір бүйірін. алып, соның орнын етімен жауып тастады. 22Құдай Ие осы қабырғадан әйел жасап шығарып, оны адамға алып келді.
23Риза болған адам былай деді:
«Міне, бұл — сүйек, өз сүйегімнен шыққан,
Әрі тән, өз тәнімнен шыққан!
Ол әйел#2:23 Түпнұсқадағы иша («әйел») деген сөз иш («еркек») сөзіне ұқсас айтылады. деп аталатын болсын,
Себебі ол еркектен алынып жасалған».
24Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне берік қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады.#2:24 Яки: әйелінен ажырамастай берік ұстанады (жабысады), сөйтіп екеуі «бір тән» (бір жаңа бірлік) болады.
25Адам мен оның әйелі жалаңаш еді, ал олар бұған ұялған жоқ.
Zvasarudzwa nguva ino
Жаратылыстың баст. 2: КК 2010
Sarudza vhesi
Pakurirana nevamwe
Sarudza zvinyorwa izvi
Unoda kuti zviratidziro zvako zvichengetedzwe pamidziyo yako yose? Nyoresa kana kuti pinda
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: