Жаратылыстың баст. 6
6
Құдайдың күнәкарларды құртып, Нұх пайғамбарды құтқаруға шешім қабылдауы
1Адамдар жер бетінде көбейе бастап, қыздары да көптеп туылғанда, 2өздерін Құдайдың ұлдарымыз деп есептейтін билеушілер#6:2 (4:19,22-23) Немесе: құдайшылдар. Яки: Құдайдың ұлдары. (Осы атау Сеттің Құдайға бағынған ұрпақтарын, ал «адамдардың қыздары» Қабылдан тараған құдайсыз қыздарды білдіруі де мүмкін: 4:17-26.) адамдардың қыздарының сұлу, бойшаң екенін көріп, таңдап алғандарына үйлене беретін. 3Сонда Жаратқан Ие: «Енді Менің Рухым әрдайым адам үшін арпалысқа түспейді, себебі адам әбден бүлінген.#6:3 Немесе: Енді Менің Рухым адам бойында сонша ұзақ уақытқа қалмайтын болады, себебі оның тәні ажалды. Сондықтан ол бұдан былай жүз жиырма жыл ғана өмір сүрсін», — деді.#6:3 6:5-8; 7:11-12,22-23; Пет1 3:20.
4Сол кезде де, содан кейін де өздерін Құдайдың ұлдарымыз деп есептейтін билеушілер адамдардың қыздарымен жақындасып, олардан бұзақы алыптар туған болатын; бұлар өткен заманда ел танып білген батырлар еді.
5Жаратқан Ие адамдардың жер бетінде әбден азғындыққа салынғанын көрді: олардың жүректеріндегі барлық ой-ниеттері әр уақытта зұлымдыққа бейім болды. 6Сонда Жаратқан Ие жер бетінде жаратып шығарған адамдардың осындай күнәлі болып кеткеніне#6:6 Немесе: Тәңір Өзінің жер бетінде адамдарды жаратқанына (Рул 23:19; Жыр 77:39-41; Иш 63:10; Мар 3:5; Еф 4:30). қайғырып, қасірет шекті. 7Сондықтан Ол: «Мен Өзім жаратқан адамды да, онымен қоса малдарды, бауырымен жорғалаушыларды және аспандағы құстарды да жер бетінен құртып жібермекпін. Өзім жаратқандардың күнәкарға айналғандарына#6:7 Немесе: Оларды жаратқаныма. қайғырамын», — деді. 8Жаратқан Иенің рақымына тек Нұх қана ие болды.
9Мынау Нұхтың шежіресі:
Нұх замандастарының арасында әділ де кінәратсыз, Құдаймен тығыз байланыста жүрген адам еді. 10Нұхтың Шам, Хам және Япші деген үш ұлы болды.
11Құдайдың көз алдында жер беті бүлінген үстіне бүліне беріп, зұлымдыққа толды. 12Дүниенің әбден бұзылғанына Құдай көзін жеткізді, себебі жер бетіндегі барлық адамдар азғын өмір сүрді. 13Сонда Ол Нұхқа үн қатып, былай деді: «Мен күллі тіршілік иелерінің өмір сүруін тоқтатамын. Жер беті солардың кесірінен зұлымдыққа толды, сол себепті оларды жермен қоса құртып жіберемін. 14Сен мықты ағаштан#6:14 Яки: (шайыры мол, қарағай тұқымдас) кипарис ағашынан. Немесе: гофер ағашынан. сандық тәрізді кеме тұрғыз, оны бірнеше бөлімдерден тұратын етіп жасап, іші-сыртын қара шайырмен майла. 15Оны былай жаса: ұзындығы үш жүз, ені елу, биіктігі отыз шынтақ болсын. 16Кеменің үстіне шатыр тұрғыз. Ішін ойып, терезелер жаса, оларды ең жоғарғы жерінде бір шынтақ етіп айналдыра орналастыр.#6:16 Немесе: шатыр мен қабырғалардың аралығы бір шынтақ болсын. Ал есігін бүйірінен шығар. Кеменің төменгі, ортаңғы, жоғарғы қабаттары болсын.
17Біліп ал: Мен аспан астындағы жанды мақұлықтардың бәрін құрту үшін жер бетіне топан су қаптатамын. Жер бетіндегінің барлығы құруға тиіс. 18Алайда сенімен Келісімімді жасамақпын.#6:18 8:21-22; 9:8-17. Өзің де, ұлдарың, әйелің және келіндерің де кемеге кіресіңдер. 19Тірі жануарлардың әрқайсысынан екі-екіден кемеге бірге ала баруың керек, біреуі еркек, біреуі ұрғашы болсын. 20Тіршілікті жалғастыру үшін құстардың, малдардың және бауырымен жорғалаушылардың әр түрінен — барлығынан қос-қостан сенімен бірге ішке кірулері керек. 21Ал сен өзіңді және оларды тамақтандыру үшін жеуге жарайтын тағамдардың бәрінен қор жасап ал».
22Нұх бұларды мұқият орындады. Ол барлығын да Құдайдың өзіне бұйырғанындай істеді.
Zvasarudzwa nguva ino
Жаратылыстың баст. 6: КК 2010
Sarudza vhesi
Pakurirana nevamwe
Sarudza zvinyorwa izvi
Unoda kuti zviratidziro zvako zvichengetedzwe pamidziyo yako yose? Nyoresa kana kuti pinda
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.