Матай 2

2
1Иса Ирод патшаның билік құрған кезінде, Яһудея аймағындағы Бетлехемде, дүниеге келді. Сол кезде Иерусалимге шығыстан ғұламалар келіп:
2-Яһудейлер үшін туылған Патша қайда екен? Біз шығыстан Оның жұлдызын көрдік, Оған бас иіп, тағзым ету үшін келдік, - десті.
3Мұны естіген Ирод патша мазасыз күйге түсті және бүкіл Иерусалимде де тура сондай мазасыздық пайда болды.
4Сонда ол барлық яһудейлердің бас қызметкерлері мен Таурат заңы зерттеушілерін жинап алып, олардан:-Мәсіх қай жерде туылуы тиіс еді? - деп сұрады.
5Олар Ирод патшаға: -Яһудея аймағындағы Бетлехемде, өйткені пайғамбарлар арқылы жазылған жазбада:
6«Ал сен, Яһудея жеріндегі Бетлехем, Яһудей билерінің ешқайсысынан да кіші емессің, сондықтан сенен Менің халқым Исраилді жетелеп, бағатын Көсем шығады», -деп жазылғанды айтып берді.
7Сонда Ирод жасырын түрде ғұламаларды шақыртып алды, олардан жұлдыздың пайда болған уақытын нақтылап біліп алған соң,
8оларды Бетлехемге жіберіп тұрып: -Барыңдар да, сол Нәресте жайлы мұқият сұрастырып біліңдер. Оны тапқан соң, маған хабар беріңдер, мен де Оған барып тағзым етейін, - деді.
9Олар пaтшаны тыңдап болған соң, жүріп кетті. Міне, шығыстан көрген жұлдыз оларға жол көрсетіп, жүріп отырып, Нәресте жатқан жердің үстіне келіп тоқтады.
10Олар жұлдызды көргенде, қатты қуанып, шаттанды.
11Үйге келген кезде, Нәресте анасы Мәрияммен бірге екенін көрді де, тізерлеп, бастарын иіп, Оған тағзым етті. Бағалы сыйға толы сандықшаларын ашып, алтын, ладан және смирнаны тарту етті.
12Осыдан кейін олар түсінде Иродқа қайтып баруға болмайтыны жайында аян алып, басқа жолмен өз елдеріне қайтып кетті.
13Олар кетісімен, Жаратқан Иенің періштесі Жүсіпке түсінде келіп: «Нәресте мен Оның анасын алып, Мысырға бар. Мен айтатын кезге дейін сонда бол, себебі Ирод баланы құртпақ болып дайындалып, іздеп жатыр, тұр», - деді.
14Жүсіп орнынан тұрды да, бала мен Оның анасын алып, түнделетіп Мысырға аттанды.
15Жаратушы Иеміздің пайғамбар арқылы: «Мен Мысырдан Өз Ұлымды шақырып алдым», -деп айтқаны орындалуы үшін, Ирод өмірден қайтқанша, олар сол жақта болды.
16Ирод ғұламалардың өзін алдап кеткенін білген соң, қатты ашуланып, олардан сұрап, біліп алған уақытты шамалап, Бетлехемдегі және сол маңайдағы екі жастан төмен балалардың бәріне нөкерлерін жіберіп, өлтіртті
17Осылайша, Еремия пайғамбар арқылы айтылғанмына сөз орындалды:
18«Рамахта зар еңіреп жылап, қатты күйзелген дауыс естіледі. Рахила өз балаларын жоқтап жылап отыр, тіпті, оның жұбанғысы де келмейді, себебі олар енді жоқ».
19Ирод өлген соң, Мысырдағы Жүсіпке Жаратқан Иенің періштесі түсінде келіп, былай деді:
20«Нәресте мен Оның анасын алып, Исраил жеріне бар, өйткені Нәрестенің жанын алмақ болып, Оны іздегендер өлді,тұр», - деді.
21Жүсіп орнынан тұрып, Нәресте мен Оның анасын алып, Исраил жеріне қайта оралды.
22Алайда Яһудея аймағын Иродтың баласы Архелай басқарып отырғанын естіген кезде, сол жаққа баруға қорықты. Жүсіп түсінде тағы да аян алып, Ғалилея өлкесіне аттанды.
23Мұнда келген соң, Назарет деп аталатын қалаға қоныстанды. Бұл пайғамбарлар арқылы: «Ол Назарететтік болады», -деп айтылғанның орындалуы үшін де осылай болды.

Okuqokiwe okwamanje:

Матай 2: ZO

Qhakambisa

Dlulisela

Kopisha

None

Ufuna ukuthi okuvelele kwakho kugcinwe kuwo wonke amadivayisi akho? Bhalisa noma ngena ngemvume