YouVersion logo
BibelLeseplanerVideoer
Få appen
Språkvelger
Søkeikon

Populære bibelvers fra Жаратылыстың баст. 17

1

Жаратылыстың баст. 17:1

Киелі кітап

КК 2010

Ыбырам тоқсан тоғыз жасқа толған соң Жаратқан Ие оған аян беріп: — Мен құдіреті шексіз Құдаймын. Менің көз алдымда мінсіз жүр.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:1

2

Жаратылыстың баст. 17:5

Киелі кітап

КК 2010

Бұдан былай сен Ыбырам («Ұлық ата») емес, Ыбырайым («Көптің атасы») деп аталасың. Өйткені Мен сені көптеген халықтардың түп атасы етіп тағайындадым.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:5

3

Жаратылыстың баст. 17:7

Киелі кітап

КК 2010

Мен бұл Келісімді Менімен сенің араңдағы және кейінгі үрім-бұтағыңның арасындағы мәңгілік Келісім ретінде бекітемін. Ол ұрпақтан ұрпаққа созылатын болады. Мен сенің және үрім-бұтағыңның Құдайы боламын.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:7

4

Жаратылыстың баст. 17:4

Киелі кітап

КК 2010

— Айтқаным айтқан: Менің сенімен жасаған Келісімім бойынша сен көп ұлттың түп атасы боласың.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:4

5

Жаратылыстың баст. 17:19

Киелі кітап

КК 2010

Ал Құдай: — Әйелің Сара саған ұл туып береді, оның атын Ысқақ деп қоясың. Мен Ысқақпен Келісім жасап, оны үрім-бұтағы үшін мәңгілікке бекітемін.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:19

6

Жаратылыстың баст. 17:8

Киелі кітап

КК 2010

Қазір өзің жат жұрттық ретінде тұрып жатқан бүкіл Қанахан елін саған және келер ұрпақтарыңа мәңгі иеленуге беремін. Мен ұрпақтарыңның да Құдайы боламын.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:8

7

Жаратылыстың баст. 17:17

Киелі кітап

КК 2010

Сонда Ыбырайым Құдайдың алдына жерге бас ұра тағзым етіп: «Жүзге келген адам ұлды болып, тоқсанға келген Сара да бала таба алар ма екен?» — деп іштей күлді.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:17

8

Жаратылыстың баст. 17:15

Киелі кітап

КК 2010

Сен әйеліңді енді Сарай емес, Сара деп ата.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:15

9

Жаратылыстың баст. 17:11

Киелі кітап

КК 2010

Сүндет рәсімін орындауларың Менің сендермен жасаған Келісімімнің белгісі болады.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:11

10

Жаратылыстың баст. 17:21

Киелі кітап

КК 2010

Бірақ Мен Келісімімді Сара келесі жылы осы уақытта дүниеге келтіретін Ысқақпен бекітемін, — деп жауап берді.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:21

11

Жаратылыстың баст. 17:12-13

Киелі кітап

КК 2010

Болашақ ұрпақтарыңның әрбір жаңа туған ер баласы туғанына сегіз күн толысымен сүндеттелсін. Бұған әулеттеріңе жатпайтын ер адамдар да кіреді, үйлеріңде дүниеге келген құл-қызметшілерің болсын, не сатып алынғандары болсын, бәрі де сүндеттелуге тиіс. Сонымен үйде туды ма, жоқ әлде құл ретінде сатып алынды ма, барлық еркек атаулы міндетті түрде сүндеттелсін. Менің Келісімімнің сырт белгісі сендердің тәндеріңде мәңгі қалуға тиіс.

Sammenlign

Utforsk Жаратылыстың баст. 17:12-13

Forrige kapittel
Neste kapittel
YouVersion

Oppmuntrer og utfordrer deg til å søke nærhet med Gud hver dag.

Tjeneste

Om

Karrierer

Frivillig

Blogg

Presse

Nyttige lenker

Hjelp

Gi

Bibeloversettelser

Lydbibler

Bibelspråk

Dagens bibelvers


En digital tjeneste av

Life.Church
English (US)

©2025 Life.Church / YouVersion

PersonvernerklæringVilkår
Vulnerability Disclosure Program
FacebookTwitterInstagramYouTubePinterest

Hjem

Bibel

Leseplaner

Videoer