Күнде, айда, жұлдыздарда ғажайып белгілер пайда болып, жерде теңіздер шулап долданатын болады. Содан халықтар зәрелері ұшып, не істерін білмей дал болмақ. Аспан денелері орындарынан қозғалғандықтан, адамдар қорқып, әлемге төнетін апаттарды күтіп естерінен тана үрейленетін болады.
Сол уақытта олар Менің Билеуші ретінде ғаламат құдіретпен, салтанатты ұлылықпен бір бұлтта келе жатқанымды көреді.