1
Жохан 4:24
Zhana Osiet
Құдай-Ол Рух, ондықтан Оған табынатындардың Рух пен шындықта табынғандары аса қажет болып тұр, -деді.
Yenzanisa
Ongorora {{vhesi}}
2
Жохан 4:23
Себебі шынайы табынушылардың уақыты, міне, енді келді және сол сәт басталып та кетті, табынатындар енді Әкеге тек Рухпен және шындықпен ғана табынатын болады, Әке Өзіне тек осылай табынатындарды ғана іздейді.
3
Жохан 4:14
ал Мен беретін судан ішкен әркімнің шөлі қанып, ол мәңгілік шөлдемейтін болады. Себебі Мен берген су оның бойында ағып жататын мәңгілік өмірдің қайнар көзі әрі бастауы болмақ, - деді.
4
Жохан 4:10
Иса әлгі әйелге жауап қатып: -Егер де сен Құдайдың сыйын әрі: «Маған су берші», -деп тұрғанның Кім екенін білген болсаң, өзің Одан су сұрар едің, сонда Ол саған «тірі суды» беруші еді, - деді.
5
Жохан 4:34
Сонда Иса оларға: -Мені Жібергеннің еркін орындап, Оның Маған тапсырған ісін ақырына дейін жеткізіп, оны аяқтау сол маған «азық» болады.
6
Жохан 4:11
Әлгі әйел Исаға: - Мырза, су алатын ыдысың да жоқ, ал құдық болса терең, сол тірі суды қайдан аласың?
7
Жохан 4:25-26
Сол кезде әйел Исаға: -«Мәсіх» деп аталатын «Құтқарушының» келуге тиіс екенін білемін. Ол келген кезде, бізге бәрін ашып айтып береді, - деді. Сонда Иса: -Сенімен сөйлесіп тұрған мына Мен -нақ Соның Өзімін, - деді әйелге.
8
Жохан 4:29
-Менің барлық істеген істерім жайында айтып берген Адамды барып көріңдер! Сол Мәсіх емес пе екен? - деді.
Pekutangira
Bhaibheri
Zvirongwa
Mavideo