1
Лұқа 23:34
Zhana Osiet
Сол кезде Иса: -Әке, олардың осы істеп жатқан істерін кешіре гөр, өйткені олар не істеп жатқандарын білмейді, -деді. Сарбаздар өзара жеребе тастап, оның киімдерін бөлісумен болды.
Yenzanisa
Ongorora {{vhesi}}
2
Лұқа 23:43
Иса оған: -Саған шындықты айтып тұрмын, сен бүгін Менімен бірге жұмақта боласың, - деді.
3
Лұқа 23:42
Осыдан кейін ол: -Иса, Өз Патшалығыңа барғанда, мені есіңе алшы, - деді.
4
Лұқа 23:46
Сол кезде Иса қатты айғайлап: -Әке, Сенің қолыңа рухымды тапсырамын! -деді. Осылай деген соң, Ол жан тапсырды.
5
Лұқа 23:33
Сонымен, олар Маңдайтөбе (Бас сүйек) деп аталатын жерге келген соң, Исаны айқышқа шегеледі, әлгі екі қарақшының біреуін Оның оң жағына, екіншісін Оның сол жағына айқышқа шегелеп, іліп қойды.
6
Лұқа 23:44-45
Сол уақыт шамамен күндізгі сағат алтының кезі болатын, содан сағат тоғызға дейін, бүкіл жерді қара түнек басып, күн де жоғалып кетті, киелі бөлменің шымылдығы ортасынан төмен қарай қақ айырылды.
7
Лұқа 23:47
Осыны көріп тұрған жүзбасы Құдайды мадақтап: -Мына Адам, шынымен, әділетті болған екен! - деді.
Pekutangira
Bhaibheri
Zvirongwa
Mavideo