Матай 6
6
1Мынаған сақ болыңдар: өз әділдіктеріңді адамдардың көзіне түсу үшін істеуші болмаңдар, егер солай істесеңдер, көктегі Әкелеріңнен сендерге ешқандай сый берілмейді.
2Сондықтан жасаған қайырымдылық ісіңді жариялама, синагогалар мен көшелерде адамдардан тек құрмет алу үшін көрсетіп жүрген екіжүзділер сияқты болмаңдар. Сендерге шындықты айтайын: олар осы істерімен алатын сыйларын алып қойды.
3Егер сен мейірімділік істейтін болсаң, оң қолыңмен істегеніңді сол қолың білмейтін болсын,
4сонда жасаған мейірімділігің құпия болады. Сонда сенің осы құпия ісіңді көрген Әкең саған сыйын береді.
5Сонымен қатар, мінәжат еткен кездеріңде, синагогалар мен көше бұрыштарында тұра қалып, адамдардың көзіне түсу үшін мінәжат ететін екіжүзділер сияқты болмаңдар. Сендерге шындықты айтайын: олар да осымен алатын сыйларын алып қойды.
6Сен мінәжат еткен кезіңде, өзіңнің бөлмеңе кіріп, есігіңді жауып ал. Сөйтіп, көзге көрінбейтін Әкеңе мінәжат ет, сонда сенің құпия түрде не істегеніңді көріп тұрған Әкең саған сыйын береді.
7Мінәжат еткен кездеріңде өзге ұлттың халқы секілді бос сөз айта бермеңдер, себебі олар көп сөйлесек, еститін болады деп ойлайды.
8Сондықтан оларға ұқсамаңдар, өйткені Әкелерің сендер сұрамай жатып-ақ неге мұқтаж екендеріңдібіледі.
9Сонымен, сендер былай деп мінәжат етіңдер: -Біздің Көктегі Әкеміз! Сенің атың қастерлі болса берсін!
10Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көкте қалай орындалса, жерде де солай орындалсын!
11Күнделікті нанымызды бүгін де бере гөр.
12Бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей, Сен де біздің қарыздарымызды кешіре гөр.
13Азғырылуымызға жол бермей, зұлымдықтан бізді азат ете гөр. (Патшалық, күш, құдірет және ұлылық Мәңгі Сенікі! Аумин!).
14Егер де сендер адамдардың әділетсіздіктерін кешірсеңдер, онда Көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді.
15Егер сендер адамдардың әділетсіздіктерін кешіре алмасаңдар, онда Көктегі Әкелерің сендерді де кешірмейді.
16Ораза кезінде ораза ұстап жүргендерін көрсетуді қалайтын екіжүзділер сияқты түнеріп жүрмеңдер. Сендерге шындығын айтайын: олар осылай өздерінің алар сыйларын толығымен алып қойды.
17Сен ораза ұстаған кезіңде, жуынып, басыңа иісмай жақ, сол кезде.
18ораза ұстағаныңды адамдар емес, керісінше, жасырын істерді көретін Әкең көрсін, сонда Ол саған жарылқауын береді.
19Өздеріңе байлықты күйе жеп қоятын, тат басып кететін, не ұры қазып алып, ұрлап кететін жер бетінде жинамаңдар.
20Одан да күйе де жемейтін, тат та баспайтын, жоғалмайтын Көкте жинаңдар.
21Себебі байлығың қайда болса, жүрегің де сонда болады.
22Дененің шамы -көз. Егер де көзің таза болса, бүкіл денең жап-жарық болады.
23Егер көзің таза болмаса, бүкіл денеңді түнек басады. Сонымен, жарықтың орнын қара түнек басса, сендегі қара түнектің соншама үлкен болғаны.
24Ешкім де екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды, өйткені біреуін жек көріп, екіншісін жақсы көретін болады немесе біреуін қолдап, екіншісіне немқұрайды қарайды. Сол сияқты Құдайға да, байлыққа да бірдей қызмет ете алмайсыңдар.
25Сондықтан сендерге айтарым: не жеймін, не ішемін деп өмірлеріңнің, не киемін деп тәндеріңнің қамын ойлаушы болмаңдар. Өмір тамақтан, тән киімнен артық емес пе?
26Ештеңе екпейтін, не ормайтын, не қоймаға дән жинамайтын көктегі құстарға назар салыңдаршы. Көктегі Әкелерің оларды да қорексіз қалдырмайды. Алайда сендер олардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?
27Сендердің қайсыларың уайымдаған кездеріңде бойларыңды бір қарыс ұзарта аласыңдар?
28Неге киімдеріңнің қамын соншама уайымдайсыңдар? Даладағы лала гүлінің қалай өсіп тұрғанына назар аударыңдаршы, олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді.
29Сондықтан сендерге айтарым: тіпті, Сүлеймен де өзінің барлық сән-салтанатымен жүрген кездің өзінде дәл осылай киінген емес.
30Егер де бүгін бар, ертең отқа тасталатын даладағы шөпті Құдай солай киіндірсе, сенімдері аз мына сендерді одан да бетер киіндірмей ме?
31Сондықтан не жейміз, не ішеміз, не киеміз деп уайымдамаңдар!
32Өйткені осылардың бәрін тек өзге ұлттық халықтар іздейді, сендердің неге мұқтаж екендеріңді Көктегі Әкелерің біледі.
33Сондықтан, ең алдымен, Құдай Патшалығын және Оның әділдігін іздеңдер, сонда олардың бәрі сендерге қосымша беріледі.
34Сонымен, ертеңгі күннің қамын жемеңдер, өйткені ертеңгі күннің қамы өзінде, себебі әр күннің уайымы өзіне жеткілікті.
Zvasarudzwa nguva ino
Матай 6: ZO
Sarudza vhesi
Pakurirana nevamwe
Sarudza zvinyorwa izvi
Unoda kuti zviratidziro zvako zvichengetedzwe pamidziyo yako yose? Nyoresa kana kuti pinda
© Association Bible Society of Kazakhstan, 2022-2023