1
Жохан 3:16
Киелі кітап
Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады.
Yenzanisa
Ongorora {{vhesi}}
2
Жохан 3:17
Құдай Өзінің рухани Ұлын адамзатты соттауға емес, құтқаруға жіберді.
3
Жохан 3:3
Иса: — Саған өте маңызды шындықты айтып тұрмын: кімде-кім қайтадан туылмаса, Құдайдың Патшалығын көре алмайды, — деді.
4
Жохан 3:18
Оған сенушілер қияметте сотталмайды. Ал Құдайдың жалғыз рухани Ұлына сенбейтіндер әлдеқашан сотталған.
5
Жохан 3:19
Соттың мәні мынадай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді.
6
Жохан 3:30
Мәсіхтің беделі артуға, ал менікі төмендеуге тиіс.
7
Жохан 3:20
Жамандық істеген әркім Нұрды жек көреді және жасаған істері әшкереленбес үшін Нұрға жоламайды.
8
Жохан 3:36
Құдайдың рухани Ұлына сенушілер мәңгілік өмірге ие. Ал Оны тыңдамағандар шынайы өмірді көрмей, Құдайдың төніп тұрған қаһарына ұшырайды.
9
Жохан 3:14
Мұса пайғамбар айдалада мыс жыланды жоғары көтеріп қойған. Дәл солай көктен келген Билеуші де көтеріліп қойылуға тиіс.
10
Жохан 3:35
Әкесі Ұлын сүйіп, Оның қолына бар билікті тапсырған.
Pekutangira
Bhaibheri
Zvirongwa
Mavideo